Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35 - жылдығына Түпқараған ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35-жылдығына Түпқараған ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35-жылдығына Түпқараған ауданы азаматтарының келесі жекелеген санаттарына 50 (елу) мың теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек белгіленсін:

    1) Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына;

    2) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылар мен қызметшiлеріне;

    3) 1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлеріне.

    2. Әлеуметтік көмек алушылардан өтініштері талап етілмей, бір рет көрсетіледі.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Түпқараған аудандық мәслихатының төрағасы

    А. Нугманов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды

    үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

    басқармасы» мемлекеттік мекемесі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.