«Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаЖарлық
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 тамыз 2024 ж.

    Қазақстан Республикасының

    Президенті мен Үкіметі актілерінің

    жинағында жариялануға тиіс

    «Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

    1. «Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі туралы ережеде:

    15-тармақта:

    1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды және пайдалануды жүзеге асыру;»;

    18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «18) Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерінің, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдардың және кәсіби бухгалтерлердің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асыру;»;

    мынадай мазмұндағы 35-1) және 35-2) тармақшалармен толықтырылсын:

    «35-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Агенттіктің қарамағындағы ұйымдар акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыру;

    35-2) қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударылуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту;»;

    Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

    «Халықаралық экономика және қаржы академиясы» деген сөздер «AML ACADEMY» қаржылық мониторинг академиясы» деген сөздермен ауыстырылсын.

    2. Осы Жарлық 2024 жылғы 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 1-тармағының бесінші және оныншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Президенті

    Қ. Тоқаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.