Құжаттарды орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне аудару жұмыстарына кететін уақыттың салааралық нормаларын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 тамыз 2024 ж.

    Құжаттарды орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне аудару жұмыстарына кететін уақыттың салааралық нормаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 41-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған құжаттарды орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне аудару жұмыстарына кететін уақыттың салааралық нормалары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Министрдің міндетін атқарушы

    А. Сарбасов

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты әлеуметтік

    қорғау министрінің

    2024 жылғы «26» тамыздағы

    № 331

    бұйрығымен бекітілген

    Құжаттарды орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне аудару жұмыстарына кететін уақыттың салааралық нормалары

    1-бөлім. Жалпы бөлім

    1. Құжаттарды орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне аудару жұмыстарына кететін уақыттың салааралық нормалары (бұдан әрі – уақыт нормалары) ұйымдарда аудармашылардың орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне аударатын жұмыстарын нормалауға арналған.

    2. Уақыт нормаларын әзірлеу негізіне:

    ұйымдардың қызметін регламенттеуші заңнамалық және нормативтік-әдістемелік құжаттарды зерттеу мен талдаудың деректері;

    еңбекті нормалауды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар;

    фотохронометраждық бақылау қорытындылары;

    құжаттарды, оның ішінде азаматтар мен ұйымдардың хаттарын аударумен, редакциялаумен айналысатын жұмыскерлердің еңбегін ұйымдастырудың қолданыстағы материалдары алынды.

    3. Осы уақыт нормаларында мынадай жұмыс түрлері қамтылды:

    аудармашылардың орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне толық жазбаша аударуы;

    орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне толық жазбаша аударманы (өзінің аударма мәтінін) редакциялау;

    орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне толық жазбаша аударманы (өзге адамның аударма мәтінін) редакциялау.

    4. Құжаттарды жазбаша аудару жөніндегі жұмыстарды нормалау жұмыс бабындағы аударманы ескере отырып жүзеге асырылады.

    Жұмыс бабындағы аударма түпнұсқаның мазмұнын дұрыс беретін толыққанды, стилистикалық жағынан сауатты аударманы қамтиды.

    5. Жазбаша аудармаға арналған уақыт нормалары компьютерде басылған мәтін беттерінде орындалған аударма көлеміне қарай айқындалады.

    Мәтіннің компьютерде басылған 1 беті (баспа парағы) 2000 баспа белгіге тең болады деп қабылданды.

    Баспа парақ деп басылым көлемінің стандарт форматты қағаз парақтың бір бетінің ауданына тең өлшем бірлігі түсініледі.

    Бір баспа белгісі (басу) деп пернелерді біркелкі басу жолымен жасалатын белгі (әріп, сан, тынысы белгілері) немесе интервал түсініледі, оның көлемі бір белгі орналасатын ауданға сәйкес келеді.

    6. Өнімділік нормалары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес белгіленген жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы сақталып жұмыс күні ішінде аударылатын мәтіннің нақты көлемімен белгіленеді.

    Аударма кезінде өнімділік нормаларының өлшем бірлігі стандарттық форматты баспа парақ болып табылады.

    Ұйымдарда аударылған мәтінді компьютерді пайдалана отырып басу Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес мына өлшемдерді сақтай отырып, жүзеге асырылады: А4 форматты стандарттық парақта жолдар арасында біржарым интервал, Microsoft Word үшін «Times New Roman» және «Times/Kazakh» үлгідегі № 14 қаріп сақтай отырып жүзеге асырылады.

    7. Уақыт нормаларында жазбаша аударма үшін түпнұсқа күрделілігінің үш тобы көзделген:

    I топ. Лексикалық, стилистикалық құрамы мен мағыналық мазмұны аудару кезінде қиындық келтірмейтін жалпы және арнайы мәселелер жөніндегі мәтіндер.

    II топ. Стилистикалық құрамы мен мағыналық мазмұны қолда бар сөздік-анықтамалық әдебиетті пайдалануды көздейтін шағын салалық сипаттағы арнаулы мәселелер жөніндегі, сондай-ақ көп салалық тақырып жөніндегі мәтіндер.

    III топ. Білімінің жаңа салаларынан алынатын, стилистикалық құрамы мен мағыналық мазмұны қолда бар сөздік-анықтамалық әдебиетпен қатар ерекше терминдердің мағынасын ашатын қосымша материалдар іріктеуді және мамандармен кеңесуді көздейтін мәтіндер.

    8. Жұмыстың мазмұны, өлшем бірліктері, еңбек шығындарына әсер етуші факторлардың атауы мен сандық мағыналары, сондай-ақ жұмыстың әрбір түрі бойынша уақыт нормалары нормативтік бөлімінің тиісті тарауларында келтіріледі.

    9. Уақыт нормаларында нормативтік құқықтық актілер мен әртүрлі құжаттарды, оның ішінде азаматтар мен ұйымдардың хаттарын жазбаша аудару мен редакциялау жөнінде тапсырмалар алуға және жұмысты тапсыруға кететін уақыт та ескерілді.

    10. Уақыт нормаларында қабылданған өлшем бірлігіне арналған сағаттармен берілген.

    11. Уақыт нормаларында даярлық-қорытынды жұмыстарға, жұмыс орынын ұстауға, дене тәрбиесі үзілістерін қоса алғанда, демалуға және оперативті уақыттың 10 % мөлшерінде жеке қажетіне арналған уақыт ескерілді.

    Уақыт нормаларының есебі (Унорма) жұмыс түрлері бойынша:

    мұндағы Топ. – оперативті уақыт;

    К – даярлық-қорытынды жұмыстарға, жұмыс орынын ұстауға, демалуға және (дене тәрбиесі үзілістерін қоса) оперативті уақыттың % мөлшерінде жеке қажетіне арналған уақыт сомасы.

    12. Жұмысты басқа лауазымдық атаудағы орындаушылардың атқаруы уақыт нормаларын қандай да болмасын өзгертуге негіз болып табылмайды.

    13. Минуттарды сағатқа есептеу кестесі уақыт нормаларына 1-қосымшаға сәйкес келтірілген.

    Еңбек нормативтерінің мазмұны уақыт нормаларына 2-қосымшаға сәйкес келтірілген.

    2-бөлім. Еңбекті ұйымдастыру

    14. Ұйымдар аудармашыларының лауазымдық міндеттері аудармашыға қойылатын басшылардың, мамандар және басқа қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамасында көзделген талаптарын ескеріп әзірленген лауазымдық нұсқаулықтармен регламенттеледі.

    15. Орындаушылар арасында жұмысты бөлу кезінде олардың біліктілігін, тәжірибесі мен іскерлік қасиеттерін ескеру керек, бұл қажетті дағдыларды игеруге және тапсырманың орындалуын жылдамдатуға жәрдемдеседі.

    16. Осы уақыт нормалары аудармашылардың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № ҚР ДСМ-52 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28525 болып тіркелген) бекітілген «Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына және «Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар» ҚР ҚН 3.02-07-2014 Қазақстан Республикасының Құрылыс нормаларына сәйкес қалыпты жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ұйымдық-техникалық шарттар кешеніне бағдарланған.

    Аударма бөлімшелері үшін жеке бөлме беру ұсынылады. Орынжай ауданы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10762 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларына сәйкес келеді. Аударма бөлімшелерінде табиғи жарық және жеткіліті түрде жасанды, ал жұмыс орындарында – жеке жарық болады. Бөлмелерде шусыз желдеткіш орнатылады.

    17. Орындаушының (аудармашының) жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру барынша қолайлы жағдай туғызуды көздейді.

    Жұмыс жиһазы мен өтпе жолдар көлемі өнімді жұмыс үшін қолайлы еңбек жағдайын жасауды ескере отырып таңдалады.

    Үстел үстінде жұмыс күні ішінде жедел жұмысқа арналған құжаттардың ең қажетті аз мөлшері орналастырылады.

    18. Аудармашы жұмысқа қажетті материалдармен (қағазбен, кеңсе бұйымдарымен), сондай-ақ жалпы және арнаулы сипаттағы сөздік-анықтамалық материалмен уақытылы қамтамасыз етіледі:

    1) аранаулы сөздіктер:

    қос тілді арнаулы сөздіктер;

    бір тілдегі арнаулы сөздіктер;

    2) арнаулы (терминологиялық) энциклопедиялар;

    3) анықтамалар;

    4) арнаулы әдебиет;

    5) автоматтандырылған жүйенің деректер базасы.

    19. Мамандардың жұмыс орындары дербес компьютерлермен жабдықталады.

    20. Нормативтік құқықтық және басқа құжаттардың жазбаша аудармасын жасаушы аудармашылар белгіленген жұмыс күніне қарай, еңбек және демалыс режимін сақтайды. Бұл ретте жұмыскерлердің еңбек және демалыс режимі міндетті және күрделі жұмыстар жұмысқа жоғары қабілеттілік байқалатын, тәуліктің алғашқы жартысында жүзеге асырылатындай тәртіппен ұйымдастырылады. Жұмыс басталғаннан соң екі сағаттан кейін және жұмыс аяқталуға екі сағат қалғанда ұзақтығы 10 минуттік дене шынықтыру үзілістері жасалады.

    3-бөлім. Нормативтік бөлім

    1-параграф. Құжаттарды орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне (толық жазбаша) аударуға арналған уақыт және өнімділік нормалары

    21. Жұмыстың шамамен құрамы:

    түпнұсқаны оқу;

    сөздіктерді, анықтамаларды, арнаулы әдебиетті және өзге де құжаттарды іріктеп алу;

    мәтінді мағыналық талдау;

    мамандармен (қажетіне қарай) кеңесу: мамандардан арнаулы шағын немесе таныс емес тақырып бойынша мәтіннің жекелеген тіркестерінің дұрыс айтылуын анықтау;

    тақырыпты аудару;

    мәтінді сөздіктерді, автоматтандырылған жүйенің деректер базасын пайдалана отырып, аудару және оны компьютерге енгізу;

    аударылған мәтінді басып шығару;

    аударманы тапсыру.

    22. Өлшем бірлігі – 1 баспа парақ.

    23. Уақыт нормалары 1-кестеде келтіріген.

    24. Аударма парақтарындағы өнімділік нормалары (аударма бойынша) 2-кестеде келтіріген.

    1-кестеде

    Аудар­ма кө­ле­мі
    Түп­нұс­қа­ның күр­де­лі­лік то­бы
    I
    II
    III
    Уа­қыт нор­ма­сы
    (са­ғат)
    1 бас­па па­рақ
    (2000 бас­па бел­гі)
    0,727
    0,879
    1,000
    2-кестеде
    Аудар­ма кө­ле­мі
    Түп­нұс­қа­ның күр­де­лі­лік то­бы
    I
    II
    III
    Өнім­ді­лік нор­ма­сы
    (бас­па па­рақ­та­ры)
    1 бас­па па­рақ
    (2000 бас­па бел­гі)
    11
    9
    8
    2-параграф. Орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне аударылған толық жазбаша аударманы (өзі аударған мәтінді) редакциялауға арналған уақыт нормалары
    25. Жұмыстың шамамен құрамы:
    өзі аударған мәтіндегі сөйлемдерді (абзацтарды) түпнұсқамен салыстыру;
    автоматтандырылған жүйенің деректер базасымен салғастыру;
    аударманың әрбір сөйлемінің, қолданылған терминологияның бірізділігін, мазмұндау логикасының түпнұсқаға сәйкестігін тексеру;
    мәтінді аударма тіліне жатпайтын ұғымдар мен тіркестерден арылту;
    мағыналық және стилистикалық түзетулер енгізу;
    аударманы тапсыру.
    26. Өлшем бірлігі – 1 баспа парақ.
    3-кесте
    Аудар­ма кө­ле­мі
    Түп­нұс­қа­ның күр­де­лі­лік то­бы
    I
    II
    III
    Уа­қыт нор­ма­сы
    (са­ғат)
    1 бас­па па­рақ
    (2000 бас­па бел­гі)
    0,239
    0,322
    0,435
    3-параграф. Орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне басқа аудармашы аударған толық жазбаша аударманы (басқа адам аударған мәтінді) редакциялауға арналған уақыт нормалары
    27. Жұмыстың шамамен құрамы:
    аударма мәтініндегі сөйлемдерді (абзацтарды) түпнұсқамен салыстыру;
    автоматтандырылған жүйенің деректер базасымен салғастыру;
    басқа аудармашы орындаған аудармадағы әрбір тіркестің түпнұсқаға сәйкестігін, қолданылған терминологияның, мазмұндама логикасының бірізділігін тексеру;
    мәтінді аударма тіліне жатпайтын ұғымдар мен тіркестерден арылту;
    мағыналық және стилистикалық түзетулер енгізу;
    аударманы тапсыру.
    28. Өлшем бірлігі – 1 баспа парақ.
    4-кесте
    Аудар­ма кө­ле­мі
    Түп­нұс­қа­ның күр­де­лі­лік то­бы
    I
    II
    III
    Уа­қыт нор­ма­сы
    (са­ғат)
    1 бас­па па­рақ
    (2000 бас­па бел­гі)
    0,365
    0,493
    0,665

    Уақыт нормаларына

    1-қосымша

    Минутты сағатқа есептеу кестесі

    Ми­нут
    Са­ғат
    Ми­нут
    Са­ғат
    Ми­нут
    Са­ғат
    1
    0,017
    21
    0,350
    41
    0,683
    2
    0,033
    22
    0,367
    42
    0,700
    3
    0,050
    23
    0,383
    43
    0,717
    4
    0,067
    24
    0,400
    44
    0,733
    5
    0,083
    25
    0,417
    45
    0,750
    6
    0,100
    26
    0,433
    46
    0,767
    7
    0,117
    27
    0,450
    47
    0,783
    8
    0,133
    28
    0,467
    48
    0,800
    9
    0,150
    29
    0,483
    49
    0,817
    10
    0,167
    30
    0,500
    50
    0,833
    11
    0,183
    31
    0,517
    51
    0,850
    12
    0,200
    32
    0,533
    52
    0,867
    13
    0,217
    33
    0,550
    53
    0,883
    14
    0,233
    34
    0,567
    54
    0,900
    15
    0,250
    35
    0,583
    55
    0,917
    16
    0,267
    36
    0,600
    56
    0,933
    17
    0,283
    37
    0,617
    57
    0,950
    18
    0,300
    38
    0,633
    58
    0,967
    19
    0,317
    39
    0,650
    59
    0,983
    20
    0,333
    40
    0,667
    60
    1,000

    Уақыт нормаларына

    2-қосымша

    Мазмұны

    1.1-бөлім. Жалпы бөлім……………………………………......……....... 2

    2.2-бөлім. Еңбекті ұйымдастыру…………………………......………. 4

    3.3-бөлім. Нормативтік бөлім ……………………………......…....... 5

    3.1. 1-парграф. Құжаттарды орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне (толық жазбаша) аударуға арналған уақыт және өнімділік нормалары ....................................... 5

    3.2. 2-парграф. Орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне аударылған толық жазбаша аударманы (өзі аударған мәтінді) редакциялауға арналған уақыт нормалары .............................. 6

    3.3. 3-парграф. Орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне аударылған толық жазбаша аударманы (басқа адам аударған мәтінді) редакциялауға арналған уақыт нормалары ..................................................... 7

    1-қосымша: Минутты сағатқа есептеу кестесі ….........……................... 8

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.