Комсомол ауылында жер учаскесіне шектеулі нысаналы пайдалану (қоғамдық сервитут) құқығын беру туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-тармағының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Комсомол ауылдық округі әкімінің м.а. ШЕШТІ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Комсомол ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 49 жыл мерзімге су тарату желілеріне қызмет көрсету үшін Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Комсомол ауылдық округі аумағында орналасқан жер учаскесіне жалпы ауданы 9,75 гектар шектеулі нысаналы пайдалану (жария сервитут) құқығы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімінің м.а.
Н. Рудина
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.