Риддер қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 148 «Риддер қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 тамыз 2024 ж.

    Риддер қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 148 «Риддер қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Риддер қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 148 «Риддер қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5500 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Д. Рахметкалиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.