Персоналды басқару қызметі жұмыскерлерінің салааралық уақыт нормативтерін бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 тамыз 2024 ж.

    Персоналды басқару қызметі жұмыскерлерінің салааралық уақыт нормативтерін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 16-бабының 41-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған персоналды басқару қызметі жұмыскерлерінің салааралық уақыт нормативтері бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Министрдің міндетін атқарушы

    А. Сарбасов

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты әлеуметтік

    қорғау министрінің

    2024 жылғы «26» тамыздағы

    № 329 бұйрығымен

    бекітілген

    Персоналды басқару қызметі жұмыскерлерінің салааралық уақыт нормативтері

    1-бөлім. Жалпы бөлім

    1. Осы персоналды басқару қызметі жұмыскерлерінің салааралық уақытнормативтері (бұдан әрі – уақыт нормативтері) кадрларды жинақтау және есепке алу жөніндегі жұмыстарға жұмыс уақытының шығындарын айқындау, сондай-ақ кадр қызметтерінің жұмыскерлері арасында жұмысты бөлу мақсатында ұйымдарда (кәсіпорындарда) қолдану үшін ұсынылады.

    2. Әзірленген уақыт нормативтері орындалатын жұмыс көлеміне адам-сағатына жедел уақыт шығындарын қамтиды.

    3. Уақыт нормативтерімен мынадай жұмыс түрлері қамтылған:

    жұмыскерді жұмысқа қабылдау кезінде құжаттарды ресімдеу;

    еңбек шартын ресімдеу;

    табель eceбін жүргізу;

    лауазымдық нұсқаулықтарды, технологиялық карталарды, жұмыс нұсқаулықтарын немесе басқа құжаттарды әзірлеу;

    жұмыскерге мінездеме ресімдеу;

    жұмыскер жұмыстан шығарылған кезде құжаттарды ресімдеу;

    № Т-2 нысанды жеке карточкалар жүргізу;

    демалыс графиктерін жасау;

    демалысқа құжаттарды ресімдеу;

    жалақы төлеу үшін еңбек өтілін есептеу жөніндегі жұмыскерлердің дерекқорына ақпарат енгізу;

    еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парағын ресімдеу;

    анықтамалар жасау және беру;

    жұмыскердің медициналық тексеруіне анықтама бланкілерін беру;

    тегі өзгеруін ресімдеу;

    жұмыскерлерді көтермелеуге құжаттар ресімдеу;

    жазаларды peciмдеy;

    есеп жасау;

    жұмыскерді іссапарға жiбepy туралы құжаттарды ресімдеу;

    жұмыскерлерді аттестациядан өткізу;

    ұйымның (кәсіпорынның) кадрларға, оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктерге қажеттілігін талдау және жоспарлау;

    ұйым (кәсіпорын) кадрларының кәсіптік дамуын, оның ішінде қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды, тағылымдамаларды ұйымдастыру жолымен қамтамасыз ету;

    еңбек мобильділігі орталығымен байланысты жұмыстар;

    тұрақты (уақытша) рұқсат қағазын peciмдеy және беру;

    әскери міндеттілерді есепке алу және брондау.

    4. Персонал жөніндегі жұмыстарды (кадрларды жинақтау жане есепке алу) құрылымдық бөлімшенің басшысы, персонал менеджері (hr-менеджер), персоналды іріктеу жөніндегі менеджер (рекрутер), кадрлар дайындау жөніндегі инженер (кәсіптік бейімдеу жөніндегі), кадрлар инспекторы, кадрлар жөніндегі маман (бұдан өpi – кадрлар бөлімінің қызметшілері) орындайды.

    5. Уақыт нормативтері кестелерінде керсетілген факторлардың сандық мәндері өткен жылдың орташа жылдық шамалары ретінде айқындалады.

    6. Уақыт нормативтерінде тапсырма алуға, консультациялар беруге, келісуге және тапсырмаларды орындаумен байланысты басқа да жұмыстарға жұмсалатын уақыт есептелген.

    7. Жұмыстардың мазмұны, өлшем бірліктері, еңбек шығындарына әсер ететін факторлардың атаулары мен сандық мәндері, сондай-ақ жұмыстың әрбір түрі бойынша уақыт нормалары нормативтік бөліктің тиісті параграфтарында келтіріледі.

    8. Уақыт нормативтері:

    ұйымның (кәсіпорынның) құрылымдық бөлімшелерінде қолданылатын еңбектің ұйымдастырлуын зерделеу материалдары;

    персонал бойынша қызметтердің негізгі жұмыстары бойынша хронометраждық байқаулардың деректері;

    персонал бойынша қызметтердің статистикалық деректері, статистикалық және өзге де есептіліктері;

    еңбек тәсілдері мен әдістерін ұтымды ету және жұмыс орындарын ұйымдастыру мақсатында кадрларды, еңбек процестерін жинақтау және есепке алу жөніндегі жұмыстарға жұмсалатын уақыт шығындарын талдау және зерттеу нәтижелері негізінде әзірленген.

    9. Нормаланатын операцияны орындауға арналған уақыт нормативі мынадай формула бойынша айқындалады:

    Нуақыт =Тшұғыл *(1+к/100),

    мұндағы Нуақыт – нақты жұмыс түрін (функцияны) орындауға арналған уақыт нормативі, адам-сағат;

    Тшұғыл – норматив бойынша белгіленген нормаланатын жұмысты орындауға арналған уақыт нормативі, адам-сағат;

    К – жұмыс орнына ұйымдастырушылық-техникалық қызмет көрсетуге, демалуға (жұмысты орындау кезінде мәжбүрлі кідірістерді, гимнастикалық жаттығуларды қоса алғанда) және жеке қажеттіліктерге, сондай-ақ дайындық- аяқтау жұмыстарына жұмсалатын шұғыл уақыттан %-бен есептелетін коэффициент. Жұмыскерлердің жұмыс уақыттарын хронометраждық бақылау зерттеулері нәтижесі бойынша коэффициент уақыт мөлшерінің 10 %-на тең.

    10. Персоналды басқару қызметтері жұмыскерлерінің уақыт нормативтерін есептеу мысалы уақыт нормативтеріне 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген.

    Пайдаланушылардың қолдануына ыңғайлы болу үшін нормативтерінің мазмұны уақыт нормативтеріне 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген.

    2-бөлім. Еңбекті ұйымдастыру

    11. Кадрларды жинақтау және есепке алумен айналысатын жұмыскерлердің қызметі құрылымдық бөлімшелер туралы ережеде және қолданыстағы басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес әзірленген лауазымдық нұскаулықта регламенттелді.

    12. Жұмыстарды орындаушылардың арасында үлестіру барысында, жұмыскерлердің қажетті дағдыларды меңгеруіне және тапсырмаларды тез орындауға ықпал етуге тиіс олардың тәжірибесі мен іскерлік қасиеттері ескерілуі қажет.

    Құрылымдык бөлімшенің бастығы жұмыскерлер құрамының өзгеруін ескере отырып, ұйымды (кәсіпорынды) кадрлармен жинақтаудың ағымдағы және преспективалық жоспарларын әзірлеуді басқарады, кадрлардың біліктілігін, жеке және іскерлік қасиеттерін бағалау негізінде оларды таңдау, iріктеу және орналастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады.

    Кадрлар бөлімінің қызметшісі ұйымның (кәсіпорынның), оның бөлімшелерінің жеке құрамының есебін алғашқы есепке алу құжаттамасының бірыңғай нысандарына сәйкес жүргізеді, еңбек заңнамасына, құрылымдық бөлімшелерінің ережелеріне, қызметшілер лауазымдары мен жұмысшылар кәсіптерінің біліктілік сипаттамаларына сәйкес жұмыскерлерді қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан шығаруды ресімдейді.

    13. Жұмысқа келу мен одан кетуді есепке алу орталықтандырылған немесе орталықтандырылмаған тәртіппен ұйымдастырылады (бірнеше кіреберістерде, цехтарда, өндірістік учаскелерде) және табельде барлық келгендерді, келмегендерді, кешігіп келгендерді, артық сағаттарды белгілеу жолымен немесе тек ауытқуларды (келмеулерді, кешігіп келуді, артық сағаттар) тіркеу жолымен жүзеге асырылады.

    Жұмыскерлердің жұмыс орнына уақтылы келгенін және кеткенін, сондай-ақ жұмыс күні барысында жұмыс уақытын (ауысымын) дұрыс пайдаланылуын бақылау жұмыс берушінің ішкі ұйымдастырушылық-өкімдік актілерімен peттеледі.

    14. Нормативте қабылданған ұйымдастырушылық-техникалық шарттар:

    жұмыс орындарын тиімді ұымдастыруды;

    жұмыс істеушілердің қажетті ақпаратты, консультацияларды, нұсқаулықты уақтылы алуды;

    еңбек жане демалудың оңтайлы режимін сақтауды;

    белгіленген санитариялық нормаларды қамтамасыз етуді көздейді.

    15. Кадрлар бөлімі қызметшісінің жұмыс орны ұйымдастыру техникасының ыңғайлы тұруын қамтамасыз ететін қосымшасы бар, тартпаларында тиісті құжаттар мен кеңсе керек-жарақтары сақталатын үстелдермен жабдықталады.

    Құжаттамаларды және кеңсе керек-жарақтарын сақтайтын стеллаждар, шкафтар, сейфтер және киімге арналған шкафтар жұмыс орындарына, ұйымдастыру техникасы құралдарына өтуге және жарыққа бөгет болмайтындай етіп қойылады.

    Үстелдің үстінде жұмыс істеуге қажет болатын құжаттардың саны барынша аз болуға тиіс. Құжаттар мен ұйымдастыру техникасы құралдары әр заттың белгілі бір орны болатындай етіп орналастырылу керек.

    Телефон аппараты мен калькуляторды орындаушының үстеліне жұмыс орнына ыңғайлы орнатады. Егер бұл құралдарды бірнеше орындаушы қолданса, онда телефон аппараты мен ұйымдастыру техникасының құралдарын арнайы белгіленген жерде стационарлық түрде орнатады.

    16. Ұйымда (кәсіпорында) кадрлық мәселелер бойынша келушілерді қабылдау таңғы сағаттарда және жұмыс аяқталу алдында келушілерді қабылдауды көздейтін график негізінде жүзеге асырылады.

    Кадрларды жинақтаумен және есепке алумен айналысатын жұмыскерлер белгіленген күн тәртібіне және жұмысшылардың тұрақты жұмыс қабілеттілігі жоғары болған күннің бірінші жартысында ең көп еңбекті қажет ететін жұмыстарды орындай отырып, барлық міндетті жұмыстарды регламенттеуге сүйене отырып, еңбек және демалыс режимін сақтайды.

    3-бөлім. Нормативтік бөлім

    1-параграф. Жұмыскерді жұмысқа қабылдау кезінде құжаттарды ресімдеу

    17. Жұмыстың үлгі құрамы:

    тиісті құжаттармен танысу (жеке куәлік, еңбек кітапшасы, білімі туралы диплом және өзге де құжаттар) және олардың негізінде жұмысқа қабылдау туралы бұйрық (өкім) шығару;

    еңбек кітапшасында жұмыскерді жұмысқа қабылдау күнін, құрылымдық бөлімше жұмыскерінің кәсіп атауын, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың (өкімнің) күні мен нөмірін толтыру;

    жұмыскердің жеке мәліметтерін автоматты басқару жүйесіне енгізу (бұдан әрi – АБЖ).

    1-кесте

    Жұ­мыс ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Уа­қыт нор­ма­ти­ві,
    адам-са­ғат
    Жұ­мыс­кер­ді жұ­мысқа қа­был­дау ке­зін­де құ­жат­тар­ды ре­сім­деу
    бір жұ­мыс­кер
    0,91
    2-параграф. Еңбек шартын ресімдеу
    18. Жұмыстың үлгі құрамы:
    кәсіпорынның мекенжайын және шартқа қол қою күнін, жұмысқа жалданатын адамның тегін, атын, әкесінің атын (оның болған кезде), жұмыс мерзімін, айлық жалақысын немесе тариф мөлшерлемесін, оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, мамандық (біліктілік), кәсіп немесе лауазымның атауы;
    кәсіпорынның жалдамалы жұмыскері мен басшының қолдары;
    шарттың бір-бір данасын бөлімшеге, бухгалтерияға беру және «жеке іске» қосу;
    АБЖ-ға деректерді енгізу.
    2-кесте
    Жұ­мыс ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Уа­қыт нор­ма­ти­ві,
    адам-са­ғат
    Ең­бек шар­тын ре­сім­деу
    бір жұ­мыс­кер
    0,77
    3-параграф. Табель eceбін жүргізу
    19. Жұмыстың үлгі құрамы:
    жұмыс орындарында жұмыс істейтіндердің болуын тексеру;
    жұмыскерлердің қозғалысы туралы күнделікті есеп жасау және ақпаратты АБЖ-ға енгізу;
    жұмыс істеген уақытын көрсете отырып, белгіленген тәртіппен табель ұсыну;
    жұмыс уақытын пайдалануға байланысты еңбек тәртібін бұзу және себептер бойынша келмеу есебін жүргізу.
    3-кесте
    Жұ­мыс ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Уа­қыт нор­ма­ти­ві,
    адам-са­ғат
    Та­бель есе­бін жүр­гі­зу
    бір жұ­мыс­кер
    0,66
    4-параграф. Лауазымдық нұсқаулықтарды, технологиялық карталарды, жұмыс нұсқаулықтарын немесе басқа құжаттарды әзірлеу
    20. Жұмыстың үлгі құрамы:
    құрылымды айқындау, лауазымдар, кәсіптер бойынша жұмыстардың мазмұны туралы ақпарат жинау;
    пилоттық жобаны ұйымдастыру және жүргізу;
    алынған ақпаратты талдау, лауазымдық нұсқаулықтарды, технологиялық карталарды, жұмыс нұсқаулықтарын немесе басқа құжаттарды толтыру, құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен келісу;
    лауазымдық нұсқаулықтардың мәтіндеріне қажетті толықтырулар мен өзгерістер енгізу;
    лауазымдық нұсқаулықтар топтамасын, технологиялық карталарды, жұмыс нұсқаулықтарын немесе басқа құжаттарды бекітуге дайындау;
    лауазымдық нұсқаулықтарды, технологиялық карталарды, жұмыс нұсқауларын немесе басқа да құжаттарды АБЖ-ға енгізу.
    4-кесте
    Жұ­мыс ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Уа­қыт нор­ма­ти­ві,
    адам-са­ғат
    Ла­у­а­зым­дық нұс­қа­улық­тар­ды, тех­но­ло­ги­я­лық кар­та­лар­ды, жұ­мыс нұс­қа­улық­та­рын неме­се бас­қа құ­жат­тар­ды әзір­леу
    бір ла­у­а­зым­дық нұс­қа­улық
    2,75
    5-параграф. Жұмыскерге мінездеме ресімдеу
    21. Жұмыстың үлгі құрамы:
    бөлімше басшысынан мінездеме алу;
    жұмыскердің жеке ісімен танысу, түзету, редакциялау және оны жұмыскерге беру.
    5-кесте
    Жұ­мыс ата­уы
    өл­шем бір­лі­гі
    Уа­қыт нор­ма­ти­ві,
    адам-са­ғат
    Жұ­мыс­кер­ге мі­нез­де­ме ре­сім­деу
    бір жұ­мыс­кер
    1,07
    6-параграф. Жұмыскер жұмыстан шығарылған кезде құжаттарды ресімдеу
    22. Жұмыстың үлгі құрамы:
    жұмыскердің жұмыстан шығару туралы өтінішімен танысу;
    кету парағын дайындау және беру;
    жұмыстан шығару туралы бұйрық жасау;
    жұмыскердің жеке карточкасына және еңбек кітапшасына жұмыстан шығару күнін, себебін, жұмыстан шығару туралы бұйрық нөмірін жазу;
    жұмыскерді жұмыстан шығару туралы АБЖ-ға ақпарат енгізу;
    жұмыскерді жұмыстан шығару туралы бұйрықпен таныстыру;
    еңбек шарты тоқтатылған күні қол қойғызып еңбек кітапшасын беру.
    6-кесте
    Жұ­мыс ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Уа­қыт нор­ма­ти­ві,
    адам-са­ғат
    Жұ­мыс­кер жұ­мыстан шы­ға­ры­л­ған кез­де құ­жат­тар­ды ре­сім­деу
    жұ­мыстан шы­ға­ры­ла­тын бip жұ­мыс­кер
    0,61
    7-параграф. № Т-2 нысанды жеке карточкалар жүргізу
    23. Жұмыстың үлгі құрамы:
    жаңадан жұмысқа қабылданған жұмыскерлердің № Т-2 нысанындағы жеке карточкаларын жүргізу;
    № Т-2 нысанының жеке карточкасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
    АБЖ-ға № Т-2 нысанды карточкалардан деректерді енгізу;
    № Т-2 нысанды жеке карточкалардың тозуы кезінде алдыңғы карточкаларды жоя отырып, жаңасы енгізіледі.
    7-кесте
    Жұ­мыс ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Уа­қыт нор­ма­ти­ві,
    адам-са­ғат
    № Т-2 ны­сан­ды же­ке кар­точ­ка­лар жүр­гі­зу
    бір жұ­мыс­кер
    0,77
    8-параграф. Демалыс графиктерін дайындау
    24. Жұмыстың үлгі құрамы:
    бөлімшелерден демалыстар графигін алу;
    жиынтық график дайындау және оны түзету;
    графиктерді бөлімше басшыларына жеткізу;
    жыл бойы демалыс графиктерінің сақталуын бақылау.
    басшы жұмыскерлердің демалыс графигін жасау және түзету;
    АБЖ-ға демалыс графиктерінің деректерін енгізу.
    8-кесте
    Жұ­мыс ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Уа­қыт нор­ма­ти­ві,
    адам-са­ғат
    Де­ма­лы­стар гра­фик­те­рін жа­сау
    бір құ­жат
    0,46
    9-параграф. Демалысқа құжаттарды ресімдеу
    25. Жұмыстың үлгі құрамы:
    жұмыскердің демалыс беру туралы өтініші негізінде демалысқа кету және демалыстан шығу күнін, демалыс арасындағы жұмыс істеген күндер санын және демалыс күндерін көрсете отырып бұйрық жасау;
    ұжымдық шартқа сәйкес (бар болса) қосымша демалыстың ұзақтығын есептеу;
    АБЖ-ға ақпарат енгізу.
    9-кесте
    Жұ­мыс ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Уа­қыт нор­ма­ти­ві,
    адам-са­ғат
    Де­ма­лы­сқа құ­жат­тар­ды ре­сім­деу
    бір жұ­мыс­кер
    0,36
    10-параграф. Еңбекақы төлеу үшін еңбек өтілін есептеу жөніндегі жұмыскерлердің дерекқорына ақпарат енгізу
    26. Жұмыстың үлгі құрамы:
    жұмыскерлердің дерекқорын толтыру (тегі, аты, әкесінің аты (оның болған кезде), құрылымдық бөлімшесі, еңбек өтілінің ұзақтығы).
    10-кесте
    Жұ­мыс ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Уа­қыт нор­ма­ти­ві,
    адам-са­ғат
    Ең­бе­ка­қы тө­леу үшін ең­бек өті­лін есеп­теу жө­нін­де­гі жұ­мыс­кер­лер­дің де­рекқо­ры­на ақ­па­рат ен­гі­зу
    бір жұ­мыс­кер
    0,19
    11-параграф. Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парағын ресімдеу
    27. Жұмыстың үлгі құрамы:
    жеке карточканың (№ Т-2 нысандағы) немесе еңбек кітапшасының негізінде жұмыскердің үздіксіз өтілін анықтау және еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парағында сәйкес бағандарды толтыру (ұйымның атауы, жұмыс істемейтін күндерінің саны, парақты толтырған күні);
    АБЖ-ға ақпарат енгізу.
    11-кесте
    Жұ­мыс ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Уа­қыт нор­ма­ти­ві,
    адам-са­ғат
    Ең­бек­ке уа­қыт­ша жа­рам­сыздық ту­ра­лы па­ра­ғын ре­сім­деу
    бір па­рақ
    0,46
    12-параграф. Анықтамаларды дайындау және беру
    28. Жұмыстың үлгі құрамы:
    карточка (№ Т-2) негізінде белгіленген нысанда жұмыс өтілін (жалпы жұмыс өтілін, мамандығы бойынша жұмыс өтілін) көрсете отырып, жұмыс орнынан анықтама жасау;
    жұмыс өтілі көрсетіліп жұмыс орнынан анықтама жасау кезінде жұмыс өтілін есептеу жұмыскердің еңбек кітапшасының негізінде жүргізіледі, анықтама беру жөніндегі журналға анықтаманы тіркеу, тіркелімде анықтамалардың көшірмелерін тіркеу.
    12-кесте
    Жұ­мыс ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Уа­қыт нор­ма­ти­ві,
    адам-са­ғат
    Анық­та­ма­лар­ды дай­ын­дау және бе­ру
    бip анық­та­ма
    0,28
    Ес­керт­пе: Мә­лі­мет­тер­ді ар­хив­те із­де­у­ге жұм­са­ла­тын уа­қыт есеп­ке алын­ба­ған
    13-параграф. Жұмыскердің медициналық тексеруіне анықтама бланкілерін беру
    29. Жұмыстың үлгі құрамы:
    жұмысқа қабылдауда медициналық бақылауға арналған анықтама бланктерді толтыру және беру.
    13-кесте
    Жұ­мыс ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Уа­қыт нор­ма­ти­ві,
    адам-са­ғат
    Жұ­мыс­кер­дің ме­ди­ци­на­лық тек­се­ру­іне анық­та­ма блан­кі­ле­рін бе­ру
    бір анық­та­ма
    0,22
    Ес­керт­пе: Анық­та­ма­лар жұ­мыс­кер­лер­ге ұй­ым­да­ғы жұ­мыстар­дың ерекше­лі­гін ес­ке­ре оты­рып бе­рі­ле­ді
    14-параграф. Тегі өзгеруін ресімдеу
    30. Жұмыстың үлгі құрамы:
    құқық белгілейтін құжаттардың негізінде еңбек кітапшасындағы, жұмыскердің жеке ісіндегі тегін өзгерту;
    тегін өзгерту туралы бұйрық дайындау;
    АБЖ-ға тегі өзгеруі туралы мәліметтерді енгізу;
    тегін өзгерту туралы бухгалтерияға және рұқсат қағазын ауыстыру үшін анықтама беру;
    жеке ici мен еңбек кітапшасын сейфке қайта қою.
    14-кесте
    Жұ­мыс ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Уа­қыт нор­ма­ти­ві,
    адам-са­ғат
    Те­гі өзге­ру­ін ре­сім­деу
    бір тү­зе­ту
    0,22
    15-параграф. Жұмыскерлерді көтермелеуге құжаттар ресімдеу
    31. Жұмыстың үлгі құрамы:
    марапаттауға және көтермелеуге жұмыскерлердің тізімін жасау;
    марапаттауға және көтермелеуге ұсыныс дайындау;
    жұмыскерді марапаттау және көтермелеу туралы бұйрық дайындау;
    бұйрықтың көшірмесін бухгалтерияға жіберу;
    көтермелеуге бұйрық ресімдеу;
    АБЖ-ға ақпарат енгізу.
    15-кесте
    Жұ­мыс ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Уа­қыт нор­ма­ти­ві,
    адам-са­ғат
    Жұ­мыс­кер­лер­ді кө­тер­ме­ле­у­ге құ­жат­тар ре­сім­деу
    бір құ­жат
    0,53
    16-параграф. Жазаларды ресімдеу
    32. Жұмыстың үлгі құрамы:
    басшының қызметтік жазбасы немесе өкімі негізінде жұмыскерлерден түсіндірме талап ету;
    жаза қолдану туралы бұйрық дайындау;
    жұмыскердің жеке парағына бұзушылық сипатын, қолданылған айыптау түрін, бұйрықтың күні мен нөмірін жазу;
    жұмыскерді бұйрықпен таныстыру;
    бұйрық көшірмесін бухгалтерияға жіберу;
    жұмыскердің жеке iciнe бұйрық көшірмесін тігу;
    АБЖ-ға ақпарат енгізу.
    16-кесте
    Жұ­мыс ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Уа­қыт нор­ма­ти­ві,
    адам-са­ғат
    Жа­за­лар­ды ре­сім­деу
    бір ре­сім­деу
    0,19
    17-параграф. Еceпті дайындау
    33. Жұмыстың үлгі құрамы:
    кадрлар козғалысы туралы (жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару, ауыстыру, және өзге ақпарат) тоқсандық, жарты жылдық, жылдық есепті дайындау және АБЖ-сіне енгізу жане оны уәкілетті органға тапсыру;
    Ақпаратты электрондық деректер базасына жазу.
    17-кесте
    Жұ­мыс ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Уа­қыт нор­ма­ти­ві,
    адам-са­ғат
    Еceп­ті дай­ын­дау
    бір есеп
    1,65
    18-параграф. Жұмыскерді іссапарға жiбepy құжаттарын ресімдеу
    34. Жұмыстың үлгі құрамы:
    басшылықтан келіп түскен өкім негізінде іссапарға кететін жұмыскерге оның мерзімдерінің ұзақтығын көрсете отырып, бұйрық дайындау;
    бұйрықты кеңсеге, бухгалтерияға жiбepy;
    ақпаратты электрондық мәліметтер базасына енгізу.
    18-кесте
    Жұ­мыс ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Уа­қыт нор­ма­ти­ві,
    адам-са­ғат
    Жұ­мыс­кер­ді іс­са­пар­ға жiбepy ту­ра­лы құ­жат­тар­ды ре­сім­деу
    бір жұ­мыс­кер
    0,91
    19-параграф. Жұмыскерлерді аттестациядан өткізу
    35. Жұмыстың үлгі құрамы:
    жұмыскерді аттестациядан өткізу мерзімін талдау;
    аттестациядан өтетіндердің тізімін дайындау;
    мінездеме дайындау;
    аттестаттауды өткізу және аттестаттау комиссиясын бекіту туралы бұйрық дайындау;
    аттестаттауды өткізу графигін жасау, оны аттестаттау комиссиясына, бөлімшелер мен басшыларға және аттестатталушыларға хабарлау;
    аттестатталушыны сипаттайтын материалға шолу;
    аттестациялық парақтарды толтыру;
    аттестациялық комиссия хаттамасын жүргізу және комиссия қорытындысын аттестациялық параққа енгізу;
    әpбip бөлімше бойынша аттестаттау қорытындысын шығару;
    бұйрық жобасын дайындау;
    аттестациядан өткен жұмыскерді комиссия шешімімен таныстыру;
    жұмыскердің жеке ісіне аттестациялык парақ көшірмесін тігу;
    жұмыскердің аттестациясы жөніндегі АБЖ-ға енгізу;
    жұмыскерлерді аттестациядан өткізу нәтижесі жөнінде есеп дайындау.
    19-кесте
    Жұ­мыс ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Уа­қыт нор­ма­ти­ві,
    адам-са­ғат
    Жұ­мыс­кер­лер­ді ат­те­ста­ци­ядан өт­кі­зу
    бір жұ­мыс­кер
    0,77
    20-параграф. Ұйымның (кәсіпорынның) кадрларға, оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктерге қажеттілігін талдау және жоспарлау
    36. Жұмыстың үлгі құрамы:
    ұйымның бос лауазымдарына АБЖ-да талдау жүргізу;
    кейінгі жылдарға кадрларға қажеттілікті анықтау үшін жұмыскерлердің жасын талдау.
    20-кесте
    Жұ­мыс ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Уа­қыт нор­ма­ти­ві,
    адам-са­ғат
    Ұй­ым­ның (кә­сі­по­рын­ның) кадр­лар­ға, оның ішін­де ма­ман­дық­тар мен бі­лік­ті­лік­тер­ге қа­жет­ті­лі­гін тал­дау және жос­пар­лау
    бip тал­дау
    1,01
    21-параграф. Ұйым (кәсіпорын) кадрларының кәсіптік дамуын, оның ішінде қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды, тағылымдамаларды ұйымдастыру жолымен қамтамасыз ету
    37. Жұмыстың үлгі құрамы:
    жеке істердің негізінде қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жататын жұмыскерлердің тізімін дайындау;
    уәкілетті органның жіберілген жұмыскерлерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру графиктерін қарауы;
    қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жататын жұмыскерлерге сауалнамалар толтыру;
    қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жататын тізімдерді қоса беріп, хатты дайындау және уәкілетті органға жолдау;
    ақпаратты электрондық дерекқорға енгізу.
    21 -кесте
    Жұ­мыс ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Уа­қыт нор­ма­ти­ві,
    адам-са­ғат
    Ұй­ым (кә­сі­по­рын) кадр­ла­ры­ның кә­сіп­тік да­муын, оның ішін­де қай­та да­яр­ла­уды, бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру­ды, та­ғы­лым­да­ма­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру жо­лы­мен қам­та­ма­сыз ету
    бір ті­зім
    0,55
    22-параграф. Еңбек мобильділігі орталығымен байланысты жұмыстар
    38. Жұмыстың үлгі құрамы:
    кадрларға қажеттілікті айқындау.
    кадрлардың жұмысшылар мен қызметшілерге қажеттілігі, олардың саны, кәсіптің, мамандықтың атауы, төлем жүйесі, тарифтік разряд (жалақы) туралы өтінім нысанын толтыру.
    өтінімді еңбек мобильділігі орталығына жеткізу.
    еңбек мобильділігі орталығында еңбек ресурстары туралы ақпаратпен танысу және қабылдау.
    22-кесте
    Жұ­мыс ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Уа­қыт нор­ма­ти­ві,
    адам-са­ғат
    Ең­бек мо­биль­ді­лі­гі ор­та­лы­ғы­мен бай­ла­ны­сты жұ­мыстар
    бip ма­ман­дық
    0,55
    Ес­керт­пе: Уа­қыт нор­ма­ти­він­де кү­ту уа­қы­ты есеп­ке алын­бай­ды
    23-параграф. Тұрақты (уақытша) рұқсат кағазын ресімдеу және беру
    39. Жұмыстың үлгі құрамы:
    жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың (өкімнің) негізінде тегін, атын, әкесінің атын (оның болған кезде), кәсібін (лауазымын) және рұқсатнаманың (куәліктің) қолданылу мерзімін көрсете отырып, белгіленген үлгідегі рұқсат қағазын (және (немесе) куәлікті) ресімдеу.
    жұмыскердің фотокарточкасын желімдеу, қол қойғызып, мөр басу.
    АБЖ-ға ақпарат енгізу.
    жұмыскерге қол қойғызып рұқсат қағазын (куәлік) беру.
    23-кесте
    Жұ­мыс ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Уа­қыт нор­ма­ти­ві,
    адам-са­ғат
    Тұ­рақ­ты (уа­қыт­ша) рұқ­сат қа­ға­зын ре­сім­деу және бе­ру
    бір жұ­мыс­кер
    0,22
    24-параграф. Әскери міндеттілерді есепке алу және брондау
    40. Жұмыстың үлгі құрамы:
    запастағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардан жұмысқа қабылдау кезінде әскери құжаттарды тексеру;
    әскери-есепке алу құжаттарында мөртабан болмаған кезде әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды есепке қою үшін аудандардың қорғаныс iстep жөніндегі басқармасына жіберу;
    қабылданған немесе жұмыстан шығарылған әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар бойынша тізім ұсыну;
    запастағы жұмыс істейтін әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың саны туралы есеп беру;
    запастағы шекті жасқа жеткен азаматтардың немесе денсаулық жағдайына байланысты әскери кызметке жарамсыз деп танылған азаматтардың (№ Т-2 нысандағы) жеке карточкаларына әскери есептен шығарылғаны жөнінде белгі қою;
    әскери міндеттілерді есепке алу және брондау жөніндегі деректі электрондық базаға толтыру.
    24-кесте
    Жұ­мыс ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Уа­қыт нор­ма­ти­ві,
    адам-са­ғат
    Әс­ке­ри мін­дет­ті­лер­ді есеп­ке алу және брон­дау
    бір жұ­мыс­кер
    0,31
    Ес­керт­пе: Кә­сі­по­рын­дар­да әс­ке­ри мін­дет­ті­лер мен әс­кер­ге ша­қы­ры­лу­шы­лар­ды есеп­ке алу Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры­ның әс­ке­ри мін­дет­те­рін орын­да­луын ба­қы­лау және «Жал­пы­ға бір­дей әс­ке­ри мін­дет ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2012 жы­л­ғы 16 ақ­пан­да­ғы за­ңын­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қор­ға­ныс ми­ни­стрі­нің 2017 жы­л­ғы 24 қаң­тар­да­ғы № 28 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген Әс­ке­ри мін­дет­ті­лер мен әс­кер­ге ша­қы­ры­лу­шы­лар­ды әс­ке­ри есеп­ке алу қа­ғи­да­ла­рын­да (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рі­нің мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 14881 бо­лып тір­келд) бел­гі­лен­ген сақ­та­уын, ха­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы­на ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық жұ­мыс­кер­лер мен бі­лік­ті жұ­мыс­шы­лар­ды брон­да­уды уақ­ты­лы ре­сім­де­уді, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қа­ру­лы кү­ш­те­ріне ша­қы­ры­лу­ға жа­та­тын ма­ман­дар­ды ауы­сты­ру, әс­ке­ри ко­мис­са­ри­ат­тар­ға қор­ға­ныс іс-ша­ра­ла­рын өт­кізу­ге кө­мек көр­се­ту және әс­ке­ри есеп­ті нақ­ты жағ­дай­да ұстау үшін қа­жет­ті кадр­лар­ды ал­дын ала да­яр­ла­уды қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да жүр­гі­зі­ле­ді.
    Кесте­де уа­қыт әс­ке­ри ко­мис­са­ри­ат­қа ба­ру­ға (және ке­рі қай­ту­ға) ке­те­тін және әс­ке­ри ко­мис­са­ри­ат­та­ғы шы­ғын­дар­ды есеп­ке ал­май көр­се­ті­л­ген.

    Уақыт нормативтеріне

    1-қосымша

    Персоналды басқару қызметтері жұмыскерлерінің уақыт нормативтерін есептеу мысалы

    25-кесте

    Р/с №
    Орын­да­ла­тын жұ­мыс
    түpi
    Жұ­мыс кө­ле­мін өл­шеу бір­лі­гі
    Нор­ма­тив кесте­сі па­ра­граф нө­мі­рі
    Нор­ма­тив бой­ын­ша жұ­мысты орын­да­у­ға жұм­сал­ған шұ­ғыл уа­қыт, Тшұ­ғыл,
    адам-са­ғат
    Нақ­ты жұ­мыс
    тү­рін орын­да­у­ға жұм­са­ла­тын уа­қыт нор­ма­сы, Нуа­қыт,
    адам-са­ғат
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    1.
    Жұ­мыс­кер­ді жұ­мысқа қа­был­дау ке­зін­де құ­жат­тар­ды ре­сім­деу
    бip жұ­мыс­кер
    1-па­ра­граф
    1-кесте
    0,83
    0,91
    2.
    Ең­бек шар­тын ре­сім­деу
    бip жұ­мыс­кер
    2-па­ра­граф
    2-кесте
    0,77
    3.
    Та­бель ece­бін жүр­гі­зу
    бip жұ­мыс­кер
    3-па­ра­граф
    З-кесте
    0,6
    0,66
    4.
    Ла­у­а­зым­дық нұс­қа­улық­тар­ды, тех­но­ло­ги­я­лық кар­та­лар­ды, жұ­мыс нұс­қа­улық­та­рын неме­се бас­қа құ­жат­тар­ды әзір­леу
    бip жұ­мыс­кер
    4-па­ра­граф
    4-кесте
    2,5
    2,75
    5.
    Жұ­мыс­кер­ге мі­нез­де­ме ре­сім­деу
    бip жұ­мыс­кер
    5-па­ра­граф
    5-кесте
    0,97
    1,07
    6.
    Жұ­мыс­кер жұ­мыстан шы­ға­ры­л­ған кез­де құ­жат­тар­ды ре­сім­деу
    бip жұ­мыс­кер
    6-па­ра­граф
    6-кесте
    0,55
    0,61
    7.
    № Т-2 ны­сан­ды же­ке кар­точ­ка­лар жүр­гі­зу
    бip жұ­мыс­кер
    7-па­ра­граф
    7-кесте
    0,77
    8.
    Де­ма­лыс гра­фик­те­рін дай­ын­дау
    бip жұ­мыс­кер
    8-па­ра­граф
    8-кесте
    0,42
    0,46
    9.
    Де­ма­лы­сқа құ­жат­тар­ды ре­сім­деу
    бip жұ­мыс­кер
    9-па­ра­граф
    9-кесте
    0,33
    0,36
    10.
    Ең­бе­ка­қы тө­леу үшін ең­бек өті­лін есеп­теу жө­нін­де­гі жұ­мыс­кер­лер­дің де­рекқо­ры­на ақ­па­рат ен­гі­зу
    бip жұ­мыс­кер р
    10-па­ра­граф
    10-кесте
    0,17
    0,19
    11.
    Ең­бек­ке уа­қыт­ша жа­рам­сыздық ту­ра­лы па­ра­ғын ре­сім­деу
    бip жұ­мыс­кер
    11-па­ра­граф
    11 -кесте
    0,42
    0,46
    12.
    Анық­та­ма­лар­ды дай­ын­дау және бе­ру
    бip жұ­мыс­кер
    12-па­ра­граф
    12-кесте
    0,25
    0,28
    13.
    Жұ­мыс­кер­дің ме­ди­ци­на­лық тек­се­ру­іне анық­та­ма блан­кі­ле­рін бе­ру
    бip жұ­мыс­кер
    13-па­ра­граф
    13-кесте
    0,22
    14.
    Те­гі өзге­ру­ін ре­сім­деу
    бip жұ­мыс­кер
    14-па­ра­граф
    14-кесте
    0,22
    15.
    Жұ­мыс­кер­лер­ді кө­тер­ме­ле­у­ге құ­жат­тар ре­сім­деу
    бip жұ­мыс­кер
    15-па­ра­граф
    15-кесте
    0,48
    0,53
    16.
    Жа­за­лар­ды ре­сім­деу
    бip жұ­мыс­кер
    16-па­ра­граф
    16-кесте
    0,17
    0,19
    17.
    Еceп­ті дай­ын­дау
    бip жұ­мыс­кер
    17-па­ра­граф
    17-кесте
    1,5
    1,65
    18.
    Жұ­мыс­кер­ді іс­са­пар­ға жiбepy құ­жат­та­рын ре­сім­деу
    бip жұ­мыс­кер
    18-па­ра­граф
    18-кесте
    0,83
    0,91
    19.
    Жұ­мыс­кер­лер­ді ат­те­ста­ци­ядан өт­кі­зу
    бip жұ­мыс­кер
    19-па­ра­граф
    19-кесте
    0,77
    20.
    Ұй­ым­ның (кә­сі­по­рын­ның) кадр­лар­ға, оның ішін­де ма­ман­дық­тар мен бі­лік­ті­лік­тер­ге қа­жет­ті­лі­гін тал­дау және жос­пар­лау
    бip жұ­мыс­кер
    20-па­ра­граф
    20-кесте
    0,92
    1,01
    21.
    Ұй­ым (кә­сі­по­рын) кадр­ла­ры­ның кә­сіп­тік да­муын, оның ішін­де қай­та да­яр­ла­уды, бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру­ды, та­ғы­лым­да­ма­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру жо­лы­мен қам­та­ма­сыз ету
    бip жұ­мыс­кер
    21-па­ра­граф
    21-кесте
    0,55
    22.
    Ең­бек мо­биль­ді­лі­гі ор­та­лы­ғы­мен бай­ла­ны­сты жұ­мыстар
    бip жұ­мыс­кер
    22-па­ра­граф
    22-кесте
    0,55
    23.
    Тұ­рақ­ты (уа­қыт­ша) рұк­сат қа­ға­зын peciм­деy және бе­ру
    бip жұ­мыс­кер
    23-па­ра­граф
    23-кесте
    0,2
    0,22
    24.
    Әс­ке­ри мін­дет­ті­лер­ді есеп­ке алу және брон­дау
    бip жұ­мыс­кер
    24-па­ра­граф
    24-кесте
    0,28
    0,31

    Уақыт нормативтеріне

    2-қосымша

    Мазмұны

    1. Жал­пы бө­лім
    2
    2. Ең­бек­ті ұй­ым­да­сты­ру
    4
    3. Нор­ма­тив­тік бө­лім
    5
    3.1. 1-па­ра­граф. Жұ­мыс­кер­ді жұ­мысқа қа­был­дау ке­зін­де құ­жат­тар­ды ре­сім­деу
    5
    3.2. 2-па­ра­граф. Ең­бек шар­тын ре­сім­деу
    6
    3.3. 3-па­ра­граф. Та­бель ece­бін жүр­гі­зу
    6
    3.4. 4-па­ра­граф. Ла­у­а­зым­дық нұс­қа­улық­тар­ды, тех­но­ло­ги­я­лық кар­та­лар­ды, жұ­мыс нұс­қа­улық­та­рын неме­се бас­қа құ­жат­тар­ды әзір­леу
    7
    3.5. 5-па­ра­граф. Жұ­мыс­кер­ге мі­нез­де­ме ре­сім­деу
    7
    3.6. 6-па­ра­граф. Жұ­мыс­кер жұ­мыстан шы­ға­ры­л­ған кез­де құ­жат­тар­ды ре­сім­деу
    7
    3.7. 7-па­ра­граф. № Т-2 ны­сан­ды же­ке кар­точ­ка­лар жүр­гі­зу
    8
    3.8. 8-па­ра­граф. Де­ма­лы­стар гра­фи­гін дай­ын­дау
    8
    3.9. 9-па­ра­граф. Де­ма­лы­сқа құ­жат­тар­ды ре­сім­деу
    9
    3.10. 10-па­ра­граф. Ең­бе­ка­қы тө­леу үшін ең­бек өті­лін есеп­теу жө­нін­де­гі жұ­мыс­кер­лер­дің де­рекқо­ры­на ақ­па­рат ен­гі­зу
    9
    3.11. 11-па­ра­граф. Ең­бек­ке уа­қыт­ша жа­рам­сыздық ту­ра­лы па­ра­ғын ре­сім­деу
    9
    3.12. 12-па­ра­граф. Анық­та­ма­лар­ды дай­ын­дау және бе­ру
    10
    3.13. 13-па­ра­граф. Жұ­мыс­кер­дің ме­ди­ци­на­лық тек­се­ру­іне анық­та­ма блан­кі­ле­рін бе­ру
    10
    3.14. 14-па­ра­граф. Те­гі өзге­ру­ін ре­сім­деу
    10
    3.15. 15-па­ра­граф. Жұ­мыс­кер­лер­ді кө­тер­ме­ле­у­ге құ­жат­тар ре­сім­деу
    11
    3.16. 16-па­ра­граф. Жа­за­лар­ды peciм­деy
    11
    3.17. 17-па­ра­граф. Еceп­ті дай­ын­дау
    12
    3.18. 18-па­ра­граф. Жұ­мыс­кер­ді іс­са­пар­ға жiбepy құ­жат­та­рын ре­сім­деу
    12
    3.19. 19-па­ра­граф. Жұ­мыс­кер­лер­ді ат­те­ста­ци­ядан өт­кі­зу
    12
    3.20. 20-па­ра­граф. Ұй­ым­ның (кә­сі­по­рын­ның) кадр­лар­ға, оның ішін­де ма­ман­дық­тар мен бі­лік­ті­лік­тер­ге қа­жет­ті­лі­гін тал­дау және жос­пар­лау
    13
    3.21. 21-па­ра­граф. Ұй­ым (кә­сі­по­рын) кадр­ла­ры­ның кә­сіп­тік да­муын, оның ішін­де қай­та да­яр­ла­уды, бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру­ды, та­ғы­лым­да­ма­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру жо­лы­мен қам­та­ма­сыз ету
    13
    3.22. 22-па­ра­граф. Ең­бек мо­биль­ді­лі­гі ор­та­лы­ғы­мен бай­ла­ны­сты жұ­мыстар
    14
    3.23. 23-па­ра­граф. Тұ­рақ­ты (уа­қыт­ша) рұк­сат ка­ға­зын peciм­деy және бе­ру
    14
    3.24. 24-па­ра­граф. Әс­ке­ри мін­дет­ті­лер­ді есеп­ке алу және брон­дау
    15
    1-қо­сым­ша: Пер­со­нал­ды бас­қа­ру қыз­мет­те­рі жұ­мыс­кер­ле­рі­нің уа­қыт нор­ма­тив­те­рін есеп­теу мы­са­лы
    16

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.