Зайсан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 11-4/4 «Зайсан ауданында мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зайсан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 11-4/4«Зайсан ауданында мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 24653 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Зайсан ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.»;
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу үшін қажетті құжаттар шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасында белгіленген тізбеге сәйкес ұсынылады.».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Е. Загипаров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.