Ұйғыр ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ҚолданыстағыӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Ұйғыр ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37-баптарына сәйкес Ұйғыр ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ұйғыр ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ұйғыр ауданының әкімі

    Б. Елеусизова

    Ұйғыр ауданының әкімі 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 332 қаулысына қосымша

    Ұйғыр ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізімі

    1. Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 28 «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4109 болып тіркелген);

    2. Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы №30 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4106 болып тіркелген);

    3. Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 31 «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4108 болып тіркелген);

    4. Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 29 «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4107 болып тіркелген).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.