«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 323-69), 323-70) және 323-71) тармақшалармен толықтырылсын:
«323-69) органикалық өнімді өткізу сатысында Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
323-70) органикалық өнім өндірісінде қолданылатын рұқсат етілген құралдар тізімін келісу;
323-71) органикалық өнім өндірісі және айналымы қағидаларын келісу;».
2. Осы қаулы 2024 жылғы 12 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
О. Бектенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.