Ақтоғай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтоғай ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) 2003 жылғы 27 наурыздағы № 03/22 «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қоғамдық жұмыстармен айналысатын азаматтардың еңбегiне ақы төлеу нұсқаулығы туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1172 болып тіркелді);
2) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 18/37 «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-10-129 болып тіркелді).
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтоғай ауданының әкімі
А. Аманжолов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.