Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақы белгілеу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 тамыз 2024 ж.

    Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақы белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 5-тармағы 3) тармақшысына сәйкес, Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Сырым ауданының әкімдігі айқындаған тәртібі мен шарттарында Сырым ауданы әкімдігі Сырым аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен 60 пайыз мөлшерінде ынталандыру үстемеақылары белгіленсін.

    2. Ынталандыру үстемеақы Сырым ауданы әкімдігі Сырым аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысына, заңгер-кеңесшіге, психологқа, дінтанушы (теолог)-кеңесшіге, кеңесшілерге төленсін.

    3. Осы шешім 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді

    Мәслихат төрағасы

    Ш.Дуйсенгалиева

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.