Кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаОрталық атқарушы органдардың бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 тамыз 2024 ж.

    Кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

    1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бірлескен бұйрық 2024 жылғы 12 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі

    __________Н. Байбазаров

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы

    __________А. Султанов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Бас прокуратурасының

    Құқықтық статистика және

    арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің

    орынбасары – Ұлттық

    экономика министрі

    2024 жылғы 23 тамыздағы

    № 67 мен

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы

    министрінің міндетін атқарушы

    2024 жылғы 21 тамыздағы

    № 281 бірлескен бұйрығына

    қосымша

    Күші жойылған кейбір бірлескен бұйрықтардың тізбесі

    1. «Органикалық өнім өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1139 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 818 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12738 болып тіркелген).

    2. «Органикалық өнім өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1139 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 818 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 3 қаңтардағы № 1 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 8 қаңтардағы № 1 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18182 болып тіркелген).

    3. «Органикалық өнім өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1139 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 818 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 223 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 103 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32765 болып тіркелген).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.