«Астана қаласының аумағындағы Жасыл екпелерді жасау, күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 87/10-VIII шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 тамыз 2024 ж.

    «Астана қаласының аумағындағы Жасыл екпелерді жасау, күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 87/10-VIII шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Астана қаласының аумағындағы Жасыл екпелерді жасау, күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 87/10-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1362-01 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    жоғарыда көрсетілген шешімге қосымшада:

    4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

    «4-тарау. Жасыл екпелерді құру, күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі шаралар.»;

    26-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «26. Жасыл екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау өзара байланысты жұмыстардың мынадай кешендеріне бөлінеді:

    1) ағаштарды, бұталарды, көпжылдық гүлдер мен бұталы қоршауды үш жылдық күтіммен (қажет болса топырақты ауыстыру арқылы) отырғызу;

    2) бір жылдық гүлзарлар мен көгалдардың құрылысы;

    3) ағаштарды кесу, қайта отырғызу;

    4) үш жылдық күтімімен ағаштарды өтемдік отырғызу;

    5) жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету);

    6) жасыл екпелерді мониторингтеу, түгендеу.»;

    мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:

    «26-1. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету) келесіні қамтиды:

    1) ағаштардың діңгек қуысын орнатумен және оларды қопсыту және арамшөптерден тазарту;

    2) ағаш діңін ақтау;

    3) бұталы қоршауды кесу, ағаштардың діңін көтеру, өскінді алып тастау;

    4) шөп шабу, арамшөптерді жою;

    5) жасыл екпелерді қымтау (ағаштар, бұталар, көпжылдық гүлдер);

    6) бүкіл вегетациялық кезеңде жасыл екпелерді суару;

    7) ағаш тәжін тәждеу;

    8) ағаштардың тәжін қалыптастыру;

    9) қаңқа және жартылай қаңқа бөліктерін сақтай отырып, ағаш-бұта өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып жасартатын кесу;

    10) апатты, қураған ағаштар мен бұталарды санитарлық кесу, діңгектерді тамырымен жұлу;

    11) тыңайтқыштарды қолдану;

    12) жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу;

    13) қуыстарды тазалау және пломбалау, аралау орындарын өңдеу.»;

    58-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «58. Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 265 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33476 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган есептейді.».

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Астана қаласы мәслихатының төрағасы

    Е. Каналимов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.