Жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығын (сервитут) беру туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 тамыз 2024 ж.

    Жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығын (сервитут) беру туралы

    Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17 бабының 5-1 тармақшасына, 69 бабының 4 тармағының 2 тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзіе-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңының 31 бабы 1 тармағының 20 тармақшасына сәйкес, Мичурин ауылдық округі әкімінің м.а. ШЕШТІ:

    1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мичурино ауылының, Мичурин ауылдық округінің, Тимирязев ауданының, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан жер учаскесіне 49 жыл мерзімге су тарату желісін салу үшін жалпы ауданы 31,5 га ашық сервитут белгіленсін.

    2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Ауылдық округі әкімінің м.а.

    Г. Шабжантаева

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.