Ұлан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 133 « Ұлан ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 тамыз 2024 ж.

    Ұлан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 133 « Ұлан ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ұлан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 133 « Ұлан ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9010-16 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес, Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мәслихат төрағасы

    Г. Калиева

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.