«Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындауы туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    Күші жойылғанМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындауы туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындауы туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19671 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Мыналар:

    1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындауы туралы есептілігінің тізбесі;

    2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындау туралы есептің нысаны;

    3) осы қаулыға 2-1-қосымшаға сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған активтердің талдамасы туралы есептің нысаны;

    4) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есептің нысаны;

    5) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жарғылық және меншікті капиталдар туралы, сондай-ақ левередж коэффициенті туралы есептің нысаны;

    6) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындауы туралы есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.»;

    1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

    2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

    осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын;

    3-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

    4-қосымша осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

    5-қосымша осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

    3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Төрағасы

    Т. Сулейменов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Стратегиялық жоспарлау

    және реформалар агенттігінің

    Ұлттық статистика бюросы

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы нарығын реттеу

    және дамыту агенттігі

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық Банкінің Төрағасы

    2024 жылғы 22 тамыздағы

    № 49 Қаулыға

    1-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық Банкі Басқармасының

    2019 жылғы 28 қарашадағы

    № 224 қаулысына

    1-қосымша

    Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi орындауы туралы есептілігінің тізбесі

    Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi орындауы туралы есептілігі мыналарды қамтиды:

    1) пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi орындау туралы есеп;

    2) кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған активтердің талдамасы туралы есеп;

    3) бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есеп;

    4) жарғылық және меншікті капиталдар туралы, сондай-ақ левередж коэффициенті туралы есеп.

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық Банкінің Төрағасы

    2024 жылғы 22 тамыздағы

    № 49 Қаулыға

    2-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық Банкі Басқармасының

    2019 жылғы 28 қарашадағы

    № 224 қаулысына

    2-қосымша

    Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

    Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына

    Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

    Пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындау туралы есеп

    Әкімшілік деректер нысанының индексі: PN-1

    Кезеңділігі: ай сайын

    Есепті кезеңі: 20___жылғы «___» ____________жағдай бойынша

    Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: микроқаржы ұйымы

    Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінен) кешіктірмей, ай сайын

    (мың теңгемен)

    Бап­тар­дың ата­уы
    Со­ма­сы
    (ко­эф­фи­ци­ент,
    ли­мит, пай­ы­з­бен)
    1
    2
    3
    1.
    Тө­лен­ген жар­ғы­лық ка­пи­тал
    2.
    Қо­сым­ша ка­пи­тал
    3.
    Өт­кен жыл­дар­дың бө­лін­бе­ген та­за пай­да­сы (зи­я­ны)
    4.
    Өт­кен жыл­дар­дың та­за кі­рі­сі есе­бі­нен қа­лып­тас­қан қор­лар, ре­зерв­тер
    5.
    Есеп­ті ке­зең­нің бө­лін­бе­ген та­за пай­да­сы (зи­я­ны)
    6.
    Негіз­гі құ­рал-жаб­дық­тар­ды қай­та ба­ға­лау
    7.
    Мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент және бей­ре­зи­дент заң­ды тұ­лға­ла­ры (Эко­но­ми­ка­лық ын­ты­мақ­та­стық және да­му ұй­ы­мы ақ­па­рат ал­ма­су жө­нін­де мін­дет­те­ме­лер қа­был­да­ма­ған офф­шор­лық аумақ­тар тіз­бе­сіне жат­қыз­ған мем­ле­кет­тер­дің ау­ма­ғын­да тір­кел­ген заң­ды тұ­лға­лар­ды қо­с­па­ған­да) ал­дын­да­ғы қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген мін­дет­те­ме­сі тү­рін­де­гі рет­тел­ген бо­рыш
    8.
    Мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы­ның негіз­гі қыз­мет мақ­са­ты үшін са­тып алын­ған ли­цен­зи­я­лық бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­ді қо­с­па­ған­да, ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер
    9.
    Заң­ды тұ­лға­лар­дың ак­ци­я­ла­ры­на неме­се жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­на қа­ты­су үле­сіне ин­ве­сти­ци­я­лар
    10.
    Мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы­ның есеп­тік мен­шік­ті ка­пи­та­лы
    11.
    Кре­дит­тік тәу­е­кел дә­ре­же­сі бой­ын­ша са­ра­лан­ған ак­тив­тер
    12.
    k1­мен­шік­ті ка­пи­тал жет­кі­лік­ті­лі­гі­нің ко­эф­фи­ци­ен­ті
    12.1
    Мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы ба­лан­стық шот­тар­да есеп­ке ала­тын, негіз­гі бо­рыш, есеп­тел­ген сый­а­қы бой­ын­ша күн­тіз­бе­лік 90 (тоқ­сан) күн­нен астам мер­зі­мі өт­кен бе­ре­ше­гі бар мик­ро­кре­дит­тер
    12.2
    Ба­лан­стан тыс есеп­ке есеп­тен шы­ға­ры­л­ған мик­ро­кре­дит­тер
    12.3
    Мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы­ның несие порт­фе­лі
    12.4
    Мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы­ның несие порт­фе­лі­нің жал­пы со­ма­сын­да күн­тіз­бе­лік 90 (тоқ­сан) күн­нен астам негіз­гі бо­рыш бой­ын­ша мер­зі­мі өт­кен бе­ре­шек, есеп­тел­ген сый­а­қы үле­сі­нің ли­ми­ті
    13.
    Бір қарыз алушы­ның мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы ал­дын­да­ғы жиын­тық бе­ре­ше­гі (мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы­ның ба­лан­сы­нан есеп­тен шы­ға­ры­л­ған бе­ре­шек­ті қо­са ал­ған­да)
    14.
    k2 бір қарыз алушы­ға тәу­е­кел­дің ең жо­ға­ры мөл­ше­рі­нің ко­эф­фи­ци­ен­ті
    15.
    Мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы­ның жиын­тық мін­дет­те­ме­ле­рі
    16.
    k3 ле­ве­редж ко­эф­фи­ци­ен­ті

    Атауы ________________________________________________

    Мекенжайы ________________________________________________

    Телефоны ______________________________________________________

    Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________

    Орындаушы ____________________________ ____________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны

    Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

    _____________________________________ ____________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны

    Күні 20__ жылғы «____» ______________

    Ескертпе: нысан «Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi орындауы туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзiмдерiн және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 2-Қосымшаға берілген қосымшаға сәйкес «Пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындау туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық Банкі Басқармасының

    2019 жылғы 28 қарашадағы

    № 224 қаулысына

    2-Қосымшаға

    қосымша

    Пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындау туралы есеп (индексі – PN-1, кезеңділігі – ай сайын)

    әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы түсіндірмеде «Пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындау туралы есеп» әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.

    2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесі мен құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 16-тармағының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді.

    3. Микроқаржы ұйымы Нысанды ай сайын толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.

    4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.

    2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

    5. 11-жолда кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған активтер талдамасы туралы есептің 6-жолының 5-бағанындағы сомаға сәйкес келетін сома көрсетіледі.

    6. 12.1-жолда негізгі борыш, сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам есептелген мерзімі өткен берешегі бар микрокредиттер бойынша негізгі борыштың және есептелген сыйақының сомасы көрсетіледі.

    7. 12.2-жолда баланстан тыс есепке есептен шығарылған микрокредиттер бойынша негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасы көрсетіледі.

    8. 12.3-жолда микроқаржы ұйымы баланстық шоттарда есепке алатын, негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын өзінде қамтитын микроқаржы ұйымының несие портфелі («Кері репо» операцияларын қоспағанда) көрсетіледі.

    9. 12.4 -жолда үтірден кейін үш таңбалы пайыздық мән көрсетіледі.

    10. 13-жолда бір қарыз алушыға тиесілі тәуекелдің ең жоғары мөлшерін талдау туралы есептің 18-бағанындағы сомаға сәйкес келетін сома көрсетіледі.

    11. 12, 14 және 16-жолдарда үтірден кейін үш таңбалы мән көрсетіледі.

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық Банкінің Төрағасы

    2024 жылғы 22 тамыздағы

    № 49 Қаулыға

    3-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық Банкі Басқармасының

    2019 жылғы 28 қарашадағы

    № 224 қаулысына

    2-1-қосымша

    Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

    Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына

    Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

    Кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған активтердің талдамасы туралы есеп

    Әкімшілік деректер нысанының индексі: PN-2

    Кезеңділігі: ай сайын

    Есепті кезеңі: 20___жылғы «___» ____________ жағдай бойынша

    Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: микроқаржы ұйымы

    Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінен) кешіктірмей, ай сайын

    (мың теңгемен)

    Топ­тың тү­рі
    Бап­тар­дың ата­уы
    Со­ма­сы
    Тәу­е­кел дә­ре­же­сі пай­ы­з­бен
    Есеп­теу со­ма­сы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    1.
    Топ­тың анық­та­ма­лы­ғы
    Кре­дит­тік тәу­е­кел дә­ре­же­сі бой­ын­ша са­ра­ла­ну­ға жа­та­тын ак­тив тү­рі (анық­та­ма­лық)
     
     
    Кре­дит­тік тәу­е­кел дә­ре­же­сі бой­ын­ша са­ра­лан­ған ак­тив­тер жиы­ны:
    Х
     

    Атауы ________________________________________________

    Мекенжайы___________________________________________________

    Телефоны_______________________________________________________

    Электрондық пошта мекенжайы____________________________________

    Орындаушы _________________________________ _______________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны

    Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

    _____________________________________________ _____________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

    Күні 20__ жылғы «____» ______________

    Ескертпе: нысан «Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындауы туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 2-1 Қосымшаға берілген қосымшаға сәйкес «Кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған активтердің талдамасы туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық Банкі Басқармасының

    2019 жылғы 28 қарашадағы

    № 224 қаулысына

    2-1 Қосымшаға қосымша

    Кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған активтердің талдамасы туралы есеп (индексі – PN-2, кезеңділігі – ай сайын) әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы түсіндірмеде «Кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған активтердің талдамасы туралы есеп» әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.

    2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесі мен құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 16-тармағының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді.

    3. Нысанды ай сайын микроқаржы ұйымы толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.

    4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.

    2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

    5. Нысанды толтыру кезінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19629 болып тіркелген «Пруденциялық нормативтердi және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 қаулысымен бекітілген Пруденциялық нормативтерге және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттерге, оларды есептеу әдістемесіне (бұдан әрі – Пруденциялық нормативтер) сәйкес есептелген мәліметтер көрсетіледі.

    6. 2-бағанда топ түрінің мәндері Нысан ұсынылатын ақпараттық жүйеде орналастырылған «Топ анықтамалығы» анықтамалығынан таңдалады.

    7. 3-бағанда мәндер Нысан ұсынылатын ақпараттық жүйеде орналастырылған «Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша саралануға жататын актив түрі» анықтамалығынан таңдалады.

    8. 4-бағанда кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша саралануға жататын, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16858 болып тіркелген «Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсізге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 62 қаулысымен бекітілген, берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсізге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларына сәйкес құрылған провизияларды (резервтерді) шегергендегі баланстық құны бойынша активтердің сомасы көрсетіледі.

    9. 5-бағанда Пруденциялық нормативтерге сәйкес активтердің әрбір тобы үшін тәуекел дәрежесі пайызбен көрсетіледі. Пайызбен тәуекел дәрежесінің мәндері Нысан ұсынылатын ақпараттық жүйеде орналастырылған анықтамалықтардан таңдалады.

    10. 6-бағанда 4-бағанда көрсетілген, пайызбен тәуекел дәрежесіне көбейтілген активтер сомасы (5-баған) көрсетіледі.

    11. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан толтырылмай ұсынылады.

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық Банкінің Төрағасы

    2024 жылғы 22 тамыздағы

    № 49 Қаулыға

    4-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық Банкі Басқармасының

    2019 жылғы 28 қарашадағы

    № 224 қаулысына

    3-қосымша

    Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

    Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына

    Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

    Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есеп

    Әкімшілік деректер нысанының индексі: R_MRZ_1

    Кезеңділігі: ай сайын

    Есепті кезеңі: 20___жылғы «__» ________ жағдай бойынша

    Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: микроқаржы ұйымы

    Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінен) кешіктірмей, ай сайын

    (мың теңгемен)

    Қарыз алушы­ның ата­уы
    Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі, биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
    Қарыз (мик­ро­кре­дит) бой­ын­ша та­лап­тар со­ма­сы
    Нақ­ты құ­ры­л­ған про­ви­зи­я­лар со­ма­сы­ның бар­лы­ғы
    Ба­лан­стық құ­ны
    Мін­дет­те­ме­лер­дің орын­да­луын қам­та­ма­сыз ету
    Негіз­гі бо­рыш
    Есеп­тел­ген сый­а­қы
    Ак­тив­ті та­ну өл­шем­шар­тта­ры­на сәй­кес кел­ген жағ­дай­да тұ­рақ­сыздық ай­ы­бы (ай­ып­пұл және өсім­пұл)
    Дис­конт (сый­лы­қа­қы)
    Лон­дон ба­ға­лы ме­тал­дар на­ры­ғы­ның қа­уым­да­стығы (London billion market association) қа­был­да­ған ха­лы­қа­ра­лық са­па стан­дарт­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін және осы қа­уым­да­стық­тың құ­жат­та­рын­да «Лон­дон­дық са­па­лы өнім бе­ру» («London good delivery») стан­дар­ты ре­т­ін­де бел­гі­лен­ген аф­фи­нир­лен­ген ба­ға­лы ме­тал­дар
    Стан­дард энд Пурс (Standard & Poor’s) рей­тинг­тік агент­ті­гі­нің «А»-дан тө­мен емес ұзақ мер­зім­ді бо­ры­штық рей­тин­гі бар неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар банк­тер­дің ке­піл­дік­те­рі
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
     
    Жиы­ны:
    кестенің жалғасы:
    Есеп­ті ке­зең­де қарыз (мик­ро­кре­дит) бой­ын­ша ба­лан­стан есеп­тен шы­ға­ру
    Де­би­тор­лық бе­ре­шек бой­ын­ша та­лап­тар со­ма­сы
    Бір қарыз алушы­ның мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы­ның ал­дын­да­ғы жиын­тық бе­ре­ше­гі
    (мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы­ның ба­лан­сы­нан есеп­тен шы­ға­ры­л­ған бе­ре­шек­ті қо­са ал­ған­да)
    Негіз­гі бо­рыш
    Есеп­тел­ген сый­а­қы
    Ак­тив­ті та­ну өл­шем­шар­тта­ры­на сәй­кес кел­ген жағ­дай­да тұ­рақ­сыздық ай­ы­бы (ай­ып­пұл­дар, өсім­пұл­дар)
    Де­би­тор­лық бе­ре­шек
    Нақ­ты құ­ры­л­ған про­ви­зи­я­лар со­ма­сы­ның бар­лы­ғы
    Ба­лан­стық құ­ны
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
     

    Атауы ________________________________________________________

    Мекенжайы _________________________________________________________

    Телефоны _____________________________________________________________

    Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________________

    Орындаушы ________________________________________ ___________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны

    Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

    ________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

    Күні 20__ жылғы «____» ______________

    Ескертпе: нысан «Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi орындауы туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзiмдерiн және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 3-Қосымшаға берілген қосымшаға сәйкес «Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық Банкі Басқармасының

    2019 жылғы 28 қарашадағы

    № 224 қаулысына

    3-Қосымшаға қосымша

    Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есеп (индексі – R_MRZ_1, кезеңділі – ай сайын)

    әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы түсіндірмеде «Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есеп» әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.

    2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесі мен құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 16-тармағының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді.

    3. Нысанды микроқаржы ұйымы ай сайын толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.

    4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.

    2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

    5. Нысанда басқа қарыз алушылармен салыстырғанда есепті күні ең жоғары жиынтық берешегі бар бір қарыз алушы бойынша микроқаржы ұйымының деректері көрсетіледі.

    6. Егер есепті күні бірнеше қарыз алушы бойынша ең жоғары жиынтық берешек бірдей шаманы құрайтын болса, онда Нысанда осы қарыз алушылардың біреуі (кез келгені) бойынша ғана деректер көрсетіледі.

    7. Нысанды толтыру кезінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19629 болып тіркелген «Пруденциялық нормативтерді және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 қаулысымен бекітілген Пруденциялық нормативтер және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер, оларды есептеу әдістемесіне сәйкес есептелген мәліметтер көрсетіледі.

    8. Нысанның 5 және 13-бағандарында есептелген, бірақ өтелмеген (алынбаған) сыйақы сомасы көрсетіледі.

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық Банкінің Төрағасы

    2024 жылғы 22 тамыздағы

    № 49 Қаулыға

    5-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық Банкі Басқармасының

    2019 жылғы 28 қарашадағы

    № 224 қаулысына

    4-қосымша

    Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

    Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына

    Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

    Жарғылық және меншікті капиталдар туралы, сондай-ақ левередж коэффициенті туралы есеп

    Әкімшілік деректер нысанының индексі: USK-K3

    Кезеңділігі: тоқсан сайын

    Есепті кезеңі: 20__ жылғы __________ жағдай бойынша

    Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: кредиттік серіктестік

    Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінен) кешіктірмей, тоқсан сайын

    (мың теңгемен)

    Бап­тар­дың ата­уы
    Со­ма­сы
    1
    2
    3
    1.
    Тө­лен­ген жар­ғы­лық ка­пи­тал
    2.
    Қо­сым­ша ка­пи­тал
    3.
    Өт­кен жыл­дар­дың бө­лін­бе­ген та­за пай­да­сы (зи­я­ны)
    4.
    Өт­кен жыл­дар­дың та­за кі­рі­сі есе­бі­нен қа­лып­тас­қан қор­лар, ре­зерв­тер
    5.
    Есеп­ті ке­зең­нің бө­лін­бе­ген та­за пай­да­сы (зи­я­ны)
    6.
    Негіз­гі құ­рал-жаб­дық­тар­ды қай­та ба­ға­лау
    7.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент және бей­ре­зи­дент заң­ды тұ­лға­ла­ры (Эко­но­ми­ка­лық ын­ты­мақ­та­стық және да­му ұй­ы­мы ақ­па­рат ал­ма­су жө­нін­де мін­дет­те­ме­лер қа­был­да­ма­ған офф­шор­лық аумақ­тар тіз­бе­сіне жат­қыз­ған мем­ле­кет­тер­дің ау­ма­ғын­да тір­кел­ген заң­ды тұ­лға­лар­ды қо­с­па­ған­да) ал­дын­да­ғы қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген мін­дет­те­ме тү­рін­де­гі рет­тел­ген бо­рыш
    8.
    Негіз­гі қыз­мет мақ­са­ты үшін са­тып алын­ған ли­цен­зи­я­лық бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­ді қо­с­па­ған­да, ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер
    9.
    Заң­ды тұ­лға­лар­дың ак­ци­я­ла­ры­на неме­се жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­на қа­ты­су үле­сіне ин­ве­сти­ци­я­лар
    10.
    Есеп­тік мен­шік­ті ка­пи­тал
    11.
    Жиын­тық мін­дет­те­ме­лер
    12.
    Кре­дит­тік се­рік­те­стіктің ұлт­тық бас­қа­ру­шы хол­динг­тер­дің және аг­ро­өнер­к­ә­сіп ке­ше­ні са­ла­сын­да­ғы ұлт­тық бас­қа­ру­шы хол­динг ен­ші­лес ұй­ым­да­ры­ның ал­дын­да­ғы мін­дет­те­ме­ле­рі
    13.
    K3 ле­ве­редж ко­эф­фи­ци­ен­ті

    Атауы ________________________________________________

    Мекенжайы ________________________________________________

    Телефоны ______________________________________________________

    Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________

    Орындаушы ____________________________ ____________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны

    Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

    _____________________________________ ____________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны

    Күні 20__ жылғы «____» ______________

    Ескертпе: нысан «Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi орындауы туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзiмдерiн және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 4-Қосымшаға берілген қосымшаға сәйкес «Жарғылық және меншікті капиталдар туралы, сондай-ақ левередж коэффициенті туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық Банкі Басқармасының

    2019 жылғы 28 қарашадағы

    № 224 қаулысына

    4-Қосымшаға қосымша

    Жарғылық және меншікті капиталдар туралы, сондай-ақ левередж коэффициенті туралы есеп (индекс - USK-K3, кезеңділігі – тоқсан сайын) әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы түсіндірмеде «Жарғылық және меншікті капиталдар туралы, сондай-ақ левередж коэффициенті туралы есеп» әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.

    2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесі мен құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 16-тармағының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді.

    3. Кредиттік серіктестік Нысанды тоқсан сайын толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.

    4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.

    2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

    5. Нысанның 13-жолында үтірден кейін үш таңбалы мән көрсетіледі.

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық Банкінің Төрағасы

    2024 жылғы 22 тамыздағы

    № 49 Қаулыға

    6-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық Банкі Басқармасының

    2019 жылғы 28 қарашадағы

    № 224 қаулысына

    5-қосымша

    Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындауы туралы есептілікті ұсыну қағидалары

    1. Осы Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындауы туралы есептілікті ұсыну қағидалары «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесі мен құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 16-тармағының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі – Ұйым) пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындауы туралы есептілікті оның орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына (бұдан әрі – Ұлттық Банктің филиалы) ұсыну тәртібін айқындайды.

    2. Ұйымның клиентінің және (немесе) контрагентінің резиденттігі «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.

    3. Ұйым есептілікті «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы электрондық түрде ұсынады.

    4. Есептіліктегі деректердің толықтығы мен дұрыстығын Ұйымның басшысы немесе есепке қол қою жөніндегі функция жүктелген адам қамтамасыз етеді.

    5. Микроқаржылық ұйым есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінші) күнінен кешіктірмей, ай сайын Ұлттық Банктің филиалына осы қаулының 1-тармағы 2) – 4) тармақшаларында көзделген есептілікті электрондық форматта ұсынады.

    6. Кредиттік серіктестік есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінен) кешіктірмей, тоқсан сайын Ұлттық Банктің филиалына осы қаулының 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген есептілікті электрондық форматта ұсынады.

    7. Есептіліктегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен көрсетіледі.

    8. Ұйымның басшысы немесе есепке қол қою жөніндегі функция жүктелген адам және орындаушы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойған есептілік электрондық форматта сақталады.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.