Шектеу іс-шараларын алып тастау және Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 10 шілдедегі № 35 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясының 2024 жылғы 21 тамыздағы №08-02-07/408 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
1. Бруцеллез ауруы пайда болған жеке мал қора ошағында ауыл шаруашылығы жануарларын сауықтыру жұмыстары жүргізілуіне байланысты Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округі, Бағыс елді мекені Егемендік көшесі №13 үйде тұратын Буленов Оразбайдың жеке мал қорасынан шектеу іс-шаралары алып тасталсын.
2. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 10 шілдедегі № 35 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
С.Спатаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.