Ақтоғай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 қыркүйек 2024 ж.

    Ақтоғай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Ақтоғай ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

    1) 2012 жылғы 3 қазандағы № 18/06 «Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 09/03 «Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1961 болып тіркелді);

    2) 2015 жылғы 9 ақпандағы № 04/01 «Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 17/01 «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2996 болып тіркелді).

    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    А.Аманжолов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.