«Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды қарау, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге инвестициялық келісімдер жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасу және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 389 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 қыркүйек 2024 ж.

    «Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды қарау, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге инвестициялық келісімдер жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасу және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 389 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды қарау, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге инвестициялық келісімдер жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасу және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 389 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30836 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    кіріспе жана редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеінің 15-тармағының 321-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды қарау, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге инвестициялық келісімдер жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасу және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларында:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды жіберу және қарау, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге инвестициялық келісімдер жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы тиісті шарттар жасасу және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді белгілеу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 321-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды жіберу және қарау, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге инвестициялық келісімдер жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы тиісті шарттар жасасу және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді белгілеу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемдері мен мерзімдерінің тәртібін айқындайды.»;

    2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «2. «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-9-бабының 1-тармағына сәйкес отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісімдер жылу және электр энергиясын генерациялайтын негізгі жабдыққа қатысты республикалық маңызы бар қалалардағы, құрамында электр станциялары жұмыс істейтін, соның ішінде жылу және электр энергиясын аралас өндіруді жүзеге асыратын жұмыс істеп тұрған (бұрыннан бар) энергия өндіруші ұйымдармен ғана жасалады.»;

    3-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа 11) тармақшамен толықтырылсын:

    «11) жобаны дайындау және іске асырудың жоспар-кестесі (бұдан әрі – жоспар-кесте) – есепті көрсеткіштерді айқындайтын және энергия өндіруші ұйымның бірінші басшысы бекітетін іздестіру, логистикалық, құрылыс-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарын іске асыру мерзімдерін көздейтін инвестициялық келісімді іске асырудың егжей-тегжейлі кестесі.»;

    7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «7. Инвестициялық бағдарламалар Нарық кеңесі қарайтын кезеңде өзгертілуге жатпайды.

    Уәкілетті орган энергия өндіруші ұйыммен отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық келісім жасасу (жасасудан бас тарту) туралы шешім қабылдаған кезеңде энергия өндіруші ұйым тиісті инвестициялық бағдарламаға іс-шараның техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің өзгергендігін растайтын құжаттар негізінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өзгерістер енгізу осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген тәртіппен жүргізіледі.

    Бұл ретте энергия өндіруші ұйымдар отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның техникалық-экономикалық негіздемесіне нарық кеңесінің және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын қайта алады.»;

    15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «15. Нарық кеңесі инвестициялық бағдарламаны, осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды, Қорытындыны Нарық кеңесіне енгізілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қағаз және электрондық жеткізгіште уәкілетті органға енгізеді.»;

    26-тармақта:

    3) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

    «3) тиісті инвестициялық қарыздар бойынша төленетін сыйақыны қоса алғанда, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарлама шеңберінде жылу және электр энергиясын генерациялайтын негізгі жабдыққа қатысты инвестицияларды қайтару ескеріле отырып, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі (айлармен) және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі есепке алынып, жылдар бойынша ауыспалы шама ретіндегі электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф қамтылады.

    Егер отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғылар кезекпен және (немесе) кезең-кезеңмен және (немесе) іске қосу кешендерімен енгізілсе, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке тарифтер пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының көлемдеріне байланысты айқындалады;»;

    6) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

    «6) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі тиісті іс-шаралар туралы мәліметтер;

    мынадай мазмұндағы жаңа 7) тармақшамен толықтырылсын:

    «7) жоспар-кесте.»;

    осы бұйрыққа 1 және 2 қосымша ларға сәйкес 1 және 2 қосымша лары жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрі

    А. Саткалиев

    Қазақстан Республикасы

    Энергетика министрі

    2024 жылғы 3 қыркүйектегі

    № 310 Бұйрыққа

    1-қосымша

    Отынның баламалы түрі ретінде

    газ пайдаланылатын

    генерациялайтын

    қондырғыларды сала отырып

    жаңғырту, реконструкциялау

    және (немесе) кеңейту жөніндегі

    инвестициялық

    бағдарламаларды қарау,

    отынның баламалы түрі ретінде

    газ пайдаланылатын

    генерациялайтын

    қондырғыларды салу арқылы

    жаңғыртуға,

    реконструкциялауға және

    (немесе) кеңейтуге

    инвестициялық келісімдер

    жасасу, электр қуатының

    әзірлігін ұстап тұру бойынша

    көрсетілетін қызметті сатып алу

    туралы тиісті шарттар жасасу

    және осы шарттар үшін электр

    қуатының әзірлігін ұстап тұру

    бойынша көрсетілетін қызметке

    жеке тарифтерді, электр

    қуатының әзірлігін ұстап тұру

    бойынша көрсетілетін қызметті

    сатып алудың көлемдері мен

    мерзімдерін белгілеу

    қағидаларына

    1-қосымша

    Нысан

    Баламалы отын түрі ретінде газды пайдалана отырып, генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шаралар туралы ақпарат

    1. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде іске асырылуы жоспарланатын іс-шараларды қамтитын электр станциясының атауы (атауын көрсету).

    2. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде іске асырылуы жоспарланатын іс-шаралар туралы жалпы ақпарат*.

    Іс-ша­ра­ның ата­уы
    Іс-ша­ра­ның ба­ста­лу кү­ні (айы, жы­лы)
    Іс-ша­ра­ның аяқ­та­лу кү­ні (айы, жы­лы)
    Құ­ны, (млн. тең­ге)
    Іс­ке қо­сы­ла­тын негіз­гі ге­не­ра­ци­я­ла­у­шы жаб­дық­тың тех­ни­ка­лық па­ра­метр­ле­рі
    Бел­гі­лен­ген электр қу­а­ты, (МВт)
    Бел­гі­лен­ген жы­лу қу­а­ты, (Гкал/с)
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    Жұ­мыс іс­теп тұр­ған (қол­да­ны­с­та­ғы) электр стан­ци­я­сы­ның жұ­мыс іс­теп тұр­ған негіз­гі ге­не­ра­ци­я­лай­тын жабды­ғын ауы­сты­ру
    1.
    2.
    Жұ­мыс іс­теп тұр­ған (қол­да­ны­с­та­ғы) электр стан­ци­я­сы­ның бұ­рын пай­да­ла­ну­дан шы­ға­ры­л­ған негіз­гі ге­не­ра­ци­я­лай­тын жабды­ғын қал­пы­на кел­ті­ру
    1.
    2.
    Жұ­мыс іс­теп тұр­ған (қол­да­ны­с­та­ғы) электр стан­ци­я­сын­да қо­сым­ша негіз­гі ге­не­ра­ци­я­лай­тын жаб­дық­ты ен­гі­зу (ке­ңей­ту)
    1.
    2.
    Қол­да­ны­с­та­ғы (бұ­рын­нан бар) электр стан­ци­я­сын жаң­ғыр­ту, ре­кон­струк­ци­я­лау және (неме­се) ке­ңей­ту, қол­да­ны­с­та­ғы отын­ның ба­ла­ма­лы тү­рі ре­т­ін­де га­з­ды пай­да­ла­на оты­рып, ге­не­ра­ци­я­лай­тын қон­дыр­ғы­лар са­лу (негіз­гі жы­лу және электр энер­ги­я­сын өн­ді­ре­тін жаб­дық­қа қа­ты­сты)
    1.
    2.
    Ескертпе:
    * - кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі шамада дәл көрсетіледі.»;
    3. Электр станциясының (атауын көрсету) инвестициялық бағдарламаны іске асырғанға дейінгі және кейінгі жұмыс параметрлері туралы ақпарат *.
    Бел­гі­лен­ген қу­а­ты
    Ор­та­ша жыл­дық қол­да бар қу­ат
    Шар­тты отын­ды боса­ту­ға жұм­са­ла­тын мен­шік­ті шы­ғыс**
    Электр (МВт)
    Жы­лу (Гкал/с)
    Электр (МВт)
    Жы­лу (Гкал/с)
    Электр энер­ги­я­сы (отын­ның үле­стік шы­ғы­сы/кВтс)
    Жы­лу энер­ги­я­сы (отын­ның үле­стік шы­ғы­сы/Гкал)
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    Ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­ны іс­ке асыр­ған­ға дей­ін
    1.
    Ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­ны іс­ке асыр­ған­нан кей­ін
    2.
    Ескертпе:
    * - кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі шамада дәл көрсетіледі.
    ** - электр станциясының номиналды жұмыс режимінде.
    4. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде электр станциясына (атауын көрсету) инвестициялық салымдарды қайтару туралы ақпарат *.
    Электр қу­а­тын әзір­лік­те ұстап тұ­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­ме­тіне же­ке та­риф, мың тең­ге/(МВт*ай)
    Электр қу­а­тын әзір­лік­те ұстап тұ­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­ме­ті­нің кө­ле­мі, МВт
    Электр қу­а­тын әзір­лік­те ұстап тұ­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­ме­тін са­тып алу мер­зі­мі, жыл
    Жыл сай­ын­ғы қа­жет­ті қай­та­рым дең­гейі, мың тең­ге/жыл
    1
    2
    3
    4
    5
    1.
    Ескертпе:
    * - кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі шамада дәл көрсетіледі.
    5. Инвестициялық бағдарлама бойынша құжаттар мен материалдар:
    1) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның техникалық-экономикалық негіздемесі;
    2) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның техникалық-экономикалық негіздемесіне ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы;
    3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы.

    Қазақстан Республикасы

    Энергетика министрі

    2024 жылғы 3 қыркүйектегі

    № 310 Бұйрыққа

    2-қосымша

    Отынның баламалы түрі ретінде

    газ пайдаланылатын

    генерациялайтын

    қондырғыларды салу арқылы

    жаңғырту, реконструкциялау

    және (немесе) кеңейту жөніндегі

    инвестициялық

    бағдарламаларды қарау,

    отынның баламалы түрі ретінде

    газ пайдаланылатын

    генерациялайтын

    қондырғыларды салу арқылы

    жаңғыртуға,

    реконструкциялауға және

    (немесе) кеңейтуге

    инвестициялық келісімдер

    жасасу, электр қуатының

    әзірлігін ұстап тұру бойынша

    көрсетілетін қызметті сатып алу

    туралы тиісті шарттар жасасу

    және осы шарттар үшін электр

    қуатының әзірлігін ұстап тұру

    бойынша көрсетілетін қызметке

    жеке тарифтерді, электр

    қуатының әзірлігін ұстап тұру

    бойынша көрсетілетін қызметті

    сатып алудың көлемдері мен

    мерзімдерін белгілеу

    қағидаларына

    2-қосымша

    Нысан

    Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық келісім

    __________________________ (қол қойылған қала)

    20 ___ ж. «____» ________________ (жасалған күні)

    ________________________________________________________________________, (мемлекеттік органның атауы)

    бұдан әрі «уәкілетті орган» деп аталып,

    ___________________________________________, _________ (ереже немесе бұйрық)

    _________________________негізінде әрекет ететін_____________________________

    ____________________________________________________ атынан, бірінші тараптан, (уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.)

    және ____________________________________________________________________, (энергия өндіруші ұйымның атауы)

    бұдан әрі «Энергия өндіруші ұйым» деп аталып,

    _____________________________________________, _______(жарғы немесе сенімхат)

    __________________________негізінде әрекет ететін____________________________

    ___________________________________________________________________атынан (уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.)

    екінші тараптан, әрі қарай бірлесін «Тараптар» деп аталып, «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған осы инвестициялық келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасты.

    1. Келісім Тараптардың отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейтуге міндеттемелер мен құқықтарды көздейді.

    2. Энергия өндіруші ұйым мынаған:

    1) осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес және жоспар-кестеге отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаны іске асыруды міндеттенеді;

    2) жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей, уәкілетті органға тәуелсіз энергетикалық сараптамамен расталған, осы Келісімге 2-қосымшада көрсетілген көрсеткіштерге (индикаторларға) қол жеткізгені туралы есепті ұсынуға;

    3) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін өзінің интернет-ресурсында және энергетиканың цифрлық платформасында растайтын құжаттарды (шарттар, орындалған жұмыстар актілері, қабылдау-беру актілері, шот-фактуралар және т.б.) жариялай отырып, жоспар-кестені іске асыру туралы есепті орналастыруға міндетті.

    3. Энергия өндіруші ұйым мыналарға:

    1) Заңға және Келісімге сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы алуға;

    2) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Келісімге сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

    4. Уәкілетті орган мыналарға:

    1) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге инвестициялық келісім жасалған жағдайда, Келісімге 3-қосымшаға сәйкес мыналарды белгілеуге:

    жеке тарифтердің осы жылдарға сәйкес орташа өлшенген мәндерімен ұсынылған жылдар бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифті;

    электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемінің осы жылдарға сәйкес сомаларымен ұсынылған жылдар бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемін;

    электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімінің ең көбі болып ұсынылған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімін белгілеуге міндеттенеді;

    2) Келісім үшін әрбір жылға мынадай көрсеткіштер бойынша мынадай нысаналы индикаторларды: электр және (немесе) жылу энергиясын босатуға арналған шартты отынның үлестік шығыстарын; қолда бар электр қуатын; негізгі генерациялайтын жабдықтың қызмет ету мерзімін; негізгі генерациялайтын жабдықтың жұмыс істеу мерзімін, тозу дәрежесін; экологиялық көрсеткіштерді белгілеуге міндеттенеді;

    3) Келісімде белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген, сондай-ақ Келісімге 1-қосымшада көрсетілген жаңартулар жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын іске асыру мерзімдері бұзылған жағдайда, осы Келісімді бұзуға не электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифті, жүйелік операторды хабардар ете отырып, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемі мен мерзімдерін өзгертуге;

    4) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін тартылған негізгі борыш сомасы ұлғайған жағдайда, Келісімді іске асырудың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифке түзету жүргізілсін;

    5. Уәкілетті орган мыналарға:

    1) энергия өндіруші ұйымнан осы Келісім бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалғанын растайтын ақпарат пен құжаттарды сұратуға және алуға;

    2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Келісімге сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

    6. Келісімде реттелмеген барлық мәселелер бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын және азаматтық заңнаманы басшылыққа алады.

    7. Келісім бойынша даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі. Дауларды келіссөздер арқылы реттеу мүмкін болмаған кезде, мұндай даулар сот тәртібімен шешіледі.

    8. Келісімнің ережелеріне, Келісімді орындау процесінде қандай да бір Тарап алған немесе сатып алған ақпаратқа Тараптардың шешімі бойынша құпия сипат беріледі.

    9. Құпия ақпарат Тараптардың бірі екінші Тараптың келісімінсіз мынадай:

    1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сот немесе құқық қорғау органдарының сұрау салуларына ақпарат ұсынатын;

    2) ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық және өзге де есептілікті алуға құқылы мемлекеттік органдарға берілетін жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға бермейді.

    10. Келісімнің күшіне енген күні оған қол қойылған күн болып табылады.

    11. Келісім мына мерзімге жасалды________ (___) жыл.

    12. Тараптар екіжақты келісім бойынша жазбаша нысанда қосымша келісімдер жасасу арқылы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

    13. Барлық қосымша келісімдерге Тараптардың өкілетті өкілдері қол қояды.

    14. Келісім бойынша кез келген хат алмасу мынадай мекенжайлар бойынша жіберіледі:

    Уәкілетті орган.___________________________________

    Энергия өндіруші ұйым _____________________________

    15. Келісім мынадай:

    1) қолданылу мерзімі аяқталған;

    2) бұзылған;

    3) сот шешімі;

    4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында, азаматтық заңнамада және Келісімде көзделген өзге де жағдайларда күшін тоқтатады.

    16. Тараптардың заңды мәртебесінің не ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруі Келісімнің қолданысын тоқтатпайды және Келісім бұзылған, Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгеретін не құқық нормалары оны қайта ресімдеуді талап ететін жағдайларды қоспағанда, барлық құқықтар мен міндеттер тиісті құқық мирасқорларына ауысады. Бұл ретте Тараптар бір-бірін құқықтық мәртебесінің, орналасқан жерінің және өзге де деректемелерінің өзгергені туралы осы оқиғалар басталған күннен бастап бір айлық мерзімде жазбаша нысанда хабардар етеді.

    17. Келісім Тараптардың әрқайсысы үшін және бірдей заңды күші бар екі түпнұсқа данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды.

    18. Энергия өндіруші ұйымның жауапкершілігі: Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлеген тәртiппен жауапты болады.

    Уәкілетті орган:
    Энергия өндіруші ұйым:
    ________________________
    ______________________________
    ________________________
    ______________________________

    Отынның баламалы түрі ретінде

    газ пайдаланылатын генерациялайтын

    қондырғыларды салу арқылы жаңғырту,

    реконструкциялау және (немесе)

    кеңейту жөніндегі инвестициялық

    келісім нысанына

    1-қосымша

    Нысан

    Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарлама

    1. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде іске асырылуы жоспарланатын іс-шараларды қамтитын электр станциясының атауы (атауын көрсету).

    2. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде іске асырылуы жоспарланатын іс-шаралар туралы жалпы ақпарат*.

    Іс-ша­ра­ның ата­уы
    Іс-ша­ра­ның ба­ста­лу кү­ні (айы, жы­лы)
    Іс-ша­ра­ның аяқ­та­лу кү­ні (айы, жы­лы)
    Құ­ны, (мил­ли­он тең­ге)
    Іс­ке қо­сы­ла­тын негіз­гі ге­не­ра­ци­я­ла­у­шы жаб­дық­тың тех­ни­ка­лық па­ра­метр­ле­рі
    Бел­гі­лен­ген электр қу­а­ты, (ме­га­ватт)
    Бел­гі­лен­ген электр қу­а­ты, (ме­га­ватт)
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    Жұ­мыс іс­теп тұр­ған (қол­да­ны­с­та­ғы) электр стан­ци­я­сы­ның жұ­мыс іс­теп тұр­ған негіз­гі ге­не­ра­ци­я­лай­тын жабды­ғын ауы­сты­ру
    1.
    2.
    ..
    Жұ­мыс іс­теп тұр­ған (қол­да­ны­с­та­ғы) электр стан­ци­я­сы­ның бұ­рын пай­да­ла­ну­дан шы­ға­ры­л­ған негіз­гі ге­не­ра­ци­я­лай­тын жабды­ғын қал­пы­на кел­ті­ру
    1
    2
    ..
    Жұ­мыс іс­теп тұр­ған (қол­да­ны­с­та­ғы) электр стан­ци­я­сын­да қо­сым­ша негіз­гі ге­не­ра­ци­я­лай­тын жаб­дық­ты ен­гі­зу (ке­ңей­ту)
    1
    2
    ..
    Қол­да­ны­с­та­ғы (қол­да­ны­с­та­ғы) электр стан­ци­я­сын жаң­ғыр­ту, ре­кон­струк­ци­я­лау және (неме­се) ке­ңей­ту, қол­да­ны­с­та­ғы отын­ның ба­ла­ма­лы тү­рі ре­т­ін­де га­з­ды пай­да­ла­на оты­рып, ге­не­ра­ци­я­лай­тын қон­дыр­ғы­лар са­лу (негіз­гі жы­лу және электр энер­ги­я­сын өн­ді­ре­тін жаб­дық­қа қа­ты­сты)
    1
    2
    ..
    Ескертпе:
    * кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі шамада дәл көрсетіледі.
    3. Электр станциясының (атауын көрсету) инвестициялық бағдарламаны іске асырғанға дейінгі және кейінгі жұмыс параметрлері туралы ақпарат *.
    Бел­гі­лен­ген қу­а­ты
    Ор­та­ша жыл­дық қол­да бар қу­ат
    Боса­ту­ға жұм­са­ла­тын шар­тты отын­ның үле­стік шы­ғыс**
    Электр (ме­га­ватт)
    Жы­лу (ги­га­ка­ло­рия/сағ)
    Электр (ме­га­ватт)
    Жы­лу (ги­га­ка­ло­рия/сағ)
    электр энер­ги­я­сы (отын­ның үле­стік шы­ғы­сы/ки­ло ватт-са­ғат)
    жы­лу энер­ги­я­сы (отын­ның үле­стік шы­ғы­сы (ги­га­ка­ло­рия/сағ)
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    Ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­ны іс­ке асыр­ған­ға дей­ін
    1.
    Ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­ны іс­ке асыр­ған­нан кей­ін
    2.
    Ескертпе:
    * - кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі шамада дәл көрсетіледі.
    ** - электр станциясының номиналды жұмыс режимінде.
    4. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде электр станциясына (атауын көрсету) инвестициялық салымдарды қайтару туралы ақпарат *.
    Электр қу­а­ты­ның әзір­лі­гін ұстап тұ­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ке же­ке та­риф, мың тең­ге/(ме­га­ватт*ай)
    Электр қу­а­ты­ның әзір­лі­гін ұстап тұ­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет кө­ле­мі, ме­га­ватт
    Электр қу­а­ты­ның әзір­лі­гін ұстап тұ­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті са­тып алу мер­зі­мі, жыл
    Жыл сай­ын­ғы қа­жет­ті қай­та­рым дең­гейі, мың тең­ге/жыл
    1
    2
    3
    4
    5
    1.
    Ескертпе:
    * - кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі шамада дәл көрсетіледі.
    5. Инвестициялық бағдарлама бойынша құжаттар мен материалдар:
    1) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның техникалық-экономикалық негіздемесі;
    2) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның техникалық-экономикалық негіздемесіне ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы;
    3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы.

    Отынның баламалы түрі ретінде

    газ пайдаланылатын генерациялайтын

    қондырғыларды салу арқылы

    жаңғырту, реконструкциялау және

    (немесе) кеңейту жөніндегі

    инвестициялық келісім нысанына

    2-қосымша Нысан

    Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық келісімнің мақсатты индикаторлары Электр станциясының атауы (атауын көрсету)*

    Ке­зең (жыл)
    Көр­сет­кіш­тер
    Электр стан­ци­я­сы­ның электр энер­ги­я­сын боса­ту­ға ар­нал­ған шар­тты отын­ның үле­стік шы­ғы­сы­ның ке­зең ішін­де­гі ор­та­ша мәні (отын­ның үле­стік шы­ғы­сы/ки­ло­ватт-са­ғат)
    Электр стан­ци­я­сы­ның жы­лу энер­ги­я­сын боса­ту­ға ар­нал­ған шар­тты отын­ның үле­стік шы­ғы­сы­ның ке­зең ішін­де­гі ор­та­ша мәні (отын­ның үле­стік шы­ғы­сы/ ги­га­ка­ло­рийя)
    Іс­ке қо­сы­ла­тын негіз­гі ге­не­ра­ци­я­лай­тын жаб­дық­тың қол­да бар электр қу­а­ты­ның жел­тоқ­сан ай­ын­да­ғы ор­та­ша мәні (ме­га­ватт)
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген негіз­гі ге­не­ра­ци­я­лай­тын жаб­дық­тың қыз­мет ету мер­зі­мі (ке­зең со­ңын­да­ғы жағ­дай бой­ын­ша қал­ған) (жыл)
    Электр стан­ци­я­сы­ның азот то­тығы шы­ға­рын­ды­ла­ры­ның ке­зең ішін­де­гі ор­та­ша үле­стік мәні (мил­ли­грамм /тек­ше метр)**
    Электр стан­ци­я­сы­ның кү­кірт то­тығы шы­ға­рын­ды­ла­ры­ның ке­зең ішін­де­гі ор­та­ша үле­стік мәні (мил­ли­грамм /тек­ше метр)**
    Электр стан­ци­я­сы­ның қат­ты бөл­шек­те­рі шы­ға­рын­ды­ла­ры­ның ке­зең ішін­де­гі ор­та­ша үле­стік мәні (мил­ли­грамм /тек­ше метр)**
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    Ескертпе:
    * - кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі шамада дәл көрсетіледі.
    ** - осы көрсеткіштер бойынша нысаналы индикаторлар Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптары ескеріле отырып қойылады.

    Отынның баламалы түрі ретінде

    газ пайдаланылатын генерациялайтын

    қондырғыларды салу арқылы жаңғырту,

    реконструкциялау және (немесе)

    кеңейту жөніндегі инвестициялық

    келісім нысанына

    3-қосымша Нысан

    Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық келісім бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметке жеке тариф, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемі мен мерзімі *

    Электр қу­а­ты­ның әзір­лі­гін ұстап тұ­ру жө­нін­де­гі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ке же­ке та­риф, мың тең­ге/(ме­га­ватт*ай)
    Электр қу­а­ты­ның әзір­лі­гін ұстап тұ­ру жө­нін­де­гі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет кө­ле­мі, ме­га­ватт
    Электр қу­а­ты­ның әзір­лі­гін ұстап тұ­ру жө­нін­де­гі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті са­тып алу мер­зі­мі, жыл
    1
    3
    4
    5
    1.
    ...
    ...
    Ескертпе:
    * - кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі шамада дәл көрсетіледі.».

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.