2000 жылғы 9 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясы, Астрахань қаласында Қазақстан Республикасының Консулдығын және Қазақстан Республикасы, Орал қаласында Ресей Федерациясының Консулдығын ашу туралы келісімге хаттаманы бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2000 жылғы 9 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясы, Астрахань қаласында Қазақстан Республикасының Консулдығын және Қазақстан Республикасы, Орал қаласында Ресей Федерациясының Консулдығын ашу туралы келісімге 2024 жылғы 20 мамырда Астанада жасалған хаттама бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
О. Бектенов
Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
2000 жылғы 9 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясы, Астрахань қаласында Қазақстан Республикасының Консулдығын және Қазақстан Республикасы, Орал қаласында Ресей Федерациясының Консулдығын ашу туралы келісімге ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
2000 жылғы 9 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясы, Астрахань қаласында Қазақстан Республикасының Консулдығын және Қазақстан Республикасы, Орал қаласында Ресей Федерациясының Консулдығын ашу туралы келісімнің 4-бабына сәйкес,
2020 жылғы 9 қыркүйекте қол қойылған, 2000 жылғы 9 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясы, Астрахань қаласында Қазақстан Республикасының Консулдығын және Қазақстан Республикасы, Орал қаласында Ресей Федерациясының Консулдығын ашу туралы келісімге хаттаманы назарға ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Қазақстан Республикасының Астрахань қаласындағы Бас консулдығының консулдық округіне келесі өзгерістер енгізілсін:
Адыгей Республикасының, Дағыстан Республикасының, Ингушетия Республикасының, Қабарда-Балқар Республикасының, Қалмақ Республикасының, Қарашай-Черкес Республикасының, Солтүстік Осетия-Алания Республикасының, Шешен Республикасының, Ростов облысының, Краснодар және Ставрополь өлкелерінің аумақтары қосылсын;
Орынбор, Самара және Саратов облыстарының аумақтары шығарылсын.
2-бап
Маңғыстау облысының аумағы Ресей Федерациясының Орал қаласындағы Бас консулдығы консулдық округінің құрамынан шығарылсын.
3-бап
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.
2024 жылғы 20 мамырда Астана қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін
Ресей Федерациясының Үкіметі үшін
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.