Шектеу іс-шараларын алып тастау туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 тамыз 2024 ж.

    Шектеу іс-шараларын алып тастау туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8)-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2024 жылғы 19 тамыздағы №15-4-1/400 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

    1. Қарқаралы ауданы, Угар ауылдық округі, Ақбұлақ елді мекенінде орналасқан «Бірлік» шаруа қожалығының жайылымы аумағында белгіленген «Жылқы ринопневмония» ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

    2. Қарқаралы ауданы, Угар ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 14 маусымдағы №1 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімі жойылсын.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Угар ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы

    Н.Капитан

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.