Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық- өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің телнұсқасын және жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін жеделдетіп дайындау және беру жөніндегі қызметтерге бағалар прейскурантын бекіту туралы
«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 70-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің телнұсқасын және жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін жеделдетіп дайындау және беру жөніндегі қызметтерге бағалар прейскуранты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты
Е. Саденов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігі
_____________________________
2024 жылғы «_____»___________
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2024 жылғы
№ бұйрығымен бекітілген
Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің телнұсқасын және жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінжеделдетіп дайындау және беру жөніндегі қызметтерге БАҒАЛАР ПРЕЙСКУРАНТЫ
|
Дайындау мерзімі
|
ҚҚС-ны есепке алмағандағы баға (теңге)
|
|
Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Қызылорда, Түркістан, Талдықорған, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Орал, Өскемен қалалары үшін:
|
|
|
Мерзімділігі 1-санатты – 1 (бір) жұмыс күнінде (өтініштер мен құжаттарды қабылдау, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру күндері мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді)
|
13 773,9
|
|
Жезқазған, Қонаев, Көкшетау қалалары үшін, сондай-ақ аудандар мен облыстық деңгейдегі қалалар үшін:
|
|
|
Мерзімділігі 2-санатты – 5 (бес) жұмыс күні ішінде (өтініштер мен құжаттарды қабылдау, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру күндері мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді)
|
19 436,51
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.