«Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12656 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары:
3-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірінші кезеңде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері (аумақтық бөлімшелер) объективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызады:»;
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Екінші кезеңде аумақтық бөлімшелер объективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызады:»;
16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде аумақтық бөлімшелер талдауға және бағалауға жататын субъективті өлшемшарттар бойынша деректерді қалыптастырады.»;
22-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Аумақтық бөлімше осы Өлшемшарттардың 15-тармағына сәйкес көздерден субъективті өлшемшарттар бойынша ақпарат жинайды және деректер базасын қалыптастырады.»;
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуына қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесінде:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
4
|
Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы аумақтық бөлімшеге хабарлау
|
Өрескел
»;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік органдарға, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының және Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағында:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
|
|
2
|
Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы аумақтық бөлімшеге хабарлау
|
»;
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметттік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру.
3. Осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
__________ С. Жақыпова
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі
__________ Н. Байбазаров
КЕЛІСІЛДІ
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу комитеті
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.