Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесін бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 тамыз 2024 ж.

    Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесін бекіту туралы

    «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесі бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етілсін;

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

    Ж. Мадиев

    Қазақстан Республикасының

    Цифрлық даму,

    инновациялар және аэроғарыш

    өнеркәсібі министрі

    2024 жылғы 29 тамыздағы

    № 526/НҚ бұйрығымен

    бекітілген

    Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесі

    № р/c
    Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің атауы
    1.
    Тегі
    2.
    Аты
    3.
    Әкесінің аты (болған жағдайда)
    4.
    Тегі мен атының транскрипциясы
    5.
    Тууы туралы мәліметтер:
    туған күні;
    туған жері.
    6.
    Ұлты
    7.
    Жынысы
    8.
    Отбасылық жағдайы
    9.
    Азаматтығы туралы мәліметтер:
    азаматтығы (бұрынғы азаматтығы);
    Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күні;
    Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан күні.
    10.
    Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)
    11.
    Портреттік бейнесі (цифрлы фотосуреті)
    12.
    Қолы
    13.
    Заңды мекенжайы, заңды мекенжайын тіркеген (тіркеуден шығарған) күні
    14.
    Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері:
    құжаттың атауы;
    құжаттың нөмірі;
    құжатты берген күні;
    құжаттың қолданылу мерзімі;
    құжатты берген орган.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.