«Денсаулық сақтау саласында цифрландыруды дамытудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1080 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 тамыз 2024 ж.

    «Денсаулық сақтау саласында цифрландыруды дамытудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1080 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Денсаулық сақтау саласында цифрландыруды дамытудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1080 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2024 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімге кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.»;

    5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс, бұл ретте осы қаулының 2 және 4-тармақтары 2024 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданылады.».

    2. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.