2016 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38 бабына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 487-бабының 1-тармағына сәйкес V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған 2016 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) V сайланған Алматы қаласы мәслихаты XХХVІІ сессиясының 2015 жылғы 17 наурыздағы № 316 «2015 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1157 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 сәуірде «Алматы Ақшамы» және 2015 жылғы 18 сәуірде «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған);
2) V сайланған Алматы қаласы мәслихаты XLІV сессиясының 2015 жылғы 16 қазандағы № 376 «V сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХХХVІІ сессиясының «2015 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 17 наурыздағы № 316 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1226 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 қарашада «Алматы Ақшамы» және 2015 жылғы 24 қарашада «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған).
3. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімнің интернет - ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қала құрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б. Шинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукеновке (келісім бойынша) жүктелсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
V сайланған Алматы қаласы мәслихаты LІ сессиясының төрағасы
Ә. Нәбиев
V сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы
Қ. Қазанбаев
V сайланған Алматы қаласы
мәслихатының LІ cессиясының
2016 жылғы 11 наурыздағы
№ 419 шешімімен бекітілген
2016 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы ставкалары
|
Арнаулы су пайдаланудың түрі
|
||||||
|
Өзендер, көлдер, теңіздер
бассейні
|
Тұрғын-үй пайдалану және
коммуналдық қызметтер,
(теңге/1000 тек.м.)
|
Өнеркәсіп
жылу энергетикасын қоса есептегенде,
(теңге/1000 тек.м.)
|
Ауыл шаруашылығы,
(теңге/1000 тек.м.)
|
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары,
(теңге/1000 тек.м.)
|
Су энергетика,
(теңге/1000
кВт.сағ)
|
Су көлігі,
(теңге/1000 т. шақырым)
|
|
Балқаш және Алакөл көлдері бассейні
|
102,3
|
282,5
|
81,3
|
77,7
|
30,0
|
8,8
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.