«Алтынсарин ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы» ММ мерзімі 5 жылға шектеулі мақсатты (қоғамдық сервитут) жер пайдалану құқығын беру туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 ақпан 2024 ж.

    «Алтынсарин ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы» ММ мерзімі 5 жылға шектеулі мақсатты (қоғамдық сервитут) жер пайдалану құқығын беру туралы

    Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 43, 67, 69,75, баптарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1) тармағының 6) тармақшасына сәйкес, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының акционерлік қоғамының Қостанай облыстық филиалының жер учаскесіне келісілуі негізінде Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Алтынсарин ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы мемлекеттік мекемесіне, Алтынсарин ауданы аумағындағы «Екатеринбург – Алматы» тас жолының 601-605 шақырымында, антенна-мачталық имараттың құрылысы үшін, жалпы аланы 0,04 гектар, антенна-мачталық имаратқа электрмен қамту желісінің құрылысы үшін, жалпы аланы 1,6 гектар жер учаскесін, «Екатеринбург – Алматы» тас жолының 628-632 шақырымында, антенна-мачталық имараттың құрылысы үшін, жалпы аланы 0,04 гектар, антенна-мачталық имаратқа электрмен қамту желісінің құрылысы үшін, жалпы аланы 1,6 гектар жер учаскесін, мерзімі 5 жылға шектеулі мақсатты (қоғамдық сервитут) пайдалану құқығы берілсін.

    2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    А. Сартов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.