«Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдер қабылдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 514 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 тамыз 2024 ж.

    «Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдер қабылдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 514 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдер қабылдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 514 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18759 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді беру қағидалары, шарттары және мерзімдерінде:

    2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына (бұдан әрі – орган) өтініш берушінің органның ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында немесе құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіште өтініш беруші берген, әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану бойынша алдын ала шешім қабылдауға өтініш (бұдан әрі – өтініш) алдын ала шешім берудің шарты болып табылады.»;

    5 және 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «5. Өтініш алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алымды төлеу туралы құжатты және осы бұйрыққа

    1-қосымшаға сәйкес әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдер қабылдануы мүмкін жағдайларда алдын ала шешімдерді беру туралы өтінішпен жүгініс жасауға негіз болатын құжатты қоса бере отырып ұсынылады.

    Өтінішке қоса берілетін құжаттарды мемлекеттік немесе орыс тіліне аудару қажет, бұл ретте аударма тілі өтініш берілген тілге сәйкес келуі тиіс.

    6. Алдын ала шешім қағаз жеткізгіште өтініш берілген кезде – өтінішті органның кеңсесінде тіркеген күннен бастап, ал органың ақпараттық жүйесі арқылы өтініш берілген кезде – электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қойылып өтініш жолданған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күн ішінде беріледі.»;

    8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. Алдын ала шешім беруден бас тартылған кезде орган өтініш берушіге бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабардар етеді.»;

    9-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «егер алдын ала шешім беру туралы өтінішпен жүгіну үшін негіз болып табылатын құжаттар берілмесе;»;

    12-тармақта:

    бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «12. Өтініш беруші алдын ала шешімді өзгерту туралы өтінішті:»;

    екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Өзгертілген алдын ала шешімнің 11-бағанында көрсетілген мәліметтердің өзгерістер енгізілетін алдын ала шешімнің 11-бағанында көрсетілген мәліметтерден айырмашылығы болады.»;

    16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «16. Алдын ала шешімдер осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселесі бойынша алдын ала шешімдер органның ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда берілген жағдайда, Алдын ала шешімдерді тіркеу журналында (бұдан әрі – Тіркеу журналы), алдын ала шешімдер қағаз жеткізгіште берілген жағдайда, қағаз жеткіштегі Тіркеу журналында тіркеледі.

    Қағаз жеткізгіштегі Тіркеу журналы нөмірленеді, тігіледі және органның мөрімен бекітіледі.»;

    көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісін қолдану бойынша алдын ала шешім қабылдауға өтініш»;

    көрсетілген Қағидаларға 2 және 3-қосымша осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    М. Такиев

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2024 жылғы 26 тамыздағы

    № 581 Бұйрыққа

    1-қосымша

    Әкелінетін тауарлардың кедендік

    құнын айқындау әдістерін қолдану

    мәселелері бойынша алдын ала

    шешімдерді беру қағидалары,

    шарттары және мерзімдеріне

    2-қосымша

    Әкелінетін тауардың кедендік құнын айқындау әдісін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешім

    1. Ал­дын ала ше­шім­нің тір­кеу нө­мі­рі
    2. Ал­дын ала ше­шім қа­был­да­ған мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ор­га­ны­ның ата­уы
    3. Ал­дын ала ше­шім­нің қол­да­ны­лу мер­зі­мі­нің аяқ­та­лу кү­ні
    4. Өті­ніш бе­ру­ші
    5. Өті­ніш бе­ру­ші­нің сұ­рау са­луын­да көр­се­ті­л­ген та­у­ар­дың ата­уы
    6. Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­ме­ті­нің та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы­на (ЕА­ЭО СЭҚ ТН) сәй­кес та­у­ар ко­ды
    7. Ке­лі­сім-шар­ттың нө­мі­рі мен кү­ні
    8. Та­у­ар­дың ке­ден­дік құ­нын ай­қын­дау әді­сі
    9. Ал­дын ала ше­шім қа­был­да­удың негіз­де­ме­сі
    10. Қыз­мет­тік бел­гі­лер үшін (оның ішін­де, өзгер­ті­л­ген ал­дын ала ше­шім­ді бе­ру ке­зін­де «өзгер­ті­л­ген» де­ген жа­з­ба жүр­гі­зі­ле­ді)
    11. Мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ор­га­ны­ның ла­у­а­зым­ды тұл­ға­сы­ның қо­лы, мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ор­га­ны­ның мө­рі

    _______________________________________________________________­_­_­__ (ла­у­а­зы­мы) (қо­лы) (те­гі, аты және әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да))

    «Әкелінетін тауардың

    кедендік құнын айқындау әдісін

    қолдану мәселелері бойынша

    алдын ала шешім» нысанына

    қосымша

    Әкелінетін тауардың кедендік құнын айқындау әдісін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімнің нысанын толтыру бойынша түсіндірме

    «Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешім» нысаны былайша толтырылады:

    1) «Алдын ала шешімнің тіркеу нөмірі» деген 1-бағанда мынадай схема бойынша қалыптастырылған алдын ала шешімнің тіркеу нөмірі көрсетіледі:

    1-элемент - алдын ала шешім қабылдаған мемлекеттік кірістер органының коды;

    2-элемент - ККААЖЖ (күні, айы, күнтізбелік жылдың соңғы 2 саны) форматында алдын ала шешімді қабылдау күні;

    3-элемент - алдын ала шешімді берген мемлекеттік кірістер органы берген алдын ала шешімнің реттік нөмірі (бір күнтізбелік жыл ішінде толассыз нөмірлеу 0001-ден басталатынын ескере отырып));

    2) «Алдын ала шешімді қабылдаған мемлекеттік кірістер органының атауы» деген 2-бағанда алдын ала шешімді қабылдаған мемлекеттік кірістер органының толық атауы көрсетіледі;

    3) «Алдын ала шешімнің қолданылу мерзімінің аяқталу күні» деген 3-бағанда ККААЖЖЖЖ (күн, ай, күнтізбелік жыл) форматында алдын ала шешімнің қолданылу мерзімінің аяқталу күні көрсетіледі;

    4) «Өтініш беруші» бағанда өтініш беруші туралы мәліметтер көрсетіледі:

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға және заңды тұлға болып табылмайтын ұйым үшін – толық атауы, оның заңды мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін (бұдан әрі – дара кәсіпкер) – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), мекенжайы (тұрғылықты жері), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН));

    Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жері бар дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), мекенжайы (тұрғылықты жері), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН));

    шетелдік ұйым үшін-толық атауы және мекенжайы (орналасқан жері));

    5) «Өтініш берушінің сұрау салуында көрсетілген тауардың атауы» деген бағанда белгілі бір марканы, модельді, артикулды және модификацияны (ол болған жағдайда) қамтитын тауардың атауы туралы мәліметтер көрсетіледі);

    6) «Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына (ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес тауар коды» деген 6-бағанда ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауардың 10 таңбалы сыныптамалық коды көрсетіледі;

    7) «Келісім-шарттың нөмірі мен күні» деген 7-бағанда келісім-шарттың нөмірі мен күні, сондай-ақ келісім-шартқа қосымша келісімдердің күні мен нөмірі көрсетіледі;

    8) «Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісі» деген 8-бағанда әкелінетін тауардың кедендік құнын айқындау әдісі көрсетіледі;

    9) «Алдын ала шешімді қабылдау негіздемесі» деген 9-бағанда Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің баптары, сондай-ақ олардың негізінде қабылданған алдын ала шешімді растайтын құжаттар көрсетіледі;

    10) «Қызметтік белгілер үшін» деген 10-бағанда оған қатысты алдын ала шешім қабылданған тауарды кедендік декларациялау кезінде мемлекеттік кірістер органы назарға алуға тиіс кедендік мақсаттар үшін (қажет болған жағдайда) қосымша ақпарат көрсетіледі.

    Өзгертілген алдын ала шешім берілген кезде «өзгертілген» деген жазба жүргізіледі.

    11) «Мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының қолы, мемлекеттік кірістер органының мөрі» деген 11-бағанда мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды адамының лауазымы, тегі және аты-жөні көрсетіледі.

    Алдын ала шешім нысанында көрсетілген мәліметтер органның уәкілетті лауазымды адамының қолы деген бағанға, осындай алдын ала шешімді қабылдаған орган мөрінің бедерін қою жолымен куәландырылады.

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2024 жылғы 26 тамыздағы

    № 581 Бұйрыққа

    2-қосымша

    Әкелінетін тауарлардың

    кедендік құнын айқындау

    әдістерін қолдану мәселелері

    бойынша алдын ала

    шешімдерді беру қағидалары,

    шарттары және мерзімдеріне

    3-қосымша

    Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді тіркеу журналы

    р/с №
    Кі­ріс хат-ха­бар­дың №
    Өті­ніш бе­ру­ші­нің биз­нес/же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
    Өті­ніш бе­ру­ші­нің ме­кен­жайы
    Та­у­ар­дың ата­уы
    Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­ме­ті­нің та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы­на сәй­кес та­у­ар ко­ды
    Ал­дын ала ше­шім­нің тір­кеу нө­мі­рі
    Әке­лі­не­тін та­у­ар­лар­дың ке­ден­дік құ­нын ай­қын­дау әді­сі
    Шы­ғыс хат-ха­бар­дың №
    Тө­лем со­ма­сы
    Чек­тің, тө­лем тап­сыр­ма­сы­ның, кви­тан­ци­я­ның нө­мі­рі, кү­ні
    Орын­да­у­шы­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да) және қо­лы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.