Жер учаскесіне шектеулі құқық (сервитут) беру туралы
Қазақстан Руеспубликасының Жер Кодексінің 17 бабының 5-1 тармақшасына, 69 бабының 4 тармағының 2 тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзіе-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңының 31 бабы 1 тармағының 20 тармақшасына сәйкес, Белоградов ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округі Белоградовка ауылының аумағында орналасқан жер учаскесіне «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесенің мемлекеттік сервитуты , жалпы алаңы 7355 га, су тарату желілерін 49 жыл мерзімге күтіп ұстауға белгіленсін.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Ауылдық округінің әкімі
Қ. Жағыпаров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.