«Алтай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Алтай ауданының мәслихатының 2024 жылғы 6 наурыздағы № 12/4-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 қыркүйек 2024 ж.

    «Алтай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Алтай ауданының мәслихатының 2024 жылғы 6 наурыздағы № 12/4-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Алтай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Алтай ауданының мәслихатының 2024 жылғы 6 наурыздағы № 12/4-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8963-16 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенiмхатқа, заңға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Қағидаларға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгінеді.

    Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Алтай ауданының мәслихат төрағасы

    Л. Гречушникова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.