«Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 17-02/566 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 қыркүйек 2024 ж.

    «Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 17-02/566 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 17-02/566 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № № 8181 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығында:

    4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

    «4. Орман орналастыру материалдары бойынша орман орналастыру ұйымы орман иеленушілер үшін орман орналастыру жобасын құрады, ол орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекітілгеннен кейін орман пайдалануды жүргізуге, қазіргі және болашақтағы пайдалануды жоспарлау мен болжауға, орман шаруашылығы мәселелерін шешуге арналған негізгі ұйымдық-шаруашылық құжат болып табылады.

    Орман шаруашылығын жүргізуді регламенттейтін жаңа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу кезінде (Қазақстан Республикасының Орман кодексі 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 Заңы, «Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 18-02/596 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 тамызда № 11894 болып тіркелген), «Ормандарды молықтыру мен орман өсіру және олардың сапасына бақылау жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 18-02/681 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 қаңтарда № 10119 тіркелген), «Ормандардағы санитариялық қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 18-02/1003 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 желтоқсанда № 12394 болып тіркелген), «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 18-02/664 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 қыркүйекте № 11995 болып тіркелген), уәкілетті органның тапсырмасымен орман орналастыру мекемесі бір ай ішінде орман орналастыру жобасына түзетулер енгізеді, ол қолданысқа енгізу жөніндегі барлық рәсімдер сақтала отырып, тапсырыс берушіге беріледі.»;

    7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

    «7. Орман шаруашылығын жүргізуді жүзеге асыратын тұрақты жер пайдалануындағы мемлекеттік орман иеленушілердің мемлекеттік орман қорының (бұдан әрі – МОҚ) жерлері және басқа санаттағы жерлерде табиғи шыққан екпелер орман орналастыру объектісі болып табылады.»;

    18-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

    «18. Тексеру кезеңі далалық орман орналастыру жұмыстары жүргізілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан басталады және бірінші орман орналастыру кеңесінің ұсынысы бойынша белгіленетін кезеңге (10, 15, 20, 25 жыл) жалғасады. Тексеру кезеңі Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерде орман иеленуші алаңының едәуір ұлғаюы немесе азаюы, орман қоры құрылымындағы өзгерістерге әкеп соққан өрттердің, дауылдардың және басқа да табиғи апаттардың әсерінен өзгерістер болған жағдайларда, орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік органның шешімі бойынша Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығына 1-қосымшаның 2-кестесі шегінде түзетіледі.»;

    28-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

    «28. Орман иеленушілерінің мамандары орман орналастыру жұмысының сапасын тұрақты қадағалайды, ай сайын Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығына 2-3 – қосымшаларға сәйкес көрсетілген қызметтердің актісін және нысандар бойынша көрсетілген қызметтерді бағалау актісін құрастырады және атқарылған жұмысты қабылдайды.

    Орман орналастыру жұмыстарын бақылауды және қабылдауды жүзеге асыратын орман иеленушілер, орман иеленушілер жүргізетін басты пайдалану, аралық пайдалану, өзге де кесу, ормандарды молықтыру, өртке қарсы және орман қорғау іс-шараларын жүргізу бөлігінде орман шаруашылығы іс-шараларын тағайындаудың дұрыстығына бірдей дәрежеде жауапты болады.»;

    Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығына 1-қосымшада ғы 13-кесте осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

    3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а.

    Н. Шарбиев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Экология және табиғи

    ресурстар министрінің м.а.

    2024 жылғы 6 қыркүйектегі

    № 203 Бұйрыққа

    қосымша

    Орман орналастыруды

    жүргізу нұсқаулығына

    1-қосымшаға

    13-кесте

    Орман мекемелері бойынша жасалған орман орналастыру материалдарының тізбесі:

    1. Өкілетті органның қарамағындағы мекемелер бойынша

    Ма­те­ри­ал тү­рі
    Бар­лы­ғы
    дай­ын­да­ла­тын,
    да­на
    Ма­те­ри­ал­дар тап­сы­ры­ла­ды, са­ны
    өкі­лет­ті ор­ган­ға
    об­лы­стық
    аумақ­тық ор­ган­ға
    ор­ман ие­ле­ну­ші­сіне
    ор­ман­шы­лық­қа
    ор­ман
    ор­на­ла­сты­ру ұй­ы­мы­на
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    1
    Ор­ман ор­на­ла­сты­ру жо­ба­сы:
    1 Том
    Тү­сін­дір­ме жа­з­ба
    а) ор­ман ме­ке­ме­ле­рі бой­ын­ша
    2
    PDF
    PDF
    1
    -
    1 және PDF
    б) ор­ман­шы­лық­тар үшін
    әр ор­ман­шы­лық­қа
    -
    -
    -
    PDF
    -
    2
    Том 2
    2
    -
    PDF
    1
    -
    1 және PDF
    1 Кі­тап
    Мем­ле­кет­тік ор­ман қо­ры учас­ке­ле­рі­нің си­патта­ма­сы
    Ор­ман ме­ке­ме­ле­рі бой­ын­ша және ор­ман­шы­лық­тар ше­гін­де жиын­тық де­ректер
    2 Кі­тап
    2
    -
    PDF
    1
    -
    1 және PDF
    Ал­да­ғы тек­се­ру ке­зе­ңіне ар­нал­ған ор­ман ша­ру­а­шы­лық ша­ра­лар
    Ор­ман ме­ке­ме­ле­рі бой­ын­ша және ор­ман­шы­лық­тар ше­гін­де жиын­тық де­ректер
    3
    Том 3
    3
    -
    PDF
    1
    1
    1 және PDF
    Мем­ле­кет­тік ор­ман қо­ры учас­ке­ле­рі­нің так­са­ци­я­лық си­патта­ма­сы
    4
    Том 4
    әр ор­ман­шы­лық­қа
    -
    -
    -
    1
    PDF
    Мем­ле­кет­тік ор­ман қо­ры учас­ке­ле­рі­нің си­патта­ма­сы және ор­ман­шы­лық бой­ын­ша жо­ба­ла­на­тын ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы іс-ша­ра­ла­ры
    5
    План­шет­тер
    2
    -
    -
    1
    1
    элек­трон­дық нұс­қа
    6
    Ор­ман­шы­лық­тар бой­ын­ша ал­қа­а­ға­штар­дың план­да­ры, бо­я­л­ған:
    3
    -
    JPEG
    1
    1
    1
    а) тұқым­ды­лар бой­ын­ша
    б) ша­ру­а­шы­лық ша­ра­лар бой­ын­ша
    2
    -
    -
    1
    1
    -
    в) ма­стер­лік учас­ке­лер бой­ын­ша
    әр ма­стер­лік учас­ке­ге
    -
    -
    -
    1
    -
    г) ор­ман ай­на­лым­да­ры бой­ын­ша
    әр ор­ман ай­на­лы­мы­на
    -
    -
    -
    1
    -
    7
    Ал­қа­а­ға­штар­дың бо­ял­ма­ған план­да­ры
    4
    -
    -
    2
    2
    -
    8
    Ор­ман ме­ке­ме­ле­рі­нің кар­та-схе­ма­ла­ры:
    1 және элек­трон­дық нұс­қа
    а) тұқым­ды­лар бой­ын­ша бо­я­л­ған
    2
    -
    1
    1
    -
    -
    б) аумақ­ты өрт­ке қар­сы ор­на­лас-ты­ры­лу бой­ын­ша
    2
    -
    1
    1
    -
    -
    в) бо­ял­ма­ған
    8
    -
    2
    6
    -
    -
    Ескерту: PDF, JPEG – электрондық форматтағы құжат.
    2. коммуналдық меншігіндегі орман мекемелері бойынша
    Ма­те­ри­ал тү­рі
    Бар­лы­ғы дай­ын­да­ла­ты­ны, да­на:
    Ма­те­ри­ал­дар тап­сы­ры­ла­ды, са­ны
    өкі­лет­ті ор­ган­ға
    об­лы­стық аумақ­тық ор­ган­ға
    әкім­дік­тің ор­ман бас­қар­ма­сы­на
    ор­ман ие­ле­ну­ші­сіне
    ор­ман­шы­лық­қа
    ор­ман ор­на­ла­сты­ру ұй­ы­мы­на
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    1
    Ор­ман ор­на­ла­сты­ру жо­ба­сы:
    1 Том
    Тү­сін­дір­ме жа­з­ба
    а) ор­ман ме­ке­ме­сі бой­ын­ша
    2
    PDF
    PDF
    PDF
    1
    -
    1
    б) ор­ман­шы­лық үшін
    әр ор­ман­шы­лық­қа
    -
    -
    -
    -
    PDF
    -
    2
    2 Том
    2
    -
    -
    PDF
    1
    -
    1
    1 Кі­тап
    Мем­ле­кет­тік ор­ман қо­ры учас­ке­ле­рі­нің си­патта­ма­сы
    Ор­ман ме­ке­ме­ле­рі бой­ын­ша және ор­ман­шы­лық­тар ше­гін­де жиын­тық де­ректер
    2 Кі­тап
    2
    -
    -
    PDF
    1
    -
    1
    Ал­да­ғы тек­се­ру ке­зе­ңіне ар­нал­ған ор­ман ша­ру­а­шы­лық ша­ра­лар
    Ор­ман ме­ке­ме­ле­рі бой­ын­ша және ор­ман­шы­лық­тар ше­гін­де жиын­тық де­ректер
    3
    3 Том
    3
    -
    PDF
    PDF
    1
    1
    1
    Мем­ле­кет­тік ор­ман қо­ры учас­ке­ле­рі­нің так­са­ци­я­лық си­патта­ма­сы
    4
    4 Том
    әр ор­ман­шы­лық­қа
    -
    -
    -
    -
    1
    -
    Мем­ле­кет­тік ор­ман қо­ры учас­ке­ле­рі­нің си­патта­ма­сы және ор­ман­шы­лық бой­ын­ша жо­ба­ла­на­тын ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы іс-ша­ра­ла­ры
    5
    План­шет­тер
    2
    -
    -
    -
    1
    1
    элек­трон­дық нұс­қа
    6
    Ор­ман­шы­лық­тар бой­ын­ша ал­қа­а­ға­штар­дың план­да­ры, бо­я­л­ған:
    3
    -
    JPEG
    JPEG
    1
    1
    1
    а) тұқым­ды­лар бой­ын­ша
    б) ша­ру­а­шы­лық ша­ра­лар бой­ын­ша
    4
    -
    1
    1
    1
    1
    -
    в) ма­стер­лік учас­ке­лер бой­ын­ша
    әр ма­стер­лік учас­ке­ге
    -
    -
    -
    -
    1
    -
    г) ор­ман ай­на­лым­да­ры бой­ын­ша
    әр ор­ман ай­на­лы­мы­на
    -
    -
    -
    -
    1
    -
    7
    Ал­қа­а­ға­штар­дың бо­ял­ма­ған план­да­ры
    4
    -
    -
    JPEG
    2
    2
    -
    8
    Ор­ман ме­ке­ме­ле­рі­нің кар­та-схе­ма­ла­ры:
    2
    -
    JPEG
    JPEG
    1
    -
    1 және элек­трон­дық нұс­қа
    а) тұқым­ды­лар бой­ын­ша бо­я­л­ған
    б) аумақ­ты өрт­ке қар­сы ор­на­лас-ты­ры­лу бой­ын­ша
    1
    -
    JPEG
    JPEG
    1
    -
    -
    в) бо­ял­ма­ған
    6
    -
    -
    JPEG
    6
    -
    -
    9
    Об­лыс (өңір)бой­ын­ша ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғын ұй­ым­да­сты­ру мен жүр­гі­зу­дің негіз­гі қа­ғи­да­ла­ры
    -
    PDF
    PDF
    PDF
    PDF
    PDF
    PDF
    10
    Об­лыс бой­ын­ша жиын­тық ор­ман ор­на­ла­сты­ру жо­ба­сы:
    1) тү­сін­дір­ме жа­з­ба
    2
    1 және PDF
    PDF
    PDF
    -
    -
    1 және элек­трон­дық нұс­қа
    2) об­лыс ор­ман­да­ры­ның тұқым­да­ры бой­ын­ша бо­я­л­ған кар­та­сы
    4
    1 және JPEG
    1
    1
    -
    -
    1
    3) МОҚ са­нат­та­ры бой­ын­ша бо­я­л­ған об­лыс ор­ман­да­ры­ның кар­та­сы
    4
    1 және JPEG
    1
    1
    -
    -
    1
    Ескерту: PDF, JPEG – электрондық форматтағы құжат.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.