«Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 тамыз 2024 ж.

    «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № ҚР ДСМ-62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32276 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    «кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларында:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі-Санитариялық қағидалар) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленді және өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.»;

    2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.».

    2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы

    Т. Султангазиев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ғылым және жоғары білім министірлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Оқу-ағарту министірлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Стратегиялық жоспарлау және

    реформалар агенттiгi

    Ұлттық статистика бюросы

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрінің

    міндетін атқарушы

    2024 жылғы 28 тамыздағы

    № 68 Бұйрыққа

    қосымша

    «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға

    қойылатын санитариялық-

    эпидемиологиялық талаптар»

    санитариялық қағидаларына

    2-қосымша

    Өндірістік бақылау нәтижелері туралы ақпарат

    Ұсынылады: Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.

    Әкімшілік деректер нысаны интернет – ресурста орналастырылған: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek?lang=ru);

    Әкімшілік деректер нысанының атауы: Өндірістік бақылау нәтижелері туралы ақпарат;

    Әкімшілік деректер нысанының индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі):01-ИРПК;

    Жиілігі: Жартыжылдық;

    Есепті кезең: 20__жылғы __ жартыжылдық;

    1. Ақпарат ұсынатын адамдар тобы:

    1) жеке және заңды тұлғалар (өндірістік объектілердің иелері);

    2) аудандық және қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары;

    3) облыстық және қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері.

    2. Жеке және заңды тұлғалар (өндірістік объектілердің иелері) аудандық және қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына ақпарат ұсынады.

    3. Аудандық және қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары ақпаратты облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттеріне ұсынады;

    4. Облыстық және қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне ақпарат ұсынады.

    5. Әкімшілік деректерді жинау жиілігі/әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі:

    1) жеке және заңды тұлғалар (өндірістік объектілердің иелері) ақпаратты аудандық және қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінде ұсынады;

    2) аудандық және қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары ақпаратты облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттеріне жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне ұсынады;

    3) облыстық және қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері ақпаратты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне ұсынады.

    № п/п
    Өн­ді­рі­стік ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын тұл­ға ту­ра­лы мә­лі­мет, оның ішін­де
    Өн­ді­рі­стік ба­қы­лау нәти­же­ле­рі
    объ­ек­ті­нің өн­ді­рі­стік зерт­ха­на­сы ба­за­сын­да
    зерт­ха­на­лар­ды (сы­нақ ор­та­лы­ғын) тар­та оты­рып
    Бар­лы­ғы зерт­тел­ді (сырт­қы ор­та объ­ек­ті­ле­рін са­на­ма­лау және сы­на­ма са­ны – ши­кі­зат, дай­ын өнім, шай­ын­ды­лар, ауа және бас­қа­ла­ры)
    сәй­кес­сіз­дік­тер анық­тал­ды (сәй­кес­сіз­дік анық­тал­ған қа­уіп­сіз­дік көр­сет­кіш­те­рін са­на­ма­лау - ІТТБ, па­то­ген­ді фло­ра, уыт­ты заттар және бас­қа­ла­ры)
    жою бой­ын­ша қа­был­дан­ған ша­ра­лар және жүр­гі­зі­л­ген іс-ша­ра­лар
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    Атауы
    Наименование ______________________
    Мекенжайы
    Адрес_______________

    Телефон ____________________________

    Электрондық почта мекенжайы/адрес электронной почты__________________________________________

    Орындаушы/исполнитель

    ___________________________________________ _______________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись

    Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам/руководитель или лицо, исполняющее его обязанности _______________________________________________________ __________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись

    Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда) Место для печати (за исключением лиц, являющихся субъектами частного предпринимательства)

    ______ Мөр

    Жинақтауға арналған

    нысанға қосымша

    Өндірістік бақылау нәтижелері туралы ақпарат (01-ИРПК) нысанын толтыру бойынша түсіндірме (нысан)

    2-бағанда өндірістік бақылауды жүзеге асыратын тұлға туралы мәліметтер көрсетіледі, объектінің өндірістік зертханасының базасында тиісті рұқсат беру құжаттары бар өзінің өндірістік зертханасының болуы туралы ақпарат толтырылады;

    3-бағанда зертхананы (сынақ орталығын) тарта отырып, өндірістік бақылауды жүзеге асыратын тұлға туралы мәліметтер көрсетіледі, тиісті рұқсат беру құжаттары бар тартылған өндірістік зертхана туралы ақпарат толтырылады;

    4-бағанда өндірістік бақылау нәтижелері көрсетіледі, барлығы зерттелді (сыртқы орта объектілері мен сынамалар саны – шикізат, дайын өнім, шайындылар, ауа) зерттелген сынамалардың саны туралы ақпарат, сынамалардың атауы толтырылады;

    5-бағанда өндірістік бақылау нәтижелері көрсетіледі, сәйкессіздіктер анықталды (сәйкессіздік анықталған қауіпсіздік көрсеткіштері – ІТТБ, патогенді флора, уытты заттар және басқалар)» зерттелген сынамалардың сәйкессіздігі туралы ақпарат, сынамалардың атауы толтырылады;

    6-бағанда өндірістік бақылау нәтижелері көрсетіледі, «қабылданған шаралар және жою бойынша жүргізілген іс-шаралар зерттелген сынамалар бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат, сынамалардың атауы толтырылады.

    .

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.