Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 28 тамыз 2024 ж.
«Алматы қаласындағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, сондай-ақ арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындау туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 462 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Алматы қаласындағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, сондай-ақ арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындау туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 462 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1622 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасындағы:
2-тармақта:
реттік нөмірі 2.2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
2.2.
|
«Сары Арқа» кинотеатрының артындағы гүлзар
|
Аумақта:
- жасанды жарықтандыру;
- электр энергиясын қосуға арналған нүкте;
- бейнебақылау және бейнетіркеу камералары;
- 20 тұрақ орны (1 кіру, 1 шығу) бар.
|
1 000 адамнан артық емес
»;
реттік нөмірі 3.3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
|
3.3.
|
Амангелді Иманов атындағы саябақ
|
Аумақта:
- жасанды жарықтандыру;
- электр энергиясын қосуға арналған нүкте;
- бейнебақылау және бейнетіркеу камералары;
- 20 тұрақ орны (1 кіру, 1 шығу) бар.
|
500 адамнан артық емес
»;
реттік нөмірі 4.4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
|
4.4.
|
Юрий Гагарин даңғылынан бастап Жамбыл Жабаев көшесінің бойымен Сәбит Мұқанов көшесіне дейін
|
Аумақта:
- көше бойында жарықтандыру;
- бейнебақылау және бейнетіркеу камералары бар.
|
1 000 адамнан артық емес
».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Алматы қаласы мәслихатының төрағасы
М. Отыншиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.