Шектеу іс-шараларын алып тастау туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 қыркүйек 2024 ж.

    Шектеу іс-шараларын алып тастау туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8)-тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 12 қыркүйектегі №15-4-1/445 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

    1. Қарқаралы ауданы, Мартбек Мамыраев ауылдық округі, Ақжол ауылының аумағында белгіленген бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

    2. Қарқаралы ауданы, Мартбек Мамыраев ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 23 мамырдағы №3 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімі жойылсын.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Мартбек Мамыраев ауылдық округінің әкімі

    К.Тусупов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.