Шахтинск қаласында жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 қазан 2024 ж.

    Шахтинск қаласында жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1-тармағына, 69-бабының 4-тармағына сәйкес Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «SilkNetCom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау және төсеу мақсатында Шахтинск қаласының аумағында, Долинка кенті мекенжайында орналасқан ауданы 0,3493 га жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін.

    2. «Шахтинск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б. Мақшай) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Н.А.Мажитовке жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Шахтинск қаласының әкімі

    М. Кыдырганбеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.