2024 жылға мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    ҚолданыстағыӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    2024 жылға мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2 - тармағының 8-5) тармақшасына, «Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №532 бұйрығына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жетісу облысының 2024 жылға бюджет қаражатының көлемдері шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    Б. Исабаев

    Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы «___» ________ №_____ қаулысына қосымша

    Жетісу облысының 2024 жылға бюджет қаражатының көлемдері шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы

    Мамандар
    Балалар саны
    Жеке сабақтар
    (1 сағат, теңге)
    Кіші топтық сабақтар (1 сағат, теңге)
    Топтық сабақтар
    (1 сағат, теңге)
    Психолог
    119
    6937
    2465
    1187
    Логопед
    178
    7320
    2593
    1242
    Дефектолог
    159
    7450
    2636
    1260
    Тифлопедагог
    2
    7421
    2626
    1256
    Сурдопедагог
    1
    7291
    2583
    1238
    ЕДШ нұсқаушысы
    9
    6942
    2516
    1251

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.