Жер учаскесіне шектеулі пайдалану құқық (қауымдық сервитут) беру туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 тамыз 2024 ж.

    Жер учаскесіне шектеулі пайдалану құқық (қауымдық сервитут) беру туралы

    Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17 бабының 5-1 тармақшасына, 69 бабының 4 тармағының 2 тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзіе-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңының 31 бабы 1 тармағының 20 тармақшасына сәйкес, Есіл ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:

    1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Есіл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Есіл ауылдық округі, Есіл ауылы мекенжайы бойынша орналасқан су тарату желілері орнату үшін жалпы ауданы 3,3 га жер учаскесіне «қауымдық сервитут» шектеулі пайдалану құқығы берілсін.

    2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі

    Ауылдық округінің әкімі

    В. Дурманов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.