Қарақия аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 13/106 «Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35-жылдығына Қарақия ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27- бабына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35-жылдығына Қарақия ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы» Қарақия аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 13/106 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4688-12 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарақия аудандық мәслихатының төрағасы
Ж. Қалаубай
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.