«Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 218 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 тамыз 2024 ж.

    «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 218 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 218 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31976 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішінің нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    М. Такиев

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы нарығын реттеу және

    дамыту агенттігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму, инновациялар

    және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2024 жылғы 29 тамыздағы

    № 595 бұйрығына

    1-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің

    орынбасары –

    Қаржы министрінің

    2023 жылғы 28 ақпандағы

    № 218 бұйрығына

    1-қосымша

    «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5, 16, 17, 18 және 19-бабын іске асыру үшін әзірленді және «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

    2. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаға – Қазақстан Республикасының азаматына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы, борышкер) екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банк филиалдар, банк операцияларының жекелеген түрлерін, микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар немесе коллекторлық агенттіктер алдындағы міндеттемелерін тоқтату мақсатында көрсетіледі.

    Осы тармақшада көрсетілген міндеттемелерге, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган барлық банк операцияларын жүргізуге, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиялардан айырған не микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің тізілімдерінен шығарылған, оның ішінде таратылған, таратылу сатысындағы екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін, микроқаржылық қызметті жүзеге асырған ұйымдардың немесе коллекторлық агенттіктердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары, қарыз (кредит) шарттары және микрокредит беру туралы шарттары бойынша талап ету құқығы тиесілі өзге де ұйымдардың (бұдан әрі – кредиторлар) алдындағы міндеттемелер де жатады.

    3. «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада жазылған.

    4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес енгізуді қамтамасыз етеді.

    Осы Қағидаларға өзгерістер (және) немесе толықтырулар енгізу кезінде, көрсетілетін қызметті беруші тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамға (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), «электрондық үкiмет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.

    5. Осы бұйрыққа 2-қосымшада бекітілген нысан бойынша борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш (бұдан әрі – Өтініш) беруі үшін Заңның 5-бабына сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтініш берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1600 еселенген мөлшерінен аспайтын екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың немесе коллекторлық агенттіктердің алдындағы міндеттемелердің болуы және жиынтығында мынадай:

    1) ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүліктің болмауы;

    2) кредиторлар алдындағы міндеттемелері бойынша осындай өтініш берілген күнге қатарынан он екі ай бойы өтеудің болмауы.

    Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төлем күнінде қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінен асатын сомадағы төлем өтеу болып есептеледі.

    Өтеудің болмау мерзімі әрбір банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша соңғы төлем күнінен бастап есептеледі.

    Егер коллекторлық агенттік төлемнің болмауының өзге мерзімін растамаған жағдайларды қоспағанда, құқықты (талапты) басқаға беру шарты бойынша коллекторлық агенттікке берілген банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша өтеудің болмау мерзімі соңғы төлем күнінен бастап құқық (талап ету) коллекторлық агенттікке берілгенге дейін есептеледі;

    3) кредитор мен борышкерге «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша орындалмаған міндеттемелерді реттеу және (немесе) өндіріп алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуі;

    Осы тармақшада көрсетілген берешекті реттеуді және (немесе) өндіріп алуды жүргізу жөніндегі шараларды мерзімі өткен берешек туындаған кезден бастап 12 (он екі) айдан аспайтын мерзімдерде жүргізу қажет.

    Осы тармақшаның талаптары осы Қағидалардың 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген міндеттемелерге қолданылмайды.

    4) өтініш берілген күнге дейін 7 (жеті) жыл бойы соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімнің қолданылмау шарттарына сәйкес келуі негіз болып табылады.

    Егер көрсетілетін қызметті алушы Өтініш берілген күннің алдындағы 6 (алты) ай ішінде мемлекеттің атынан әлеуметтік көмек алушы болып табылса, осы тармақтың 2) тармақшасымен белгіленген шарттарға қарамастан, көрсетілетін қызметті алушы Өтініш бере алады.

    Егер міндеттемелерді орындамау мерзімі Өтініш берілген күннен 5 (бес) жыл асса, осы тармақшамен белгіленген шарттарға қарамастан, көрсетілетін қызметті алушы Өтініш бере алады.

    2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі

    6. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:

    1) Мемлекеттік корпорация арқылы;

    2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) және (немесе) арнаулы мобильдік қосымша (бұдан әрі – мобильдік қосымша) арқылы жүзеге асырылады.

    7. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Өтінішті береді.

    Көрсетілетін қызметті алушының соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға Өтінішін өңдеу, оның ішінде осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген шарттарға сәйкестігін тексеру тіркеуші мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және кредиттік бюролардың деректерін салыстыру арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.

    Көрсетілген қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.

    8. Көрсетілетін қызметті алушы соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы Өтінішті Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған кезде, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш берушіден тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы, мониторингтік ақпараттық жүйесімен иеленген штрих-кодымен қолхатты береді, онда қабылданған құжаттардың тізбесі, Өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), Өтініш беру күні мен уақыты, сондай-ақ дайын құжаттарды беру күні көрсетіледі.

    Мемлекеттік корпорация қабылданған құжаттарды, курьерлік және (немесе) пошталық байланыс және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.

    Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде Өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

    Көрсетілетін қызметті алушы соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы Өтінішті портал және (немесе) мобильдік қосымша арқылы ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.

    Көрсетілетін қызметті алушының соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы Өтінішті Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған кезде, Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту себебін көрсете отырып, бас тарту туралы қолхат береді.

    9. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 5 және 7-тармағында көзделген мән-жайларға сәйкес келген және жұбайының (зайыбының) (ол болған жағдайда) келісімі болған кезде, көрсетілетін қызметті беруші Өтініш берілген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді порталда орналастырады.

    Көрсетілетін қызметті берушінің соттан тыс банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер порталда орналастырылған күннен бастап 6 (алты) айды құрайды.

    Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

    Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі

    Тыңдау қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер порталда орналастырады не осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады:

    1) портал және (немесе) мобильдік қосымша арқылы және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының электронды-цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында;

    2) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы қол қойған қағаз жеткізгіште береді.

    Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес өзінің немесе оның өкілінің тиісті өкілеттігі көрсетілетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілі жеке басын куәландыратын құжаттарды немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты көрсеткен кезде (сәйкестендіру үшін) жүзеге асырылады.

    Заңның 16-бабы 5-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тартуға себеп болған негіздерді жойғаннан кейін, бірақ бас тартуды алған күннен кейін 3 (үш) ай өткен соң соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы Өтінішті қайта береді.

    10. Соттан тыс банкроттық рәсімі, Заңнын 18-бабына сәйкес егер мұндай рәсімді жүргізу мерзімі ішінде:

    1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация және (немесе) портал, мобильдік қосымша арқылы өзінің меншігіне мүлік түсіп немесе өзінің қаржылық және (немесе) мүліктік жағдайы өзгеріп, бұл оның кредиторлар алдындағы өз міндеттемелерін толық немесе 30 (отыз) пайыздан асырып орындауына мүмкіндік беретініне не кредитормен кредитордың алдындағы берешекті реттеу туралы келісім жасасуына байланысты соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату туралы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті берсе;

    2) мүлікті немесе мүліктік міндеттемелерді, мүлік, оның мөлшері, тұрған жері туралы мәліметтерді не мүлік туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлікті өзгенің иеленуіне беру, мүлікті иеліктен шығару немесе жою, сондай-ақ мүлік туралы мәліметтерді көрсететін құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау фактілері анықталса;

    3) көрсетілетін қызметті алушы қайтыс болса, соттың оны хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енсе;

    4) борышкердің осы Заңның 5-бабында көрсетілген негіздерге сәйкес келмеу фактілері, оның ішінде кредитордың өтініші бойынша анықталса;

    5) осы тармақтың бірінші бөлігі 1), 2) және 4) тармақшасының талаптары осы Заңның 5-бабы 3-тармағының негізінде соттан тыс банкроттық рәсімін қолданған борышкерлерге қатысты болмаса тоқтатылады.

    11. Соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату ӘРПК-нің 79-бабының талаптарын сақтай отырып, көрсетілетін қызметті беруші осындай рәсімнің тоқтатылғаны туралы хабардандыруды порталда орналастыруы арқылы жүзеге асырылады.

    12. Заңның 18-бабына сәйкес соттан тыс рәсімді тоқтату үшін негіздер болмаған кезде, уәкілетті орган «электрондық үкімет» веб-порталында борышкер туралы ақпарат орналастырылған күннен бастап алты ай өткен соң соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және борышкерді банкрот деп тану туралы шешім шығарады. Шешім уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша шығарылады және «электрондық үкімет» веб-порталында орналастырылуға жатады.

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші:

    мемлекеттік қызметті алушының портал және (немесе) мобильдік қосымшадағы «жеке кабинетіне»;

    Мемлекеттік корпорацияға курьерлік, пошта байланысы және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өткен күннен кейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды.

    Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес өзінің немесе оның өкілінің тиісті өкілеттігі көрсетілетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілі жеке басын куәландыратын құжаттарды немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты көрсеткен кезде (сәйкестендіру үшін) жүзеге асырылады.

    13. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға көрсетілген мерзімде жүгінбеген кезде:

    Мемлекеттік корпорация мерзімінде талап етілмеген құжаттардың 1 (бір) ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді;

    көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін қабылдау орны бойынша талап етілмеген құжаттардың мерзімінде сақталуын қамтамасыз етеді.

    Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай өткеннен кейін мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

    14. Мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақаулар табылған сәттен бастап дереу бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жолдау арқылы, мемлекеттік қызметтің атауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі, өтініштің әкімшілік құжатының нөмірі мен коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, өтініш берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе авторизациялау сәтінен бастап қате туындаған сәтке дейін қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (операторды) хабардар етеді.

    3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

    Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

    Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны әкімшілік істі және шағымды қарайтын органға жолдайды.

    Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жолдамайды.

    Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 25-бабы 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

    16. Егер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

    «Соттан тыс банкроттық

    рәсімін қолдану» мемлекеттік

    қызметін көрсету қағидаларына

    1-қосымша

    «Сот­тан тыс банк­рот­тық рә­сі­мін қол­да­ну» мем­ле­кет­тік қыз­ме­тін көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі
    1.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі Мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ко­ми­те­ті­нің аудан­дар, қа­ла­лар және қа­ла­лар­да­ғы аудан­дар бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган­да­ры (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші).
    2.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
    1) «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ғам (бұ­дан әрі – Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция) ар­қы­лы – қа­ғаз жет­кіз­гіш­те;
    2) www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) және (неме­се) ар­найы мо­биль­дік қо­сым­ша­ға ар­қы­лы – элек­трон­дық фор­мат­та.
    3.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді пор­тал­да ор­на­ла­сты­руы не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден уә­ждел­ген бас тар­ту мер­зі­мі 15 (он бес) жұ­мыс кү­нін құ­рай­ды;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің сот­тан тыс банк­рот­тық рә­сі­мін өт­кі­зу мер­зі­мі не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден уә­ждел­ген бас тар­ту бо­рыш­кер ту­ра­лы мә­лі­мет­ті пор­тал­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған күн­нен ба­стап 6 (ал­ты) ай­ды құ­рай­ды.
    4.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­ды (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/ қа­ға­з­да
    5.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді пор­тал­да ор­на­ла­сты­руы неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден уә­ждел­ген бас тар­туы;
    2) сот­тан тыс банк­рот­тық рә­сі­мін аяқ­тау ше­шім не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден уә­ждел­ген дәлел­ді бас тар­ту.
    6.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет те­гін көр­се­ті­ле­ді.
    7.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ең­бек ко­дек­сі) және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на (бұ­дан әрі – Ме­ре­ке­лер ту­ра­лы Заң) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен, са­ғат 09.00-ден 18.30-ға дей­ін;
    2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция – өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің дай­ын нәти­же­ле­рін бе­ру Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне және Мер­ке­лер ту­ра­лы Заң­ға сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке­лік күн­дер­ден бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­те­тін ке­зек­ші бө­лім­де­рі дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін және сен­бі кү­ні са­ғат 9.00-ден 13.00-ге дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    Қа­был­дау «элек­трон­дық ке­зек» тәр­ті­бі­мен, же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз жү­зе­ге асы­ра­ла­ды, элек­трон­дық ке­зек­ті брон­да­у­ға бо­ла­ды;
    3) пор­тал және мо­диль­ді қо­сым­ша­да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі Ең­бек ко­дек­сіне және Ме­ре­ке ту­ра­лы Заң­ға сәй­кес жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жайы:
    1) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның: www.​gov4c.​kz;
    2) пор­тал www.​egov.​kz ин­тер­нет -ре­сур­ста ор­на­ла­стыр­ған
    8.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға:
    1) осы бұй­рық­қа 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес Бо­рыш­кер­дің сот­тан тыс банк­рот­тық рә­сі­мін қол­да­ну ту­ра­лы өті­ні­ші (бұ­дан әрі – Өті­ніш). Пор­тал және (неме­се) мо­биль­дік қо­сым­ша­да:
    1) осы бұй­рық­қа 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес Бо­рыш­кер­дің сот­тан тыс банк­рот­тық рә­сі­мін қол­да­ну ту­ра­лы өті­ні­ші (бұ­дан әрі – Өті­ніш).
    9.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­де­ме­лер
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның, жұ­бай­ы­ның (зай­ы­бы­ның) (бар болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның осы Қа­ғи­да­лар­дың 5-тар­ма­ғы­мен көз­дел­ген жағ­дай­лар­ға сәй­кес кел­ме­ген кез­де.
    10.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
    «Ха­лық ден­са­улы­ғы және ден­са­улық сақ­тау жүй­е­сі ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ко­дек­сін­де бел­гі­лен­ген Өз-өзіне қыз­мет көр­се­ту­ді, өзді­гі­нен қоз­ға­лу­ды, бағ­дар жа­са­уды жү­зе­ге асы­ру қа­бі­ле­тін неме­се мүм­кін­ді­гін то­лық неме­се жар­ты­лай жо­ғал­тқан көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін құ­жат­тар­ды қа­был­да­уды Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның қыз­мет­ке­рі тұр­ғы­лық­ты же­ріне ба­рып, 1414 Бі­рің­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы, 8 800 080 7777 ар­қы­лы (Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де) жү­гі­ну ар­қы­лы жүр­гі­зе­ді. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ болған жағ­дай­да пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу мүм­кін­ді­гі бар.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның Бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы­ның пор­та­лын­да «же­ке ка­би­нет» ар­қы­лы қа­шық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат алу мүм­кін­ді­гі бар.
    Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­то­ри­за­ци­я­лан­ған пай­да­ла­ну­шы­лар үшін қол­же­тім­ді.
    Цифр­лық құ­жат­ты пай­да­ла­ну үшін ЭЦҚ қол­таң­ба­ны неме­се бір рет­тік па­роль­ді пай­да­ла­на оты­рып, мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ру­дан өту, одан әрі «Цифр­лық құ­жат­тар» бө­лі­міне өту және қа­жет­ті құ­жат­ты таң­дау қа­жет.

    «Соттан тыс банкроттық

    рәсімін қолдану» мемлекеттік

    қызметін көрсету қағидаларына

    2-қосымша

    Соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату туралы өтініш

    ___________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

    ___________________________________________________________________ (телефон)

    Осы арызбен менің 20__ жылғы _____ №__ өтінішім бойынша бастамашылық жасалған соттан тыс банкроттық рәсімін мына себептерге:

    1. Кредиторлар алдындағы өз міндеттемелерімді толық немесе 30 (отыз) пайыздан астам орындауға мүмкіндік беретін мүліктің меншігіме түсуіне немесе қаржылық және (немесе) мүліктік жағдайымның өзгеруіне.

    2. Кредитормен кредитор алдындағы борышты өтеу туралы шарт жасасуыма.

    3. «Банкроттықтың соттан тыс рәсімдерін қолдану» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 5-тармағында көрсетілген негіздердің сақталмау фактілерінің анықталуына байланысты тоқтатуыңызды сұраймын.

    _________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    ___________________________________________ (қолы, күні/ электрондық- цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) деректер, ЭЦҚ-мен қол қойылған күні және уақыты

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2024 жылғы 29 тамыздағы

    № 595 бұйрығына

    2-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің

    орынбасары –

    Қаржы министрінің

    2023 жылғы 28 ақпандағы

    № 218 бұйрығына

    2-қосымша

    нысан

    Борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы ӨТІНІШІ __________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі - АЖТ) (ол болған жағдайда)

    Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН))

    ___________________________________________________________________________________

    ___________________________________________________________________________________ (тұрғылықты жері/тіркелген жері бойынша мекенжайы – облыс, аудан (қала), елді мекен (село және тағы басқа), көше (даңғыл, тұйық көше), үй, пәтер)

    Жолдасының ЖСН-і:

    Мен:

    «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында көзделген соттан тыс тәртіппен азаматты банкрот деп тану туралы өтініш беру шарттарына сәйкес келетінімді растаймын, атап айтқанда:

    1) менің міндеттемелерім республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туалы өтініш берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1600 еселенген мөлшерінен аспайды;

    2) ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, меншік құқығымда мүлік жоқ;

    3) өтініш берілген күнге қатарынан 12 (он екі) ай бойы өтеу болмаған;

    4) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша орындалмаған міндеттемелерді реттеу және (немесе) өндіріп алу жөніндегі рәсімдер жүргізілді.

    Қосымша мәліметтер:

    1) соңғы 6 (алты) ай ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушымын;

    2) міндеттемелерді орындамау мерзімі 5 (бес) жылдан асты.

    Мен:

    мәліметтер «электрондық үкімет» порталында орналастырылған күннен бастап мынадай салдар басталғаны:

    1) өтініште көрсетілген кредиторлар алдындағы борыштық міндеттемелерінің мерзімдері өткен болып есептелгені;

    2) өтініште көрсетілген кредиторлардың міндеттемелерді орындауды талап етуіне тыйым салынғаны;

    3) өтініште көрсетілген кредиторлар алдындағы берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды, айыппұлдарды) және сыйақыны есепке жазу тоқтатылғаны;

    4) жаңа ақшалай немесе мүліктік міндеттемелерді қабылдауға тыйым салынғаны;

    5) уәкілетті органның мемлекеттік органдар мен өзге де органдардан және ұйымдардан борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану алдындағы үш жылға дейінгі кезеңдегі жалпы ортақ мүлкін қоса алғанда, мүлкі туралы ақпарат алуына борышкердің келісімі берілген деп есептелетіні;

    6) банктік шоттарынан кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру есебіне ақша өндіріп алуға жол берілмейтіні;

    7) соттардың борышты өндіріп алу туралы шешімдерін орындау тоқтатыла тұратыны;

    8) банкроттық рәсімі қолданылғанға дейін 3 (үш) жыл ішінде және банкроттық рәсімін қолдану барысында маған қатысты қаржылық жай-күйге мониторинг жүргізілетіні туралы хабарландым.

    Салдарлар туралы білемін:

    1) 5 (бес) жыл ішінде қарыз берілмейді;

    2) мені банкрот деп танығаннан кейін 3 (үш) жыл ішінде маған қатысты қаржылық жай-күйге мониторинг жүргізіледі.

    Мен осы өтініште ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауаптымын.

    Мобильді азаматтар базасында (МАБ) көрсетілген телефон нөміріне sms-хабарлама арқылы менің өтінішім бойынша қабылданған шешім туралы хабарламаға келісім беремін.

    Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

    Мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жұбайының (зайыбының) келісімін алу үшін Мобильді азаматтар базасында көрсетілген телефон нөміріне жұбайыма (зайыбыма) sms-хабарлама жіберуге келісім беремін.

    «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде жеке деректерімді және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісемін.

    Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру мерзімі мемлекеттік қызметті көрсету кезеңінде жарамды.

    Жеке деректерді трансшекаралық тасымалдаудың жоқтығы, сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таратылмауы туралы хабарлаймыз.

    Жиналған деректер тізімі: АЖТ (ол болған жағдайда), ЖСН, банк деректемелері, электрондық поштасы, телефон нөмірі, құқық және (немесе) мәміле құзыретті органда, оның ішінде шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекетте мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге жататын мүлік, жалпы ортақ мүлкін қоса алғанда, банктік шоттардағы, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетелдік банктердегі ақша, қолма-қол ақша, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлес, заңды тұлғаның, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда), инвестициялық алтын, зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері, шарт немесе міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын, нотариат куәландырған (растаған) өзге де құжат болған кезде басқа тұлғалардың борышкер алдындағы берешегі (дебиторлық берешек), ветеринариялық паспорты немесе меншік құқығын растайтын өзге де құжаты болған кезде жануарлар, асыл тастар мен бағалы металдар, олардан жасалған зергерлік бұйымдар және құрамында асыл тастар мен бағалы металдар бар басқа да заттар, сондай-ақ өнер және антиквариат туындылары, тері бұйымдары, басқа да бағалы киім, цифрлық активтер.

    _____________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    ____________________________ (қолы, күні/электрондық- цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) деректер, ЭЦҚ-мен қол қойылған күні және уақыты)

    өтініш беру күні
    тұрғылықты жері бойынша
    мемлекеттік кірістер органдарының коды

    _____________________________________________________ ______________________________ (арызды қабылдаған лауазымды адамның қолы, күні/тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ЭЦҚ-дан деректер, ЭЦҚ-мен қол қойылған күні және уақыты)

    өтінішті қабылдау күні
    құжаттың кіріс нөмірі

    Бұл құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен тең.

    Сіз электрондық құжаттың түпнұсқалығын tazalau.qoldau.kz, сондай-ақ уәкілетті органның интернет-ресурсының веб-қосымшасынан тексере аласыз.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.