Байғанин ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 тамыз 2024 ж.

    Байғанин ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 33, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27 бабына сәйкес, ШЕШТIМ:

    1. Байғанин ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

    1) Байғанин ауданы әкімінің 2019 жылғы 20 тамыздағы № 13 «Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округінің «Қаратөбе» кен орыны аумағында объектілік ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6366 болып тіркелген) шешімі;

    2) Байғанин ауданы әкімінің 2020 жылғы 25 тамыздағы № 11 «Байғанин ауданы әкімінің 2019 жылғы 20 тамыздағы № 13 «Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округінің «Қаратөбе» кен орыны аумағында объектілік ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7347 болып тіркелген) шешімі.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Байғанин ауданының әкімі

    А. Купенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.