Шектеу іс-шараларын тоқтату және Қазығұрт ауданы Қызылқия ауылы округі әкімінің 2024 жылғы 11 шілдедегі № 71 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабының 1 тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекция басшысының 2024 жылғы 23 тамыздағы № 08-02-07/246 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қызылқия ауылы округі, Қызылсеңгір елді мекені, Қонаев № 36, 40, 44, 49А, Қалниязов № 31, 35, 36, 39, 41, 40 А, Құрымбаев № 14, 23 тұрғын үйлердің аумағына «Бруцеллез» ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қазығұрт ауданы Қызылқия ауылы округі әкімінің 2024 жылғы 11 шілдедегі №71 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауыл округінің әкімі
Б.Махсутов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.