Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 және «Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 жарлықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаЖарлық
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 тамыз 2024 ж.

    Қазақстан Республикасының

    Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң

    жинағында жариялануға тиiс

    Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 және «Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 жарлықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

    ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

    1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

    1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында:

    жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:

    «

    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Бә­се­ке­ле­стікті қор­ғау және да­мы­ту агент­ті­гі, со­ның ішін­де оның аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі
    385
    »
    деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Бә­се­ке­ле­стікті қор­ғау және да­мы­ту агент­ті­гі, со­ның ішін­де оның аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі
    391
    »;
    2) «Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығында:
    жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің құрылымы мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
    «Цифрландыру департаменті
    Әдеп жөніндегі уәкіл».
    2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Президенті

    Қ.Тоқаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.