«Қазақтелеком» акционерлік қоғамына жер учаскесін шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 18,43,67,69 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31,37 баптарына, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының өтінішіне сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісі үшін Арыс қаласынан /ықшам сызбаларға сәйкес/ жалпы аумағы - 730,0 шаршы метр жер учаскесі шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен қысқа мерзімге 3 /үш/ жылға жалға қауымдық сервитут болып белгіленсін.
Оның ішінде:
-А.Салықбаев көшесі бойынан аумағы - 680,0 шаршы метр;
-Ергөбек көшесі бойынан аумағы - 50,0 шаршы метр.
2. Арыс қаласының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Арыс қаласы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Арыс қаласының әкімі
Г.Кұрманбекова
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.