Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
О. Бектенов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы;
2) Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті;
3) Әкімшілік полиция комитеті;
4) Көші-қон қызметі комитеті;
5) Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті.».
3. Қызмет бабында пайдалану үшін.
____________
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.