«Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2024 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 наурыздағы № 187 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2024 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 наурыздағы № 187 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2024 жылға арналған тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:
«
|
3.
|
«Қызылорда – Павлодар –Успенка – Ресей Федерациясы шекарасы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының ұзындығы 412 км 12 – 424 км «Қызылорда – Жезқазған» учаскесін, оның ішінде 216+000 – 424+000 км учаскесін (Ұлытау облысы) реконструкциялау
|
158674332 000 теңге
|
2024 – 2044
|
139633412 000 теңгеге дейін
|
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
|
Азия Даму Банкі
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
О. Бектенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.