Цифрлық эфирлік таратумен телехабар қамтылмайтын әкімшілік-аумақтық бірліктер тізбесін айқындау туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 тамыз 2024 ж.

    Цифрлық эфирлік телехабар таратумен қамтылмайтын әкімшілік-аумақтық бірліктер тізбесін айқындау туралы

    «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 69-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Цифрлық эфирлік телехабар таратумен қамтылмайтын әкімшілік-аумақтық бірліктер тізбесі айқындалсын.

    2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

    А. Балаева

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Цифрлық даму, инновациялар және

    аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Мәдениет және ақпарат министрінің

    2024 жылғы «__» __________

    № __ бұйрығына

    қосымша

    Цифрлық эфирлік телехабар таратумен қамтылмайтын әкімшілік-аумақтық бірліктер тізбесі

    Об­лы­стың ата­уы
    Аудан­ның ата­уы
    Әкім­ші­лік-аумақ­тық бір­лік­тің ата­уы
    1
    2
    3
    4
    1
    Абай
    Абай
    Ай­на­бұ­лақ ауы­лы
    2
    Абай
    Абай
    Ме­деу ауы­лы
    3
    Абай
    Абай
    Ор­да ауы­лы
    4
    Абай
    Ая­гөз
    Емел­тау ауы­лы
    5
    Абай
    Ая­гөз
    Жор­ға ауы­лы
    6
    Абай
    Жа­ңа­се­мей
    Ақ­бұ­лақ ауы­лы
    7
    Абай
    Жа­ңа­се­мей
    Қа­ра­ө­лең ауы­лы
    8
    Абай
    Жа­ңа­се­мей
    Та­ңат ауы­лы
    9
    Абай
    Жар­ма
    Қа­ра­су ауы­лы
    10
    Ақ­мо­ла
    Бір­жан сал
    Арай ауы­лы
    11
    Ақ­мо­ла
    Бір­жан сал
    Бе­ла­ғаш ауы­лы
    12
    Ақ­мо­ла
    Бу­ра­бай
    Мез­гіл­сор ауы­лы
    13
    Ақ­мо­ла
    Сан­дық­тау
    Бел­го­род­ское ауы­лы
    14
    Ақ­мо­ла
    Сан­дық­тау
    Hо­во­доб­рин­ка ауы­лы
    15
    Ақ­мо­ла
    Сан­дық­тау
    Пре­об­ра­жен­ка ауы­лы
    16
    Ақ­мо­ла
    Сан­дық­тау
    Раз­доль­ное ауы­лы
    17
    Ба­тыс Қа­зақ­стан
    Бәй­те­рек
    Сұ­лу көл ауы­лы
    18
    Ба­тыс Қа­зақ­стан
    Қа­ра­т­ө­бе
    Ақ­тай ауы­лы
    19
    Ба­тыс Қа­зақ­стан
    Шың­ғыр­лау
    Бе­ло­гор­ка ауы­лы
    20
    Қы­зы­лор­да
    Арал
    Жі­ңіш­ке­кұм ауы­лы
    21
    Қы­зы­лор­да
    Арал
    Қо­са­ман ауы­лы
    22
    Қы­зы­лор­да
    Арал
    Саз­ды ауы­лы
    23
    Қы­зы­лор­да
    Қа­за­лы
    Шә­кен ауы­лы
    24
    Шы­ғыс Қа­зақ­стан
    Ал­тай
    До­род­ни­ца ауы­лы
    25
    Шы­ғыс Қа­зақ­стан
    Күр­шім
    Ша­ға­нат­ты ауы­лы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.