Орал қаласы бойынша 2024 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 қыркүйек 2024 ж.

    Орал қаласы бойынша 2024 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Ішкі су көлігі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 154 «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылар шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11763 тіркелген) бұйрығына сәйкес, және әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттарды субсидиялау жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде, Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Орал қаласы бойынша 2024 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесі бекітілсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Орал қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Орал қаласы әкімінің міндетін атқарушы

    А. Халелов

    әкімінің орынбасары

    2024 жылғы 11 қыркүйектегі

    № 2125 қаулысына

    қосымша

    Орал қаласы бойынша 2024 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесі

    Маршруттардың атауы
    1
    Орал қаласы – «Учужный затон» бау-бақша серіктестігі – Орал қаласы
    2
    Орал қаласы – «Барбастау» бау-бақша серіктестігі – Орал қаласы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.