Шектеу іс - шараларын тоқтату және Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарышаған кенті әкімінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 1 «Ақтоғай ауданы Сарышаған кентінің Қаражыңғыл станциясы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының Занының 27-бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтоғай ауданы Сарышаған кентінің Қаражыңғыл станциясының аумағында ірі қара мал арасында құтыру ауруын жою жөніндегі ветеринариялық-санитариялық шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарышаған кенті әкімінің «Ақтоғай ауданы Сарышаған кентінің Қаражыңғыл станциясы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» 2015 жылғы 25 ақпандағы № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2998 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сарышаған кентінің әкімі
А. Тоимбеков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.