Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 22 тамыз 2024 ж.
Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 304 «Сарыағаш ауданының Сарыағаш қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифін белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 304 «Сарыағаш ауданының Сарыағаш қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4691 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысы,Сарыағаш ауданының әкімі
А. Абдуллаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.