Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

    ЖаңаОрталық атқарушы органдардың бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 мамыр 2026 ж.

    Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 5-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

    1. Мыналар:

    1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

    2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы тексеру парағы бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі

    __________Н. Байбазаров

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы

    __________А. Сарбасов

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасы

    Бас прокуратурасының

    Құқықтық статистика және

    арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің

    орынбасары – Ұлттық

    экономика министрі

    2024 жылғы 23 тамыздағы

    № 68 мен

    2024 жылғы 20 тамыздағы

    № 322

    бірлескен бұйрығына

    1-қосымша

    Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 5-тармағына және 143-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының үшінші абзацына және 258-бабы 3-тармағының екінші абзацына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 91-бабының 4-тармағына және 92-бабының 1-тармағына, «Тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес әзірленді.

    2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылды:

    1) әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы тәуекел (бұдан әрі – тәуекел) – «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) филиалдарының тексеру субъектісінің қызметі нәтижесінде әлеуметтік төлемге жүгінген адамдардың заңды мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;

    2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

    3) бақылау субъектілері – Қордың әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын филиалдары;

    4) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;

    5) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;

    6) елеулі бұзушылықтар – әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды:

    әлеуметтік төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту), қайта бастау, тоқтата тұру және тоқтату үшін қосымша құжаттар ұсыну қажеттігі туралы өтініш берушіні хабардар ету мерзімдерін;

    әлеуметтік төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту), қайта қарау туралы сот шешімін орындау тәртібін;

    әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау тәртібін бұзу;

    7) өрескел бұзушылық – әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды:

    әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе бас тарту заңдылығын бұзу;

    8) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

    9) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

    10) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

    11) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерулерді кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеруден босату процесі;

    12) тексеру парағы – әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерін сақтауға қойылатын талаптардың тізбесі.

    2-тарау. Бақылау субъектілерін (объектілерін) профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі

    3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау субъектілеріне (объектілеріне) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау (шешімдерді мультиөлшемшартты талдау) арқылы қалыптастырылады.

    4. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелі сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптар өрескел, елеулі бұзушылық дәрежелеріне сәйкес келеді.

    Бұзушылық дәрежесі (өрескел, елеулі) субъективті өлшемшарттар бойынша өрескел, елеулі бұзушылықтардың белгіленген анықтамаларына сәйкес беріледі.

    1-параграф. Объективті өлшемшарттар

    5. Объективті өлшемшарттарды айқындау тәуекелді айқындау жолымен жүзеге асырылады.

    6. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қызметтерін ұсынатын Қордың филиалдары жатады.

    2-параграф. Субъективті өлшемшарттар

    7. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

    1) дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау;

    2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.

    8. Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

    1) бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;

    2) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) барудың алдыңғы тексерулер мен профилактикалық бақылау нәтижелері;

    3) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері.

    9. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері талдауға және бағалауға жататын субъективті өлшемшарттар бойынша деректерді қалыптастырады.

    1) Талдау және бағалау кезінде бақылаудың нақты субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.

    2) Жүргізілген профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты кезекті мемлекеттік бақылау кезеңіне тізімдерді қалыптастыру кезінде оларды енгізуге жол берілмейді.

    10. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын және осы Өлшемшарттардың 3-тарауы нда айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес субъективті өлшемшарттар көрсеткішінің маңыздылығын негізге ала отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.

    Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісіне (объектісіне) мыналар жатады:

    1) жоғары тәуекел дәрежесіне – 71-ден 100 балға дейін қоса алғанда, тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде.

    2) Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығы және субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің маңыздылығы осы Өлшемшарттарға 2-қосымшаға сәйкес нысанда субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесіне сәйкес, мемлекеттік бақылаудың тиісті саласының ерекшелігі ескеріле отырып, реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында белгіленеді.

    3) Субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің маңыздылығы бойынша үлес салмағы мемлекеттік бақылаудың әрбір саласындағы бақылау субъектілерінің (объектілерінің) әрбір біртекті тобы үшін тәуекелді бағалаудағы көрсеткіштің маңыздылығына байланысты айқындалады. Субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің жол берілетін мәндері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен регламенттеледі.

    3-параграф. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ерекшелік пен құпиялылықты ескере отырып, ақпараттық жүйелерді пайдаланатын мемлекеттік органдарға арналған тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру ерекшеліктері

    11. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу тізімдерін қалыптастыратын ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.

    3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін есептеу тәртібі

    12. Осы Өлшемшарттардың 3, 4-тармақтарына сәйкес бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесі көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

    Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін, бақылау субъектілеріне (объектілеріне) (SP) бару арқылы алдыңғы тексерулер мен профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша және осы Өлшемшарттарыдың 10-тармағына (SC) сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қорытындылау 71-ден 100 балға дейінгі диапазонда берілген мәндерді кейін қалыпқа келтіру жолымен автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.

    Rарал = SP + SC, мұндағы

    Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,

    SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,

    SC – осы Өлшемшарттардың 10-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.

    Есептеу мемлекеттік бақылаудың әрбір саласындағы бақылаудың әрбір субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте бағаланатын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.

    13. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы алдыңғы тексерулер мен профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 71-ден 100-ге дейінгі балмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.

    Осы Өлшемшарттардың 8-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 100 балл теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізіледі.

    Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.

    Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады.

    Аталған көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

    SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7, мұндағы:

    SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

    SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

    SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.

    Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады.

    Аталған көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

    SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3, мұндағы:

    SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

    SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

    SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.

    Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (SР) 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

    SР = SРз + SРн, мұндағы:

    SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;

    SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

    SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

    Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

    14. Осы Өлшемшарттардың 10-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

    xi – субъективті өлшемшарт көрсеткіші,

    wi – субъективті өлшем көрсеткішінің үлес салмағы xi

    n – көрсеткіштер саны.

    Осы Өлшемшарттардың 10-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

    15. R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады:

    R – бақылау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),

    Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкіл бойынша ең жоғары ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),

    Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкіл бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы),

    Rарал – осы Өлшемшарттардың 12-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.

    4-тарау. Тексеру парақтары

    16. Тексеру парағы бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін жасалады және Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес талаптарды қамтиды және Кодекстің 143-бабының 2-тармағында айқындалған шарттарды сақтай отырып жүргізіледі.

    17. Тексеру парақтары осы Бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.

    Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына

    1-қосымша

    Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі

    Өл­шем­шар­ттар­дың ата­уы
    Бұ­зу­шы­лық­тар дә­ре­же­сі
    Әле­умет­тік қам­сыздан­ды­ру, оның ішін­де әле­умет­тік тө­лем­дер­дің уақ­ты­лы және дұ­рыс та­ғай­ын­да­луы, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның алушы­ға әле­умет­тік тө­лем­дер­ді уақ­ты­лы және то­лық ауда­руы бө­лі­гін­де мін­дет­ті әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру
    1
    Жүк­ті­лік­ке және боса­ну­ға бай­ла­ны­сты кі­рі­сі­нен ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді та­ғай­ын­дау және жү­зе­ге асы­ру – жүк­ті­лік және боса­ну бой­ын­ша ең­бек­ке уа­қыт­ша жа­рам­сыздық ту­ра­лы па­рақ­та көр­се­ті­л­ген де­ма­лыс кү­ні­нен ба­стап
    Өрес­кел
    2
    Жа­ңа ту­ған ба­ла­ны (ба­ла­лар­ды) асы­рап алу­ға бай­ла­ны­сты кі­рі­сі­нен ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді та­ғай­ын­дау және жү­зе­ге асы­ру – ба­ла­ны (ба­ла­лар­ды) асы­рап ал­ған жұ­мыс­кер­лер­ге ең­бек­ке уа­қыт­ша жа­рам­сыздық ту­ра­лы па­рақ­та көр­се­ті­л­ген де­ма­лыс кү­ні­нен ба­стап
    Өрес­кел
    3
    Ба­ла бір жа­рым жас­қа толған­ға дей­ін оның кү­ті­міне бай­ла­ны­сты кі­рі­сі­нен ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді та­ғай­ын­дау және жү­зе­ге асы­ру
    Өрес­кел
    4
    Ба­ла (ба­ла­лар) бір жа­рым жас­қа толған кез­де оның кү­ті­міне бай­ла­ны­сты бе­рі­ле­тін әле­умет­тік тө­лем­дер­ді тоқ­та­та тұ­ру, қай­та ба­стау және тоқ­та­ту
    Еле­улі
    5
    Жұ­мысы­нан ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер та­ғай­ын­дау және жү­зе­ге асы­ру
    Өрес­кел
    6
    Жұ­мысы­нан ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді тоқ­та­та тұ­ру, қай­та ба­стау және тоқ­та­ту
    Еле­улі
    7
    Ең­бек­ке қа­бі­лет­ті­лік­тен ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді та­ғай­ын­дау және жү­зе­ге асы­ру
    Өрес­кел
    8
    Ең­бек­ке қа­бі­лет­ті­лік­тен ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді тоқ­та­та тұ­ру, қай­та ба­стау және тоқ­та­ту
    Еле­улі
    9
    Асы­ра­у­шы­сы­нан ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді та­ғай­ын­дау және жү­зе­ге асы­ру 
    Өрес­кел
    10
    Асы­ра­у­шы­сы­нан ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді тоқ­та­та тұ­ру, қай­та ба­стау және тоқ­та­ту
    Еле­улі
    11
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның «Ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған Де­рекқор» ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған ақ­па­рат­тық жүй­е­да зей­не­та­қы­лар мен жәр­де­ма­қы­лар тө­леу жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­да­ғы банк­тік шот­тар­ға есеп­ке жат­қы­зу жо­лы­мен алушы­ға зей­не­та­қы, жәр­де­ма­қы­лар мен әле­умет­тік тө­лем­дер­ді уақ­ты­лы және то­лық ауда­руын сақ­тау
    Өрес­кел
    12
    «Ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған Де­рекқор» ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған ақ­па­рат­тық жүй­е­да­ғы зей­не­та­қы, жәр­де­ма­қы­лар мен әле­умет­тік тө­лем­дер­ді алушы­лар бой­ын­ша бір­дей мә­лі­мет­тер­дің Е-ма­кет ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған ақ­па­рат­тық жүй­е­де сәй­кес ке­луі
    Өрес­кел

    Әлеуметтік қамсыздандыру,

    оның ішінде әлеуметтік

    төлемдердің уақтылы

    және дұрыс тағайындалуы,

    Мемлекеттік корпорацияның

    алушыға әлеуметтік төлемдерді

    уақтылы және толық аударуы

    бөлігінде міндетті әлеуметтік

    сақтандыру саласындағы

    тәуекел дәрежесін бағалау

    өлшемшарттарға

    2-қосымша

    Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті өлшемшарттар тізбесі

    Р/с№
    Субъ­ек­тив­ті өл­шем­шар­ттар көр­сет­кі­ші
    Субъ­ек­тив­ті өл­шем­шар­ттар көр­сет­кі­ші бой­ын­ша ақ­па­рат де­реккө­зі
    Ма­ңы­зды­лы­ғы бой­ын­ша үлес сал­ма­ғы, балл (со­ма­да 100 бал­дан ас­па­у­ға ти­іс), wi
    Шар­ттар/мән­дер, xi
    1-шарт/мән
    2-шарт/мән
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    Қор фи­ли­ал­да­ры­мен қа­рым-қа­ты­на­стар­да­ғы тәу­е­кел дә­ре­же­сін ай­қын­да­удың субъ­ек­тив­ті өл­шем­шар­тта­ры­ның тіз­бе­сі
    Ба­ру ар­қы­лы про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау үшін
    1
    Жүк­ті­лік­ке және боса­ну­ға бай­ла­ны­сты кі­рі­сі­нен ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді та­ғай­ын­дау және жү­зе­ге асы­ру – жүк­ті­лік және боса­ну бой­ын­ша ең­бек­ке уа­қыт­ша жа­рам­сыздық ту­ра­лы па­рақ­та көр­се­ті­л­ген де­ма­лыс кү­ні­нен ба­стап
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­ті­лік және мә­лі­мет­тер­ді мо­ни­то­ринг­теу нәти­же­ле­рі/Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­рі
    90
    Уақ­ты­лы та­ғай­ын­дау / 0%
    Уа­қы­ты­мен та­ғай­ын­да­мау /100%
    2
    Жа­ңа ту­ған ба­ла­ны (ба­ла­лар­ды) асы­рап алу­ға бай­ла­ны­сты кі­рі­сі­нен ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді та­ғай­ын­дау және жү­зе­ге асы­ру – жа­ңа ту­ған ба­ла­ны (ба­ла­лар­ды) асы­рап ал­ған қыз­мет­кер­лер­ге ең­бек­ке уа­қыт­ша жа­рам­сыздық ту­ра­лы па­рақ­та көр­се­ті­л­ген де­ма­лыс кү­ні­нен ба­стап
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­ті­лік және мә­лі­мет­тер­ді мо­ни­то­ринг­теу нәти­же­ле­рі/Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­рі
    80
    Уақ­ты­лы та­ғай­ын­дау / 0%
    Уа­қы­ты­мен та­ғай­ын­да­мау /100%
    3
    Ба­ла бір жа­рым жас­қа толған­ға дей­ін оның кү­ті­міне бай­ла­ны­сты кі­рі­сі­нен ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді та­ғай­ын­дау және жү­зе­ге асы­ру
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­ті­лік және мә­лі­мет­тер­ді мо­ни­то­ринг­теу нәти­же­ле­рі /Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­рі
    90
    Уақ­ты­лы та­ғай­ын­дау / 0%
    Уа­қы­ты­мен та­ғай­ын­да­мау /100%
    4
    Ба­ла (ба­ла­лар) бір жа­рым жас­қа толған кез­де оның кү­ті­міне бай­ла­ны­сты бе­рі­ле­тін әле­умет­тік тө­лем­дер­ді тоқ­та­та тұ­ру, қай­та ба­стау және тоқ­та­ту
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­ті­лік және мә­лі­мет­тер­ді мо­ни­то­ринг­теу нәти­же­ле­рі /Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­рі
    80
    Уақ­ты­лы та­ғай­ын­дау / 0%
    Уа­қы­ты­мен та­ғай­ын­да­мау /100%
    5
    Жұ­мысы­нан ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді та­ғай­ын­дау және жү­зе­ге асы­ру
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­ті­лік және мә­лі­мет­тер­ді мо­ни­то­ринг­теу нәти­же­ле­рі /Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­рі
    90
    Уақ­ты­лы та­ғай­ын­дау / 0%
    Уа­қы­ты­мен та­ғай­ын­да­мау /100%
    6
    Жұ­мысы­нан ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді тоқ­та­та тұ­ру, қай­та ба­стау және тоқ­та­ту
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­ті­лік және мә­лі­мет­тер­ді мо­ни­то­ринг­теу нәти­же­ле­рі /Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­рі
    80
    Уақ­ты­лы та­ғай­ын­дау / 0%
    Уа­қы­ты­мен та­ғай­ын­да­мау /100%
    7
    Ең­бек­ке қа­бі­лет­ті­лік­тен ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді та­ғай­ын­дау және жү­зе­ге асы­ру
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­ті­лік және мә­лі­мет­тер­ді мо­ни­то­ринг­теу нәти­же­ле­рі /Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­рі
    90
    Уақ­ты­лы та­ғай­ын­дау/ 0%
    Уа­қы­ты­мен та­ғай­ын­да­мау /100%
    8
    Ең­бек­ке қа­бі­лет­ті­лік­тен ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді тоқ­та­та тұ­ру, қай­та ба­стау және тоқ­та­ту
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­ті­лік және мә­лі­мет­тер­ді мо­ни­то­ринг­теу нәти­же­ле­рі/Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­рі
    80
    Уақ­ты­лы та­ғай­ын­дау / 0%
    Уа­қы­ты­мен та­ғай­ын­да­мау /100%
    9
    Асы­ра­у­шы­сы­нан ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді та­ғай­ын­дау және жү­зе­ге асы­ру
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­ті­лік және мә­лі­мет­тер­ді мо­ни­то­ринг­теу нәти­же­ле­рі/Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­рі
    80
    Уақ­ты­лы та­ғай­ын­дау / 0%
    Уа­қы­ты­мен та­ғай­ын­да­мау /100%
    10
    Асы­ра­у­шы­сы­нан ай­ы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша әле­умет­тік тө­лем­дер­ді тоқ­та­та тұ­ру, қай­та ба­стау және тоқ­та­ту
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­ті­лік және мә­лі­мет­тер­ді мо­ни­то­ринг­теу нәти­же­ле­рі/Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­рі
    80
    Уақ­ты­лы та­ғай­ын­дау / 0%
    Уа­қы­ты­мен та­ғай­ын­да­мау /100%
    11
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның «Ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған Де­рекқор» ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған ақ­па­рат­тық жүй­е­де зей­не­та­қы­лар мен жәр­де­ма­қы­лар тө­леу жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­да­ғы банк­тік шот­тар­ға есеп­ке жат­қы­зу жо­лы­мен алушы­ға зей­не­та­қы, жәр­де­ма­қы­лар мен әле­умет­тік тө­лем­дер­ді уақ­ты­лы және то­лық ауда­руын сақ­тау
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­ті­лік және мә­лі­мет­тер­ді мо­ни­то­ринг­теу нәти­же­ле­рі/Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­рі
    80
    Уақ­ты­лы тө­леу / 0%
    Уа­қы­ты­мен тө­ле­меу/100%
    12
    «Ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған Де­рекқор» ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған ақ­па­рат­тық жүй­е­де­гі зей­не­та­қы, жәр­де­ма­қы­лар мен әле­умет­тік тө­лем­дер­ді алушы­лар бой­ын­ша бір­дей мә­лі­мет­тер­дің «Е-ма­кет» ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған ақ­па­рат­тық жүй­е­сіне сәй­кес ке­луі
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­ті­лік және мә­лі­мет­тер­ді мо­ни­то­ринг­теу нәти­же­ле­рі/Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­рі
    80
    Уақ­ты­лы тө­леу / 0%
    Уа­қы­ты­мен тө­ле­меу/100%

    бірлескен бұйрығына

    2-қосымша

    Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы тексеру парағы

    Субъектіге (объектіге) бару арқылы тексеруді/ профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган

    __________________________________________________________________

    Субъектіге (объектіге) бару арқылы тексеруді/ профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт _____

    ___________________________________________________________ №, күні

    Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _____________________________

    Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес сәйкестендіру нөмірі __________

    __________________________________________________________________

    Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________

    Талаптардың тізбесі
    Талаптарға сәйкес келеді
    Талаптарға сәйкес келмейді
    1
    Жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру – жүктілік және босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақта көрсетілген демалыс күнінен бастап
    2
    Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру – жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақта көрсетілген демалыс күнінен бастап
    3
    Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру
    4
    Бала (балалар) бір жарым жасқа толған кезде оның күтіміне байланысты берілетін әлеуметтік төлемдерді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
    5
    Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау және жүзеге асыру
    6
    Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
    7
    Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру
    8
    Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
    9
    Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру 
    10
    Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
    11
    Мемлекеттік корпорацияның «Орталықтандырылған Дерекқор» автоматтандырылған ақпараттық жүйеда зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу жөніндегі уәкілетті органдағы банктік шоттарға есепке жатқызу жолымен алушыға зейнетақы, жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуын сақтау
    12
    «Орталықтандырылған Дерекқор» автоматтандырылған ақпараттық жүйедағы зейнетақы, жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алушылар бойынша бірдей мәліметтердің «Е-макет» автоматтандырылған ақпараттық жүйемен сәйкес келуі

    Лауазымды адам (адамдар) ________________________________________ (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    ______________________________________________________________ (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Тексерілетін субъектінің басшысы ___________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы) (қолы)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.